Сабақ: Зат есімнің септелуі



Дата26.08.2017
өлшемі54,25 Kb.
#28421
түріСабақ

Сабақ: Зат есімнің септелуі

Мектеп: Свободный орта мектебі

Күні :

Мұғалім есімі: досмаганбетова Г.Б

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 6

Қатыспағандар саны:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Зат есім ұғымын кеңейту арқылы, септіктердің жалғауларын сөйлем ішінде тауып, түрлеріне ажырата алу, септік жайлы алған білімдерін бекіту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Зат есімнің септелуі бойынша толық мағлұмат алу

Оқушылардың басым бөлігі


Септіктердің жалғауларын сөйлем ішінде тауып,түрлеріне ажырата алады.

Кейбір оқушылар

5жолды өлең құра алады

Тілдік мақсат


Оқушылар зат есімнің септік жалғауын жаттығу барысында таба алады

Негізгі сөздер мен тіркестер

Септіктердің атаулары

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сөз табы, зат есім

Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?

Зат есім қандай жағдайда септеледі?

Зат есімдерді септіктерге септеу



Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жаттығуларды орындау


Алдыңғы тақырып

Диологтық оқыту арқылы уй тапсырмасын тексеру.(зат есім)

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз )




45 минут

Басталу

3мин

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, топқа бөлу (сандықшадан қиынды қағаздар алу арқылы)

Шаттық шеңберін құрып,бір-біріне сәттілік тілеу .


Сандықшаның ішінде зат және есімдер деген сөз таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

Негізгі бөлім



4мин

8мин

7мин

5мин


10мин

1.Тақтамен жұмыс. Зат есімнің сұрағына жауап беретін сөздерді байланысты топ атына сәйкес теріп жазу.(АКТ)

Миға шабуыл :

Тақтада ілінген сұраққа жауап беру арқылы не? сұрағына жауап беретін зат есім (гүл) ашылады. Гүл сөзін септіктерге қойып септеу керек.Яғни бүгін біз зат есімнің септелуі жайлы әңгімелесеміз.

Зат есімнің септелуі

Септіктер Сұрақтар Мысалдар

Атау Кім? Не? Қалам

Ілік Кімнің ? Ненің? Қаламның

Барыс Кімге? Неге? Қайда? Қаламға

Табыс Кімді? Нені? Қаламды

Жатыс Кімде? Неде? Қайда? Қаламда

Шығыс Кімден? Неден? Қайдан? Қаламнан

Көмектес Кіммен? Немен? Қалай? Қаламмен



Топтық жұмыс

I-топ.Гүл,кітап сөздерін септіктерге септеу

II- топ. Мұғалім,дәрігер деген сөздерін септеу

Кітаппен жұмыс

3-жаттығуды орындау

Сөйлем ішін де септіктердің жалғауларын тауып ,сызып түрін көрсету.

Сергіту сәті

«Ойнаймыз да, ойлаймыз » ойыны. Допты лақтыру арқылы тәуелденген зат есімдерді септеу.

Үлгі:


А.с.Апам

І.с. Апамның

Б.с. Апамға

Т.с. Апамды

Ж.с.Апамда

Ш.с. Апамнан

К.с. Апаммен

Шығармашылық тапсырма

I-топқа сөз жұмбақ құру

II-топ алдарында жатқан журналдардан зат есімнің сұрағына жауап беретің суреттерді қиып жапсыру



Қорытынды бөлім

Бағалау жинақтау

Бағалау


5мин

ББҮ-әдіс кестесі арқылы

Үй тапсырмасы

Зат есімді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбында шағын эссе жазыңыз

Екі топ бір – бірін бағалау,бағалау кретиалары арқылы. Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау.



Қосымша ақпарат

Үлігірімі жоғары оқушыға . Зат есімге «кластер » құру

Қабілеті төмен оқушыға.Бір зат есімді септеу септікке .


Саралау-cіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Ой толғаныс тәсілін қолданамын.

Кестелермен жұмыс беремін.



Әр тапсырмадан соң көшбасшылар арқылы тексеріп отырамын.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Менің ойымша сабақ мақсатың дұрыс құрдым. Оқушылар сабақта зат есімнің септелуі жайлы білімдеріне білім қосты. Сабақта барлық ат салысып,топтық жұмыста ұйымшылданып әрі талқылап белсене ат салысты.Тапсырмалар орындаууда уақыт көп жоғалтып алдым,берілген уаөытта үлгірмедім. Келсі сабақтарымда тапсырмалардың санына емес сапасына көңіл бөлемін.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Ықалдастыру атмосферасын жасай отырып, топқа бөлу.

2: оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?
1: Бағалау парақшасын дұрыс бағалау,деңгейлік тапсырмалар.

2: оқытуды басқару және көшбасшылықты аңықтау



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге
FF5538CCA0084C83 -> Күні: 19. 02. 2016жыл Сыныбы
FF5538CCA0084C83 -> Сынып: 8 «А» Сынып жетекшісі: Шерғозы Фариза Мәлікқызы Мақсаты: "Адам құқығы" деген не екенін түсіну
FF5538CCA0084C83 -> «Бекітемін» мектеп директоры: Н. Меркер тақырып: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
FF5538CCA0084C83 -> Сайыстың мақсаты Сайыстың жоспары
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ №: 171 Пәні: Математика Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі : өткен сабақтардан алған күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны
FF5538CCA0084C83 -> «Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы бүгінгі мұғалімнің қолында»
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет