Сабақ: Тұздар гидролизі. Тұз ерітінділерінің сутектік (рН) көрсеткіші Мектеп: №10 орта мектеп



Дата18.06.2017
өлшемі114,49 Kb.
#19315
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


САБАҚ: Тұздар гидролизі. Тұз ерітінділерінің сутектік (рН) көрсеткіші

Мектеп: №10 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі: Қойшыбаева А.Қ

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

тұздар гидролизі, сутектік көрсеткіш ұғымдарына сипаттама беру, тұз ерітінділерінің ортасын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

  • тұздардың құрамына байланысты қандай орта көрсететінін анықтай алады

Кейбір оқушылар:

  • көрсеткіштің не себепті «сутектік» деп аталатынын, тұздардың құрамын тәжірибеде дәлелдей алады; химиялық тілде сөйлей алады; С деңгейдегі есептерді шығара алады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • тұздар гидролизінің, сутектік көрсеткіштің анықтамасын айта алады, тұздардың құрамына қарай әр түрлі ортаны көрсететінін түсіндіре алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сутектік көрсеткіш, бейтарап орта, қышқылдық орта, негіздік орта, тұздардың құрамы, тұздар гидролизі, гидролиздену дәрежесі

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


  • Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

  • Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

  • Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

  • Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?




Талқылауға арналған тармақтар:

Сіз не себепті сутектік көрсеткіш «рН» деп белгіленетінін айта аласыз ба?

Сіз неліктен тұздар әр түрлі ортаны көрсететінін айта аласыз ба?

Гидолиздену дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді?

Гидролизді химиялық реакциялардың қай типіне жатқызуға болады?

Сутектік көрсеткішті қалай анықтауға болады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Термин сөздерді, негізгі ұғымдарды дәптерге жазып алыңыздар. Берілген тапсырмаларды дәптерлеріңізге орындаңыздар

Алдыңғы оқу

Жай және күрделі заттардың қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакциялар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

3 мин


1 мин

4 мин


2 мин

1) «Ой қозғау» әдісі

Оқушыларға бес сұрақтан тұратын тест орындатамын

1. Сульфат иондарын анықтау үшін реактив ретінде ... қолданылады.


А) Na⁺ B) Ва2+ С) Сu2+ D)Al3+ E) Ag⁺
2. Хлорид-ионға реактив болатын зат:
A) Барийдің ерімейтін тұздары.
B) Барийдің еритін тұздары.
C) Индикаторлар.
D) Күмістің еритін тұздары.
E) Магнийдің еритін тұздары.
3. Барлығы аниондар болатын қатар
A) OH-, PO43-, SO42-, K+
B) K+, OH-, PO43-, H+
C) H+, OH-, SO42-, K+
D) Cl-, OH-, PO43-, SO42-
E) Cl-, H+, OH- ,SO42-
4. Мыс-катионын анықтау үшін құрамында мына ионы бар реактив қажет:
А) NO3- B) OH- C) Cl- D) SO42- E) PO43-
5. Фенолфталеинді таңқурай түске өзгертетін қосылыс:
А) NaOH B) NaCl C) NH4Cl D) CuSO4 E) H3PO4

2) «Анаграмма» әдісі

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін сөздегі әріптердің орнын ауыстырамын. «Тздрұа гдрлзиоиі. Тзұ ртндлрнңеіііеіі сткткуеі крсткшөеіі» - «Тұздар гидролизі. Тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткіші»

3) «Ассоциация» әдісі



Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін 1-нұсқаға тұздар гидролизі, 2-нұсқаға сутектік көрсеткіш туралы не білетіндерін жазу керектігін айтамын.


Тұздар гидролизі

Сутектік көрсеткіш

Оқушылар жазғандарын қасындағы екінші оқушымен алмасып, бірін-бірі толықтырады.

4) «Сұрақ ортада» әдісі

Оқушылардың не жазғандарын анықтау үшін оларға «Тұздар гидролизі дегеніміз не?» және «Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?» деген сұрақтар қоямын


Интербелсенді тақта,

жұмыс дәптері

Интербелсенді тақта


Жұмыс дәптері




Ортасы

20 мин


12 мин

1) Жаңа сабақ. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

Оқушыларға 1-нұсқаға «Сутектік көрсеткіш», 2-нұсқаға «Тұздар гидролизі» тақырыбын оқуға (5 минут) беремін. Жұпта бір-біріне түсіндіруіне 5 минут уақыт беремін. Әр оқушы түсінбеген сұрақтарын ортаға талқылауға салуларына болатындығын ескертемін. Сұрақтарды талқылау үшін 5 минут уақыт берілетінін айтамын. Оқушыларға қойылатын бағыттау сұрақтары арқылы басқалардың ойларымен өз ойларын салыстыруға мүмкіндік беремін. Оқушылар талқылауды аяқтаған соң, тұздар гидролизінің реакция теңдеулерін құрастыру ережесімен таныстырамын (5 минут).

2) Бекіту. Зертханалық тәжірибені орындау


Әр түрлі тұздар ерітінділерінің ортасын индикатор көмегімен анықтап, кестені толтыруға және тұздар гидролизінің реакция теңдеулерін құрастыруға тапсырма беремін

Тұз ерітіндісі

Фенолфталейн

Лакмус

Әмбебап

NaCl

түссіз

күлгін

рН=7

Na2CO3

таңқурай түсті

Көк

рН=10

Al2(SO4)3

түссіз

қызыл

рН=3

1) NaCl + H2O = NaOH + HCl

Na+ + Cl- + HOH = Na+ + OH- + H+ + Cl-

HOH = OH- + H+ бейтарап орта

2) Na2CO3 + 2H2O = 2NaOH + H2O + CO2

2Na+ + CO32- + 2HOH = 2Na+ + 2OH- + H2O + CO2

CO32- + 2HOH = 2OH- + H2O + CO2 сілтілік орта

3) Al2(SO4)3 + 6H2O = 2Al(OH)3 + 3H2SO4

2Al3+ + 3SO42- + 6HOH = 2Al(OH)3 + 6H+ + 3SO42-

2Al3+ + 6HOH = 2Al(OH)3 + 6H+ қышқылдық орта

Оқулық


Зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реактивтер

Аяқталуы
2 мин

1 мин


Оқушылардың зертханалық тәжірибенің орындалу нәтижесіне қарай бағаланатындықтарын айтамын.

1) Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылардың бүгінгі сабақтан не түсінгендерін «Жұлдыз» қатарына, ал түсінбей қалған тұстарын, басқа да пікірлерін «Тілек» қатарына жазу керектігін айтамын.

2) Үй тапсырмасы.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындап, жазып келуге тапсырма беремін. Шығармашылық тапсырма – әр оқушы өтілген тақырып бойынша бес сұрақтан тұратын тапсырма (сөзжұмбақ, тест, деңгейлік есептер, карточка, ребус) құрастырып келу керек екендігін айтамын


«Екі жұлдыз, бір тілек» парағы



Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


  • Жаттығуларды орындау үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану (деңгейлік тапсырмалар);

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту

  • «Сұрақ ортада» әдісі;

  • «Сұрақты қайта бағыттау»

  • «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

  • Жұптық жұмыс арқылы әңгімелесу дағдысы қалыптасады

  • Зертханалық тәжірибені орындау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтайды



Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет