Сабақ түрі: қайталау сабағы. Сабақтың барысы: I ұйымдастыру кезеңі: Сыныппен амандасу, кезекшіден сыныпты түгелдеу



Дата23.08.2017
өлшемі65,9 Kb.
#25134
түріСабақ
Күні: 22.09.2012 ж

Сынып:9 «б»

Тақырыбы: Қазақ тілі менің тілім.

Мақсаты: 1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге,


қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру,
тіл байлығын арттыруға ықпал ету
2.Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып,
ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау,
ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
3. Тәрбиелік: Патриоттық  сезімін оятып, қазақ
тілін тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілік: слайд

Сабақ түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сыныппен амандасу, кезекшіден сыныпты түгелдеу,

I I Үй тапсырмасын тексеру: үйге берілген шығарманы тексеру

I I I Жаңа сабақ:

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қазақ тілі менің тілім» қайталау сабағы өткен сабақтардан алған білімдерімізді қорытындылаймыз мақсатымыз: қазақ тілінің мәртебесін көтере отырып сауатты сөйлеуге дамыту ,қазақ тілін тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабағымыздың алғашқы кезеңі «Ой қозғау» деп аталынады. Тіл туралы және қазақ тілі туралы не білеміз.Тіл туралы өз ойларыңды айтамыз. .....................................

Жарайсыңдар ендігі кезеңіміз «Дөңгелек үстел» деп аталынады, жаңағы өздерің айтқан қазақ тілі жайлы сөздерді қағаз бетіне жазамыз.Әр оқушы бір бір сөзден жазып бір мәтін құрастырамыз.Сол мәтіннен жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді табамыз.Еске түірейік жай сөйлем дегеніміз не құрмалас сөйлем дегеніміз не екен.

Келесі кезеңіміз «Білім биржасы » деп аталынады .Бұл кезеңде мына конвертте сұрақтар берілген сол сұрақтарға жауап бере отырып тапсырмаларды орындаймыз.(тақтамен жұмыс)

1 . П.М.Мелиоранский қазақ тілі туралы не деді? – қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады.Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері.Қазақтардың халық әдебиеті аса әрі бай әрі жан-жақты. Жай сөйлемге мысал келтір.
2. Қазақ тілін қалай дамытамыз .- таза сөйлеу,қадірлеу Жай сөйлемнің түрлері.(бұйрықты,сұраулы,лепті,хабарлы) мысал келтір
3. Араб жазуымен жазылған тұңғыш қандай кітаптарды білесің? «құдатғу білік»

Асқар ертең астанаға жүреді сөйлем мүшелеріне талда


4 .Орыс алфавиті негізінде Қазақ әріптерін жасау қай жылы қолға алынды және кімдер белсене қатысты? 1939 ж Кеңесбаев,Балақаев,Мұсабаев,Аманжолов,Сауранбаев.

Тіл сөзін септе.

А.с тіл

І.с тілдің

Б.с тілге

Т,с тілде

Ж.с тіл

Ш.с тілден

К.с тілімен

5 . «Түрік тілдерінің сөздігі » нешінші жылы шықты? 1072-1074 ж. қазақ тіліне тән дыбыстар. Ұ,қ,ү,ө,һ,ғ,ң,і,ә.


6 . Араб алфавиті Қазақстанда нешінші жылға дейін қолданылды?1929 ж. Қазақ тіліндегі буын түрлері тіл сөзі қандай буын? Ашық,Тұйық, «Бітеу» .
7 . Латын алфавиті Қазақстанда нешінші жылдан бастап кеңінен қолданылды?1928-1929 ж Сурет сөзін тәуелде

Менің суретім

Сенің суретің

Сіздің суретіңіз

Оның суреті.
8 . «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» деп кім айтқан ? Ш.Айтматов. Мұғалім сөзін жікте.

Мен мұғаліммін

Сен мұғалімсің

Сіз мұғалімсіз

Ол мұғалім

Келесі кезеңде тіл жайында мәлімет алайық,және ақын жазушылардың тіл жайында айтқан сөздерін талдаймыз

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 алды. 22 қыркүйек тілдер мерекесі.Тіл туралы заң 1997 жылы шілде де Алматы қаласында қабылданды.Осы заңның 1 тарауының 4 бабында «Қ.Р мемлекеттік тілі қазақ тілі»делінген.Ол 6 тараудан, 27 баптан тұрады.


  • Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

М.Әуезов

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар жайлы не білеміз?



  • 1. В.В.Радлов 1837-1918 ж белгілі түрколог,шығысты зерттеуші ғалым

  • 2. В.В.Бартольд 1869-1930 ж академик,шығыстану ғылымының өкілі,тарихшы.

  • 3. Н.Т.Сауранбаев 1910-1958 ж қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі ,түрколог,филология ғылымының докторы,профессор

  • 4. Ғ.Айдаров 1921 ж ғалым филология ғылымының докторы.

IV Енді сабағымызды бекіту үшін сараптама жұмысын жүргізейік.

  • Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

А)1991

В) 1989

Г) 1996


Д) 1992

  • Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

А)араб

В)парсы


Г)түркі

Д) латын


  • Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қашан?

А) 18 қазан

В) 30 тамыз



Г) 22 қыркүйек

Д) 16 желтоқсан



  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

А)екі не бірнеше жай сөйлемнен құралады,күрделі ойды білдіреді.

В)біреуді назарын өзіне аудару үшін қолданылады

Г)қуанышты,ренішті,аяушылықты білдіреді

Д)біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы



  • 250-ден астам ғылыми еңбек жазған ғалым.

А) Ғ.Айдаров

В) Н.Т.Сауранбаев

Г) В.В Радлов

Д) В.В.Бартольд

V Осы апта бізде қазақ тіл апталығы екені барлығымыз білеміз мемлекеттік тіл менің тілім атты шығарма жазуға берілген еді сол шығармалардың ішінен ең ең деген шығарманы сіздердің алдарыңызға ұсынғым кеп отыр.осы шығарманы оқи отырып балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

Қазақ тілі Қ.Р мемлекеттік тілі болып саналады.Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай келбетті тілідердің бірі.

Тіл байлығы әрбір ұлттың мақтанышы.Бүгінде кей адамдардың қазақ тілін білмеуі,білсе де сөйлемеуі қазақ тілін жақсартып биік белестерге көтерілмеуіміздің қатерлі дерті.Адам ата - ананы қалай қадірлеу керек болса өз ана тілімізді солай қадірлеп қастерлеуді , аялауды қолға алайық.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде деп Н.Назарбаев ағамыз айтқандай үйге осы тақырып бойынша шығарма жазып келеміз.

Бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды Қазақ тілі өз тілім дей отырып сіздерге сау болыңыздар демекпін.

№ 1

1 . П.М.Мелиоранский қазақ тілі туралы не деді?



2. Жай сөйлемге мысал келтір.

№2
1. Қазақ тілін қалай дамытамыз?

2. Жай сөйлемнің түрлері.мысал келтір

№3
1. Араб жазуымен жазылған тұңғыш қандай кітаптарды білесің?

2. Асқар ертең астанаға жүреді сөйлем мүшелеріне талда.

№4
1 .Орыс алфавиті негізінде Қазақ әріптерін жасау қай жылы қолға алынды және кімдер белсене қатысты?

2. Тіл сөзін септе

№5

1 . «Түрік тілдерінің сөздігі » нешінші жылы шықты?



2. Қазақ тіліне тән дыбыстар

№6
1. Араб алфавиті Қазақстанда нешінші жылға дейін қолданылды?

2. Қазақ тіліндегі буын түрлері .тіл сөзі қандай буын?

№7
1. Латын алфавиті Қазақстанда нешінші жылдан бастап кеңінен қолданылды?

2. Сурет сөзін тәуелде

№8
1 . «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» деп кім айтқан ?

2. Мұғалім сөзін жікте.

Лозовое мектеп – бақшасы.




Ашық сабақ


Өткізген : Молдрахметова Қарлығаш

Қасымқызы.

2012 ж 22 қыркүйек.
Каталог: uploads -> doc -> 100d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
100d -> Сабақтың тақырыбы: ms excel кестелік процессорында деректер базасымен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет