Сабақ түрі: қорытынды сабақ



Дата08.06.2018
өлшемі1,43 Mb.
#41892
түріСабақ
Серикбаева Айнур Жуматаевна

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,

Шалқар негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мухтар Мағауин «Бір атаның балалары»



Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6

Сабақ түрі: қорытынды сабақ

Мақсаты: оқушылар топтық жұмыс арқылы сыни ойлауға үйренеді. Диалог арқылы сөйлеу мәдениеттерін жетілдіреді.

Нәтиже:

- Топтық жұмысты үйренеді.

- Диолог арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.

- Өзін-өзі бағалау арқылы білім дәрежесін сұрыптап үйренеді.



Барысы

Ұйымдастыру: амандасу, түгендеу, құралдарын тексеру.

Психологиялық дайындық: Адамның аттарынан басталатын әріптермен сын есім айту.

Миға шабуыл: - Балалар, мамыр айында біз қандай мерекені тойлайық деп отырмыз?



  • Ұлы жеңіс бізге оңайлықпен келмегені белгілі. Сол соғыс жылдарының қиындықтарын сипаттайтын қандай шығармамен таныстық?

  • Бүгін бізгі сабағымызда М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасының желісімен жұмыс істейміз.

Топқа бөлу: Түрлі суреттер арқылы топқа бөлу.

- Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударайықшы. Бүгінгі сабақты бағалау мына критерийлер бойынша жүзеге асырылады.

«5» - жауап толық, нақты болған жағдайда қойылады.

«4» - жауап толық, алайда аздап көмекті қажет ететін жағдайда қойылады.

«3» - жауап толық емес, толықтыруларды қажет ететін жағдайда қойылады.

«2» - берілген жауапта сенімсіздік көп болып, достарынан көмек берілген жағдайда қойылады.

Бағалау парағын тақтаға ілу.

Үй тапсырмасын тексеру. «Сиқырлы сұрақтар» стратегиясы бойынша әр топ өздері даярлап әкелген сұрақтарды ортаға салып, қарсы топқа 5 сұрақтан даярлайды.

Сабақты бекіту:

1. Топтық жұмыс. Постер қорғау 10 минут



  1. топ. Зигфрид - Балалар Республикасының тең құқылы азаматы.

  2. топ. Ахмет пен Дәуренбек арасындағы түсінбеушілік.

2. Шығарманың кейіпкерлеріне талдау жұмыстары. 10 минут

Тапсырмалар

Зигфрид

Ахмет

Дауренбек

Портрет

Көк көзді, жалбыраған ұзын сары шашты сары бала. Кірпігі мен қасы да сары.

Ширатылған ұзын бозғылт мұрт, шоқша сақалды, өні жел мен күнге тотыққан ақ сұр шал.

Қара галифе шалбарлы, әскери гимнастеркалы жігіт. Келбеті қатал, яғни немістерге деген өшпенділігі артқан.

Мінез-құлқы

Жайдарлы, жомарт, ұғымтал, кекшілдігі жоқ, ақылды

Ашушан, молданы үйінен қуып шығады, балажан, бауырмал, алған бетінен қайтпайды, ақыл-парасат иесі.

Жауға деген өшпенділігі мол, тез ашуланады, қырсық, қызуқанды.

Әртүрлі әрекеттері

Барлық жағдайға тез бейімделгіш, ешкімді алаламайды, еңбекқор

Бауырына басқан баласы үшін басқа ауылға көшіп кетеді. Зекенді өз баласындай жақсы көреді. Тез ашуланады, алайда ашуын ақылына жеңдіре алады.

Өз қателігін мойындап, Ахметтен кешірім сұрайды. Ахмет қарияға қатты сөздер айтады. Неміс пен фашисті ажырата алмайды.

Кейіпкердің ұстанымы

«Бәріміз бір атаның баласымыз»

«Сыртқы түр перде. Ішін айт, пиғылын айт»

«Жауды аяған жаралы»

2-топ. Бас кейіпкерді анықта

Зигфрид Вольфганг Вангерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс-әрекеттерді саралау.



Тілін кәлимаға келтірді.

Сүндетке отырғызды.

Асық жілік ұстар тойы өтті.

Зекен Бегімбетов атанды.

Құмнан қорған соғады, балшықтан үй соғады.

3-4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болды.

Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп-тұрды.

Шашы ұстарамен алынған тақырбас.

Тілі біршама бастыққан. Ептеп қазақша сөйлей бастады.

Нарымбеттің інісі атанды.

Асық ойнап, суға шомылды.

Малды қайырысуға көмектесті.

Балалар Республикасының тең құқылы азаматы атанды.

Сергіту сәті

Қорыту. «Еркін қаламсап» стратегиясы 10 минут



  1. топ «Ахмет атаға хат»

  2. топ «Дауренбекке хат »

«Ойланудың 6 қалпағы» стратегиясы 5 минут

6 қалпақ әр қайсы ойланудың түрлі элементтерінің рөлін атқарады.

Әңгіме желісі бойынша оқушылардың ойларын тыңдау.

Қызыл қалпақ – Түйсік – Әңгіме бізді неге тәрбиелейді?

Сары қалпақ – Позитив – Әңгіменің жағымды тұстары туралы

Қара қалпақ – Жағымсыз – Әңгіменің жағымсыз тұстары туралы

Жасыл қалпақ – Креатив – Әңгіменің ең қызықты тұсы туралы

Ақ қалпақ – Фактілер – Менде тағы қандай ақпарат бар?

Көк қалпақ – шолу – Әңгіменің ұнаған бөлігін мазмұндау

Кері байланыс. 1. «Кемпірқосақ» әдісі бойынша.

Әр оқушы өзінің сабақтағы белсенділігін стикерлерді кемпірқосақтың жолақтарына жабыстыру арқылы бағалайды.

2. Стикерлерге жазғызып, жүрекшеге жабыстыру.

1. Сабақта ....................................................................................... ұнады.

Маған мына тапсырмалар................................................................ қиынға соқты.

Келесі сабақта мына тапсырманы ................................................ тағы да орындағым келеді.

Үй тапсырмасы: «Егер мен автор болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?»

Бағалау: бағалау парағындағы балдарды талдау арқылы.

Бағалау парағы



Т.А.Ж.

Үй жұмысы

Топтық жұмыс

Кестелермен жұмыс

Кейіпкерге хат

Алты қалпақ

Жалпы ұпай

Г.



















М.



















Е.



















М.2



















Е.2



















А.



















К.








































Критерийлер: Жауап толық, белсенді, дұрыс жауаптар саны, шығармашылығы,

Дескрипторлар:

«5» - 20-25

«4» - 19- 14



«3» - 13-8

«2» - 8-3
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет