СабақҚа дайындалуға арналған тапсырма құрастырушы: МжҚТ кафедрасының аға оқытушысы К. Ж. Калимуллина



Дата10.06.2017
өлшемі396,67 Kb.
#18621
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» кафедрасы

«Қ.Р.Қаржы құқығы» пәні бойынша

050301, 5В030100 Құқықтану мамандығының

студенттеріне



САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН

ТАПСЫРМА

Құрастырушы:

МжҚТ кафедрасының

аға оқытушысы

К.Ж. Калимуллина.

Павлодар

Пәннің мазмұны
ҚР Қаржы кұқығы пәні бойынша

050301 Құқықтану мамандығының студенттерінің

Сабаққа дайындалу тапсырмалары
1-тақырып. Мемлекеттің қаржы қызметі

Жоспары:

Қаржының ұғымы.

Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатыңасы.

Мемлекеттік қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.

Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы. мазмұны және саласы.

Мемлекеттің қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары.

Қаржы қызметін орыңдаудағы мемлекеттік органдардың жүйесі.

Қаржы жүйесінің ұғымы.



Үйренуге:

Мемлекеттік қаржы жүйесі және оның құрылымы.

Нарықтық және жоспарлау экономиқасымен мемлекеттердің қаржы жүйелерінің өзгешелік белгілері.

Мемлекеттік орталықтандыру және орталықсыздану қаржысы.



Меңгеруге:

Жалпыға бірдей мемлекеттік және жергілікті қаржы.

Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.

Мемлекеттік ақша қорларының қалыптасу әдістері.

Мемлекеттік қаржы қызметін іске асырудың құқықтық формалары.

Мемлекеттік қаржы саясаты.



Тапсырма:

1 Азамат Свиридов темір балқыту жұмысыңа түсті. Ай сайың оған алатың табысың 35000 тенге деп уәде берп, сол айлығың уақытымен алып отырды. Осы қатыңас қаржылық қатыңастар санатыңа жата ма? Осы айлық мөлшердегі ақша «қаржы» санатыңа жата ма?

2 ЖШС «Ромат» оған көрсетілген қызмет үшін ЖШС «Стройиндустрия» фирмасыңа 500 мың теңге аударды. Осы аударылған ақша қозғалысы мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма?

3 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Иванов салық сомасың Қазыңа Комитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма?

4 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Мосқаленко салық сомасың Қазыңа Комитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма, және де егер жататың болса мемлекеттің қаржы қызметін жүргізудің қай әдісіне жатады?

Бақылау сұрақтары:

Мемлекетік қаржы мен жеке меншік қаржының айырмашылығы неде? Мемлекеттің қаржы қызметі қандай процестерден тұрады? Материалдық тұрғыда мемлекеттің қаржы жүйесі дегеніміз не? Мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу деп қандай әдістерді білесіздер?



Әдебиеттер

1 Қаржы кұқығы. Практикум., Найманбаев. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

2 Қаржы кұқығы: Оқулық / Найманбаев С.М.. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

3 Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.



2-тақырып. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жуйесі.

Жоспары:

Қаржы кұқығының пәні.

Қаржылық қатыңастардың түрлері және белгілері.

Қаржы және басқа да сыбайлас қоғамдық қатыңастардың арақатыңасы.

Қаржы кұқығының ұғымы. Қаржы құқығының көздері

Құқық жүйесіндегі қаржы құқығыңъң орны.



Үйренуге:

Қаржы кұқығының және басқа құқық салаларының арақатынасы.

Қаржы құқық саласыңда құқықтық реттеудің әдістері.

Қаржы-құқықтық келісімі, ның түрлері және өзгешелік белгілері.

Қаржы кұқықтық жүйесі.

Қаржылық құқықтық жүйесі.



Меңгеруге:

Қаржылық құқық жалпы және ерекше бөлімнің институттары мен тараулары.

Қаржылық-құқық нормаларының ұғымы, белгілері, түрлері және құрылымы. Қаржылық қатыңастардың ұғымы, белгілері және түрлері. Қаржылық кұқықтық қатынастардың шығуы, өзгеруі және тоқтатылу негіздері.

Тапсырма:

1 Облыстық бюджет субвенция ретінде райондық бюджетке 1 миллион теңге қаржы-қаражат берді. Осы қатынас қаржы жүйесіне жата ма, жататын болса қандай бөлігіне жатады?



  1. Салық төлеуші фирма косымша құн салығын мемлекеттің кірісіне 350 мың теңге уақытымен аударды. Бұл қатынас қандай құқықтық реттеу әдісімен реттеліп отыр?

  1. ҚР қаржы құқығынан бақылау жұмысын жазғанда студент Марков төмендегідей сұрақтарға жауап берді:

Сіз қалай ойлайсыз мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу әдістері мен қаржы-құқықтық қатынастарды реттеу әдістері бір түрлі зат па, әлде әр түрлі зат па? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па?

«Қаржы-қуқығы» және «Қаржы заңнамалары» - осы екі түсінік бірдей ме жоқ па? Жауабы бірдей емес. Осы жауап дұрыс па?

Әкімшілік-құқықтық және қаржы-құқықтық қатынастардың реттеу пәні бірдей ме, жоқ па? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па?

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы құқығыңыц пәні неде?

  1. ҚР қаржы құқығының жүйесі қанша бөлімнен тұрады, және қандай?

  1. ҚР қаржы құқығының қандай қайнар көздерін білесіздер, атап шығыңыз?

Әдебиеттер

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  1. Қаржы құқығы: Оқулық / Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  1. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.


3-тақырып. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

Жоспары:

Ақшаның ұғымы және функциялары.

Тарихи пайда болатын ақша жүйелері.

Биметаллизм және оның түрлері

Монометаллизм жәпе оның түрлері.

Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері



Нарықтық және жоспарлау экономиқасымен мемлекеттердің ақша жүйелерінің белгілері.

Үйренуге:

Ақша жүйесінің ұғымы, қағидалары және элементтері.

Ақша жүйесінің тұрақтану әдістері.

Мемлекеттік-ақша несие саясаты.

Нақты ақша айналымы. Нақты емес ақша айналымы.

Валюта реттеудің ұғымы. Міндеттері және әдістері.



Меңгеруге:

Валютаның және валюта бағамдарының ұғымдары. Валюталық қатынастардың субъектілері. Валюталық бақылау. Валюталық операциялардың ұғымы және түрлері. Валюталық операциялардың қозғалыс ережелері.
Тапсырма:

1 10.03.2007 ж. азамат Киселев жеке кәсіпкер ретінде Тіркеуте тұрды. 15.03.2007 ж. Киселев жол транспорт оқиғасына түсті, емханада жатып тек қана 20.04.2007 ж. шықты. Үйінде ол тұрғылықты орныңдағы салық комитетінің хабарлама қағазын көріп салық комитетіне тез арада келіп кетуін сұрағанын білді. Келесі күні оған салық инспекторының қаулысын ұсыңды. Бұл қаулы бойынша оған салық органдарына тіркеуге тұрудың мерзімін бұзған ушін 5000 теңге салық санкциясының айыппұлы салынғанын аңғарды. Киселев бұл айыппұлды түгелімен төлеген.

Қалай ойлайсыз бұл жағдайда қаржы-құқықтық нормалар бұзылды ма? Заңды фактілерге анализ беріңіз.

2 Белгілі бір фирма декларацияда көрсетпей кеден шекарасынан кеден заңнамасымен белгілі бір шектеудегі товарларды өткізіп жіберді. Бұл жағдай қаржы полициясымен ашыла сала, олар осы фирманың басшысын ҚР ҚК-нің 209-бабымен анықталған «Экономикалық контрабанда» қылмысқа тартып қылмыстық істі сотқа шешім шығаруға жіберді.Сот сол фирманың басшысына 400 айлық есептік керсеткіште айыппұл салды.

Бұл жағдайда қаржы-құқықтық норманың қандай белгісі көрініс тапты?

Шығарылған шешімде қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай ерекшелігі көрініс тапты?

3 ҚР қарулы күштер қатарында қызметін атқарып келген Петров ЖШС «Трон» атты фирманы ашып тіркеуге тұрғызды. 4 күн өткеннен кейін ол Алматы қаласының салық органыңда тіркеуге тұрды. Ол осы кәсіпкерлікті жүргізу мақсатыңда «БТА» банкінен 4 млн. теңге мөлшерінде шұжық жасау тетігін сатып алу негізінде несие алды. Жасалған шарт бойынша банк осы жоғарыда аталған соманы тетік алу орнына аударды.



Бұл тетікті ала салысымен Петров кеден баждарын төлеп және мүлік салығын төлеп, осы шұжық жасау тетігін «НСК» сақтандыру компаниясыңда сақтандыру шартын жасасты. Осы қатынастардың барлығы қандай заңды фактілер негізінде жүргізілді?

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы-құқықтық нормалардың қандай белгілерін білесіз?

  1. Қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай көзге көрінер белгілерін білесіз?

  1. Қаржы-құқықтық нормалар қандай элементтерден тұрады?

Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  1. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.


4-тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері.

Жоспары:

Қаржылық бақылаудың ұғымы.

Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері.

Қаржылық бақылаудың қағидалары.

Қаржы тәртібі.

Үйренуге:

Қаржылық бақылаудың жіктелуі.

Тікелей және тікелей емес қаржы бақылауы.

Алдың ала, кезектеп және кейінгі қаржы бақылауы.

Дербестігі және функционалды қаржы бақылауы.

Ішкі және сыртқы қаржы бақылауы.



Меңгеруге:

Қаржылық бақылаудың саласы.

Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясы.

Аудиттің және аудиттік қызметтің ұғымы, түрлері, қағидалары және іске асырудың тәртібі.



Тапсырма:

1 Бақылау жұмысыңда студент Комаров нақты қаржы басқару органдарына мыналарды жатқызды:



  • ҚР Үкіметі

  • ҚР Парламенті:

  • Қаржы полициясы қызметін;

  • ҚМ-ның республикалық бюджетін орыңдаудағы бақылау жүргізетін Есеп Комитетін;

  • аудандық салық комитеттерін;

  • мемлекеттік кәсіпорыңдар мен мекемелердің қаржы бөлімдерін;

  • ҚР қаржы министрлігін;

  • ҚР Ұлттық банкін;

  • Коммерциялық ұйымдардың есеп бөлімдерін.

Студент Комаровтың ұйғарымы дұрыс па, анализ жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз?

2 Тәжірибе сабағында студент Родин ҚР банктік жүйесінің кұрамына нелер кіреді деген сұрақтарға былай жауап берді:



  • ҚР Ұлттық банкі;

  • Үй құрылыс жинақ банкі;

  • Қазақстанның даму банкі:

  • Коммерциялық банктер;

  • ҚР зейнеткер қорлары.

Сіз қалай ойлайсыз жауабы дұрыс па? Сіз қалай жауап берер едіңіз?

3 ҚР Ұлттық банкі жаңа ақша белгілерінің шыққаны туралы ақпарат берді. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімі тұрғындарға былай деп хабарлады. Бұл тек қана облыс тұрғыңдарына үш күн арасыңда белгілі бір соманы ғана айырбастап алуға болады деп. Осының нәтижесінде көп тұрғыңдар және жеке кәсіпкерлер өз ақшаларын айырбастап үлгере алмай қалды. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімінің бұл жұмысына құқықтық баға беріңіз. Жеке кәсіпкерлердің және тұрғыңдардың мүлігін құқықтық корғауға қандай мүмкіншіліктер бар?



Бақылау сұрақтары:

  1. Ақша нысандары (түрлері), олар қандай болады?

  1. Мемлекеттің ақша жүйесінің элементерш атаңыз.

  1. ҚР-ның ақша жүйесі қашан құрылды?

Әдебиеттер:

1 Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

2 Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

3 Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.
5-тақырып. Бюджет құрылымы.

Жоспары:

Бюджеттің ұғымы. «Бюджет» терминінің мағынасы.

Қаржы-ұйымдық, экономиқалық және материалдық бюджет ретіндегі құқықтық қатегориясы.

Үйренуге:

Бюджеттің түрлері.

Бюджеттің құрылымының ұғымы.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылымы.

Меңгеруге:

Қазақстан Республиқасының бюджет жүйесі құрылымының қағидалары.

Бюджеттік реттеу және оның әдістері.

Тапсырма.

1 ҚР ҚМ-нің республиқалық бюджеттің орыңдалуын бақылайтын Есеп Комитетінің ҚР-ның өкілетті органдар қатарына жағып, мемлекеттің қаржы қызметін Үкімет атынан жүргізетін орган деп студент Туленов жауап берді.

Туленовтң осы жауабымен келісесіз бе? Келіспесеңіз қай жерде қателіктер бар?

2 Салық Комитетінің инспекторы Мурзин салық салу негізіндегі кұжаттарды уақытыңда тапсырмағаны үшін «Маяк» ЖШС-ннің, бірінші тоқсан бойы банктік шотын тоқтатып қойды.


«Маяк» ЖШС-нң өтініші бойынша «ЦентрКредитБанк» наурыз айыңда біршама есеп операцияларын жүргізіп үлгерді. Аудан салық комитетінің басшысы Петрова осы ЖШС-нің басшысына, бас бухгалтеріне және банк басқарушысына әрбіреуіне 20 АЕК ретінде айыппұл салған.

Осы жағдайға заңды талдау жасаңыз.

3 Қаржы бақылауының әдістерін атау керек деген сұраққа студент қаржы кұқығы сабағыңда былай жауап берді:


  • Қадағалау;

  • Әңгімелесу;

  • ревизия;

  • құжаттық тексеру;

  • тексеру;

  • фактілік қадағалау;

  • нақты анықтау.

Михайловтың жауабына талдау жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы саласындағы басқарудың анықтамасы.

  1. ҚР қаржы министрлігінің қаржы саласындағы құзіретін айтыңыз?

  1. Жоспарлау дегеніміз не?

Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.


6-тақырып. Бюджеттік бақылау және бюджет саласыңдағы басқару.

Жоспары:

Бюджеттік компетенция.

Материалдық және процессуалдық бюджет кұқығы.

Қазақстан Республикасының бюджет кұқығы.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бюджет құқығы.

Менгеруге:

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің (ведомосттер), жергілікті атқарушы және келісті органдардың бюджет кұқығы.

Үйренуге:

Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидалары, стандарты және актілері. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуынан ішкі және сыртқы бақылаудың негіздері.

Тапсырма:

1 ҚР Үкіметінің өкімі бойынша Павлодар облысына көмек ретінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін және санитарлық автокөліктер алу үшін 30 млрд. теңге бөлінген. «А» мемлекеттік мекемесіне (25 млрд теңге). «Б» мемлекеттік кәсіпорынға (5 млрд теңге) қаржы түсті. «А» мемлекеттік мекемесіне Денсаулық сақтау минисгрлігі номенклатураны, дәрі-дәрмектің мөлшерін, тауардың сатып алу және түсу мерзімін бекіттпеген екен. 10 ай ішінде «А» мемлекеттік мекемесі бөлінген қаржының 70% ұстап үлгерген. «Б» мемлекеттік кәсіпорны 80%, оның ішінде 40% - дәрі-дәрмекке, 20% - медициналық техника мен құралдарға, 15% -ауруханаларды қайта құруға және 5% - маркетинг қызметіне.

ҚР Үкіметінің тапсырмасымен түскен қаржыны бақылау кімнің құзіретіне кіреді? Бюджеттік қаржыны қолдануда қандай бұзушылықтар болған? Қаржы бақылауын жүргізуші қандай орган және қандай шара қолдануға тиіс?

2 Павлодар облысының қазына басқармасы бюджеттен түскен қаржыны тексеру негізінде «Павлодар мұнай химиялық зауыты» АҚ-ын тексерді. Тексеру барысында қазына басқармасы «Халық банкі» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалына осы жоғарыда аталған кәсіпорынның шоты туралы мәлімдеме сұратты. Нұсқап отырған үш күн арасыңда банкпен керек құжаттар берілмеген. Мұнда тексеруші орган мынадай шешім қолдануға мүмкін болды:



  • 20 күнге осы кәсіпорынның шот бойынша операцияларын тоқтатып тастауға;

  • ҚР Ұлттық банкіне Халық банкінің лицензиясын тоқтатып тастауға шағым қағаз жазуға;

  • кәсіпорынның басшысына айыппұл салуға.

Қазына органы дұрыс істеді ме? Осы жағдайға толығымен заңды тұжырым жасап беріңіз.

3 Салық инспекциясымен бақылау жүргізіліп осы ұйымның салық салу объектісін көрсетпегеніне көздері жетті және сол көрсетпеушіліктен туындаған 51мың теңге пайданы жасырғаны мәлім болған.

Осы ұйымға қандай жауапкершілік орнатып, шара қолдануға болар еді және айыппұл салынатың болса, оның мөлшері қандай болады? Бұл шараны қандай орган қолдануға құқылы?

Бақылау сұрақтары:


  1. Қаржы бақылауының субъектілері кімдер бола алады?

  1. Қаржы заңнамаларын бұзған үшін қолданатын қандай шараларды білесіз?

  1. Қаржы бақылауының қандай әдістерін білесіз?

  2. Қаржы бақылауы қалай жіктеледі?

  3. Қаржы бақылауыңдағы салық органының құзіреті?

Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев, -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  1. Қаржы құқығы: Оқулық / Найманбаев СМ. - Алматы: Жеті Жарғы, 2006.

  1. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі і2.06.200іж., келесі өзгертулер мен
    толықтырулардан кейін.


7-тақырып. Бюджет процесі.

Жоспары:

Бюджет процесінің ұғымы.

Бюджет процесінің қағидалары.

Бюджет процесінің сатылары.



Меңгеруге:

Бюджеттік жыл және бюджеттік жоспар.

Республикалық және жергілікті бюджеттік жобалар құрастыру реті.

Үйренуге:

Республикалық және жергілікті бюджеттерді талқылау және мақұлдау реттілігі.

Бюджеттің қорытыңдысы.

Респбликалық және жергілікті бюджеттер есебі туралы құрастыру және мақұлдау.



Тапсырма:

1 2005 жылдың 27 май айында Павлодар қаласының Маслихаты бюджеттің резервтік қоры туралы шешім қабылдап, осы резервтің 2/3 бөлігі қалалық бюджеттің жобасына депутаттардың көрсетулері бойынша жұмсалсын деп анықталды.

Осы шешім бюджеттік заңнамаға қайшы бола ма. Қайшы болса, онда басқалай жұмсау туралы құқық нормасын көрсетіңіз. Резервтік қор қандай мақсатпен құрылады?

2 ҚР қаржы министрлігінің өкімі бойынша дотация негізшде Қарағанды облысына бюджеттен 30% қаржы бөлінсін деп шешілді. Жылдың соңында Қарағанды облысының әкімі облысқа салықтар мен түсімдерден жиналған қаржымен дотацияға дейінн берілген бюджетаралық ссуданы жабуға өтініш сұрады.



Осы құқықтық қатынастарға негіз болып қандай заңды фактілер жатыр? Осы құқықтық қатынастардың қатысушыларының әрекеттеріне талдау жасаңыз.

3 Студент Головин жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне нелер жатады деген сұраққа былай деп жауап берді:



  • салық түсімдері;

  • салықтық емес түсімдер;

  • бекітілген кіріс бөліктері;

  • реттеушілік кіріс бөліктері;

  • жергілікті өткізілген конкурстар мен лотереядан түскен түсімдер;

  • дотациялар;

-субвенциялар:

  • субсидиялар:

  • несиелік қаржылар.

Головиннің жаубы дұрыс па? Қателіктері болса, көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бюджеттік құқықтың пәніне не жатады?

  1. Бюджеттік қызмет дегеніміз не?

  1. Бюджеттік қызметтің негізгі әдістерін білесіз бе?


Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.



8-тақырып. Қаржы-құқықтық қатегориясы ретіндегі салық.

Жоспары:

Салықтың ұғымы.

Салықтың материалдық, экономиқалық және заң белгілері.

Мемлекеттік алымдардың, мемлекеттік баж салығының және басқа бюджетке арналған төлемдердін ұғымы.



Меңгеруге:

Салықтық және басқа бюджетке арналған төлемдердің өзгешелік белгілері.

Салық элементтері.

Салық субъекітісі.

Салық объектісі.



Үйренуге:

Салық негізі. Салық ақысы.

Салық кезеңі. Салықтық реттік есептеу.

Салық төлеу реттігі. Салық жеңілдіктері.

Салық түрлері. Салық функциялары.

Салық салудың классикалық, экономиқалық және заң қағидалары.



Тапсырма:

1 Қаржы құқығынан семинар сабағында студент Смирновқа оқытушы былай сұрақ қойды: «облыстық бюджеттен Республиқалық бюджетке берілетін қаржын қалай атайды». Оған студент дотация деп жауап берді.

Жауабы дұрыс па? Студенттің жауабын талдаңыз.

2 Әр түрлі буындағы бюджеттерге бөлінетін және аударылатын кіріс көздерін атаңыз?



3 Бюджеттік жүйе құрылымының шығыстары мемлекеттің функциясымен және міндетімен анықталады. Осыған сай жергілікті бюджеттен шығатын қаржының түсетін негізгі бағыттарын айтыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік бюджеттің кірістерін айтып шығыңыз?

  1. Субвенция мен субсидияның айырмашылығы неде?

  1. Профицит пен дефициттің түсінігін айтыңыз?


Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.



9-тақырып. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері.

Жоспары:

Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың, мемлекеттік несиеленудің ұғымы.



Меңгеруге:

Мемлекетік шеттен алып пайдаланудың түрлері мен формалары.



Мемлекет пен шеттен алып пайдалану және қарыз кепілдігі.

Үйренуге:

Бюджеттің несиеленуі.



Тапсырма:

1 Семинар сабағыңда студент Харонов дотация, субвенция, субсидиялар бәрі бірдей жағдай деді.

Студенттің жауабын талдаңыз.


  1. Бюджеттік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың тізімін айтыңыз, атқарушы биліктік органдардың бюджеттік құқықтық қатынастардағы құзіретін ашып айтыңыз.

  1. Сызба түрінде ҚР бюджетік құрылымын көрсетіңіз.

4 Алматы облысының Әкімі мынадай үкім шығарды: Алматы облысының мемлекеттік автоинспекциясы және оның лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартқанда салатын айыппұлдың мөлшерін былай бөлсін депті: айыппұлдың 50% - Алматы облысының бюджетіне, 50% - жергілікті бюджеттерге, ал тәркіленген мүлік сомасын - толығымен облыс бюджетіне.

Осы үкімге заңды талдау жасаңыз.



Бақылау сұрақтары:

  1. Бюджеттік құрылым дегеніміз не?

  1. ҚР Президентінің бюджет саласыңдағы құзіретін білесіз бе?

  1. Бюджеттік жоспарлау қанша және қандай кезеңдерден тұрады?

  2. Бюджеттік бақылау органдарын атаңыз?


10-тақырып. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері

Жоспары:

Қазақстан Республикасының банк жүйесі.

Банк қызметін мемлекеттік реттеу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары. Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің ақшақорлары.

Меңгеруге:

Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің компенсациясы.

Қаржы ұйымдарының және қаржылық нарықты реттеу жөніндегі агенттіктің компетенциясы.

Үйренуге:

Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық ахуалы.

Қазақстанның Даму банкінің құқықтық ахуалы.

Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу.

Сақтандыру ұйымдырының құқықтық ахуалы.

Тапсырма:

1 «Аргос» АҚ қамту тетіктерін және автокөліктерді таситын «ИртышАвто» кәсіпорнының алдыңда өзінің міндеттемелерін орыңдай алмай қалып, ол кәсіпорнының осы тауарларды жеткізу негізіндегі шығарған шығыңдарын өтеуге шамасы келмеді. Салық органдары осыны біле отырып бұл акционерлік қоғамды банкрот деп атау үшін сотқа шағым жасады. «ИртышАвто» кәсіпорны тағы да сол мәселе негізінде, шығыңдарының орнын толтыру мақсатымен сотқа шағым жасады. «Аргос» акционерлік қоғамының дирекциясы салық органына салықты өтеу мақсатында өзінде бар тауарлы-материалдық кұндылықтарды беруге өтініш жасады.



Осы жағдайдағы осы құқықтық қатынастардың қатысушыларының істеген әрекеттеріне заңды баға беріңіз. Бұл жағдайда қай ұйымның қызықшылығы бірінші болып өтелінер еді?

2 «Гарант» кәсіпорны бартерлік мәміле негізінде шикі мұнайға Финляндиядан басқа халық тұтынатын тауарлар алды. Осы жағдайда алынған тауарлардың бағасы фин маркасымен өрнектелген екен. «Гарант» кәсіпорнының бастығы осы алынған тауарларды ҚР Ұлттық банкінің қойған курсынан төмен бағамен теңгеге өзінде жұмыс ісгейтін жұмысшыларға сатуға үкім шығарды. Бірақ салық органы жұмысшылардан сатып алынған фин маркасы мен теңге арасыңдағы айырмашылықты салық ретінде алатын болды.

Осы жағдай дұрыс па, салық органдарының әрекетіне заңды талдау жасап, баға беріңіз.

3 Қарағанды қаласының салық органының инспекторы Петров Лопухинге табыс салығын ұстап қалу жөнінде ресми жазбаша түрде кеңес берді. Осы кеңес бойынша Лопухин декларацияны толтырып салығын толығымен төледі. Кейіннен тексеру кезінде декларацияның дұрыс толтырылмай, салықты дұрыс төлемегені анықталды.



Осы жағдайда кім жауапты болады? Лопухиннің осы жөнінде сотқа шағым жасауы құқылы ма?
Бақылау сұрақтары:

  1. Салықтың басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын атап шығыңыз?

  1. Салықтық-құқықтық қатынастардың қаңдай түрлерін білесіздер?

  1. ҚР-да салықтың қанша түрі бар, атап шығыңыз?


Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.


Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Қазақстаң Республикасының Конституцнясы 30.08.1995ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

  1. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

  1. «Валюттік реттеу туралы» ҚР заңы 24.12.1996ж. // Қазақстан Рсепубликасы Парламентінің ақпараты. 1996 ж., № 20-21. 404 б.

  2. 31.12.1996ж. «Мемлекеттік баждар туралы» ҚР заңы // Қазахстанская правда. 1997. 11 қаңтар.

  3. 24.11.1998 ж. «Аудиторлық қызмет гуралы» ҚР заңы // Қазахстанская правда. 1998. 24 қараша.

  4. 01.04.1999 ж. «Бюджеттік жүйе туралы» ҚР заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараты. 1999 ж., № 20-21. б. 225.

  1. 30.03.1995ж. №2155 «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы // Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақпараты, 1995 ж., № 3- 4. б. 23; № 12. Ст.88; №15-16. б.100; № 23. 141; Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараты. 1996 ж., №2. б. 184; №11-12. б. 262.

  1. ҚР Президентінің № 2235 «Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер» 24.04.1995 ж. заң күші бар Жарлығы. // ҚР Жоғарғы Кенесінің Ақпараты. 1995ж. №6. б. 43; №12. б. 88; №12. б. 89; №23. б. 152; Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараты. №1. б. 180 Б. 181; №11-12. Б. 257; №15. б. 281.

  1. № 2444 «ҚР банктері және банктік қызмет туралы» 31.08.1995 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы//ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ақпараты. 1995 ж., №15 Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараты. 1996 ж., № 2. б. 184; №15. Б. 281; №19. б. 370.

  2. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  4. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейі



Пәннің мазмұны
Тақырып 1. Мемлекеттің қаржы қызметі.

Мақсаты: Қаржы ұғымы. Қаржы функциялары.

Мемлекет қаражаттық қызметінің ұғымы. Принциптері, мақсаты және мемлекет қаржы қызметінің мақсаты. Қаражаттық жүйе және оның құрамы.

Қаржы қызметін жүзеге асырудағы әдістер мен нысандары.

Әдебиеттер:

ҚР Конституциясы, 1995, кейінгі өзгертулер мен толықтырудар енгізілгеннен кейінгі.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР Валюттік реттеу туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж.

Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.

ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан 1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).

Тақырып 2. Қаржы құқығының пәні және жүйесі .

Мақсаты: Қаржы құқығының пәні. Қаржы – құқықтық қатынастардың белгілері, басқа құқық қатынастарынан айырмашылығы.

Қаржы құқығының ұғымы. Мемлекет экономикалық және әлеуметтік мақсаттарының шешімінде қаржы құқығының ролі. Принциптері, мақсаттары және мемлекет қаржы қызметінің мақсаты.

Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістері. Императивтік (біржақты - өктем) және диспозитивтік (келісім) реттеу әдістері. Қаржы - құқықтық келісім-шарт ұғымы, оның белгілері. Қаржы - құқықтық келісім-шарттардың түрлері.

Қаржы құқығының басқа құқық салаларынан негізгі ерекшеліктері. Құқық жүйесінде қаржы құқығының орны, көршілес құқық бұтақтарымен арақатынасы.

Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері.

Әдебиеттер:

Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995.

ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Кодексі, 12 маусым 2001 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).

Тақырып 3. Қаржы - құқықтық нормалар және қатынастар.

Мақсаты: Қаржы - құқықтық нормалардың ұғымы мен түрлері. Қаржы - құқықтық нормалардың құрылымы.

Қаржы - құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері. Қаржы - құқықтық қатынастардың ұғымы, белгілері және түрлері.

Қаржы - құқықтық қатынастардың субъектілері. Қаржы - құқықтық қатынастардың әмірлі субъектілердің белгілері. Қаржы - құқықтық қатынастардың субъектілердің өз құқығын қорғау тәсілдері. Қаржы - құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеруі және тоқтау негіздері.

Әдебиеттер:

Жол қоры туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 21 желтоқсан 1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР Ұлттық банкі туралы заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы 30.03.95 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)



Тақырып 4. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

Мақсаты: Мемлекеттің ақша жүйесінің элементтері (ақша бірлігі, ақша белгілерінің түрлері, ақша эмиссиясын жүргізу тәртібі, валюттік режим, ақша айналымының тәртібі). Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері - қаржы құқығы жүйесінің жалпы бөлімі.

ҚР ақша жүйесі.

Ақша айналымының құқықтық негізі. Құнды қағаздардың айналымын құқықтық реттеу. Мемлекеттің құнды қағаздарының түрлері.

Валюттік реттеудің құқықтық негіздері, түсінігі, әдістері мен объектілері.

Валюттік реттеу органдарының компетенциясы.

Валюттік операцияларды жүргізу негізіндегі арнайы органдар, олардың компетенциясы.

Валюттік операцияларды жүргізу тәртібі.

Валюттік монополия, түсінігі.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР Ұлттық банкі туралы заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы 30 наурыз 1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

ҚР банктері және банк қызметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 31 тамыз 1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

Тақырып 5. Мемлекеттің қаржы құрылымының құқықтық негіздері.

Мақсаты: Мемлекеттің қаржы құрылымының құқықтық негіздері - қаржы құқығы жүйесінің жалпы бөлімі. ҚР қаржы жүйесі. Қаржы құрылымы және құрамы. Қаржылық реттеу және оның әдістемелері.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).

Тақырып 6. Қаржы облысында басқару (қаржыны басқару).

Мақсаты: Қаржы облысында басқару - қаржы құқығы жүйесінің жалпы бөлімі.

Қаржы басқару органдарының жүйесі мен компетенциясы. Қаржы министрлігі және оның компетенциясы. Мемлекеттік банк және оның компетенциясы. Қаржыны басқарудағы құқықтық нысандар мен әдістемелер.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).



Тақырып 7. Қаржылық жоспарлау.

Мақсаты: Қаржылық жоспарлаудың түсінігі, объектілері, стадиялары. Қаржылық жоспарлаудың принциптері. Жоспарлық – қаржылық актілер және олардың белгілері. Қаржылық жоспарлау - қаржы құқығы жүйесінің жалпы бөлімі.

Әдебиеттер:

ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Тақырып 8. Қаржылық бақылау.

Мақсаты: Қаржылық бақылаудың түсінігі мен элементтері (субъектілері, объектілері, пәні және мақсаты). Қаржы тәртібі және оны қамтамасыз ету құралдары. Қаржы санкциялары және оның түрлері. Қаржылық бақылаудың әдістемелері. Ревизия, оның түрлері және маңызы. Қаржылық бақылаудың құқықтық негізі - қаржы құқығы жүйесінің жалпы бөлімі. Қаржылық бақылаудың принциптері. Қаржылық бақылау қатынастары. Қаржылық бақылаудың классификациясы. Тікелей объектідегі және объектідегі емес бақылаулардың түрлері. Алдын ала, ағымдағы және келесі бақылау. Бақылау өкіметтерінің бөліну белгісіне сай және субъектілеріне байланысты жүзеге асырылатын бақылау түрлері. Сыртқы және ішкі бақылау. Қаржылық бақылаудың сферасы. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясы.

Әдебиеттер:

ҚР Валюттік реттеу туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж.

Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.

ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан 1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).

Тақырып 9. Бюджеттік құқықтың жүйесі және пәні.

Мақсаты: Жалпымемлекеттік орталықтандырылған қаржының түсінігі. «Бюджет» терминінің мазмұны. Бюджеттік қызмет мемлекет қаржы қызметінің бір түрі. Бюджеттік қызметтің әдістемелері.

Бюджет құқығының пәні. Бюджеттік қатынастар және олардың ерекшеліктері. Бюджет құқығындағы қолданылатын құқықтық реттеу әдістемелері. Бюджет құқығының түсінігі.

Қазіргі кездегі бюджет құқығы мен бюджет қызметін ары қарай жетілдіру.

Әдебиеттер:

Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.

ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан 1995 ж.



Тақырып 10. Бюджет құқығының жүйесі және түсінігі.

Мақсаты: Бюджет құрылымының түсінігі. Бюджет құқығы жүйесінің түсінігі және құрамы. Бюджеттің түрлері. Бюджеттік реттеу, түсінігі және мақсаты. Бюджеттік реттеудің әдістемелері.

Бюджет жүйесін басқарудағы мемлекеттік органдардың компетенциясы. Мемлекеттің республикалық және жергілікті органдарының бюджеттік компетенциясы.

Бюджеттік жоспарлауды құқықтық реттеу. Бюджеттік процедура, түсінігі, стадиялары, принциптері. Бюджеттік уақыт мерзімі және бюджеттік жыл.

Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу.

Әдебиеттер:

Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.

ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан 1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).

Тақырып 11. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу.

Мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу. Мемлекеттік бюджеттің шығыстарын құқықтық реттеу. Бюджеттердің кірістерінің жүйесі.

Мемлекеттік бюджет шығысын құқықтық реттеу. Бюджеттердің шығыстарының жүйесі. Бюджеттік қаржыландырудың түсінігі. Смета, оның құрамы, құқықтық маңызы.

Мемлекеттік қарызды құқықтық реттеу. Қызмет істеп тұрған мемлекеттік қарыздардың айналым шарттары. Мемлекеттік қарыз келісім-шарты - қаржы-құқықтық келісім-шарттың бір түрі, оның ерекшеліктері және оның азаматтық-құқықтық келісім-шарттардан айырмашылығы.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанская правда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж.

Тақырып 12. Салық құқығының жүйесі және оның пәні.

Мақсаты: Салықтың түсінігі, алымдар мен төлемдердің түсінігі. Мемлекеттің салық қызметі – қаржы қызметінің бір түрі. Салық қызметін жүргізудегі әдістемелер.

Салық құқығының түсінігі. Салық құқығының пәні. Салық қатынастары, олардың ерекшеліктері.

Салық құқығының жүйесі.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанская правда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж.

Тақырып 13. Салық құқығының жалпы бөлімі.

Мақсаты: Салық жүйесінің түсінігі және құрамы.

Салық қызметін басқару – салық құқығының институты. Салық қызметін жүргізетін мемлекеттік органдардың компетенциясы.

Салық қызметін жүргізуді бақылауды құқықтық реттеу. Қазақстан Республикасының салық қызметі және оның компетенциясы.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанская правда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж.

Тақырып 14. Салық құқығының ерекше бөлімі.

Мақсаты: Жалпы мемлекеттік салықты құқықтық реттеу.

Жергілікті салықтар мен алымдарды құқықтық реттеу.

Салық заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік.

Әдебиеттер:

ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанская правда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж.



Тақырып 15. Ақша қорларын құқықтық реттеу.

Мақсаты: Бюджеттен тыс (арнайы) ақша қорларының түсінігі және түрлері.

Бюджеттен тыс ақша қорларының ақша құралдарын жинаудағы, бөліп-таратудағы және бөлініп шыққан ақшаны дұрыс пайдалануды ұйымдастыру негізіндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, олардың компетенциясы.

Бюджеттен тыс ақша қорларындағы ақшаны жинау, бөліп-тарату және бөлініп шыққан ақшаны дұрыс пайдалануды ұйымдастыру негізіндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелетін тәртіп.

Бюджеттен тыс ақша қорларының ақша құралдарын жинаудағы, бөліп-таратудағы және бөлініп шыққан ақшаны дұрыс пайдалануды ұйымдастыру негізіндегі бақылау қызметін құқықтық реттеу.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Тақырып 16. Қаржы-банктік құқық жүйесі, пәні.

Мақсаты: Банктік қызмет мемлекеттің қаржы қызметінің бір түрі. Мемлекеттік банктердің қаржылары туралы түсінік. Қаржы-банктік қызметтің әдістемелері.

Қаржы-банктік құқықтың пәні, қаржы-банктік қатынастар, олардың ерекшеліктері. Қаржы-банктік құқықта қолданылатын құқықтық реттеу.

Қаржы-банктік құқықтың жүйесі. Қаржы-банктік құқықтың құрылымының жалпы және ерекше бөлімдері.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.



Тақырып 17. Қаржы-банктік құқықтың жалпы бөлімі

Мақсаты: Банк құрылымының түсінігі. Мемлекеттік банктерінің ақша қорларының түрлері.

Мемлекеттік банктің қаржы басқару қызметі – қаржы-банктік құқықтың институты. Банк қаржы басқаруын жүргізудегі мемлекеттік органдардың компетенциясы. Қазақстанның ұлттық банкі.

Банк қызметін жүргізудегі мемлекеттік реттеу және оның әдістері. Коммерциялық банктерді ашу тәртібі. Банк қызметін жүргізуді лицензиялау.

Банк қызметін жүргізуді мемлекеттік бақылау; формалары (нысандары), түрлері және банктік бақылаудың әдістері.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.



Тақырып 18. Қаржы-банктік құқықтың ерекше бөлімі.

Мақсаты: Мемлекеттік банктердің ақша қорларын құрудағы құқықтық реттеуі. Банктердің несиелік ресурстарын құрудағы негіздері. Түсу негіздеріне байланысты банктік ресурстардың классификациясы. Банк есеп-шоттарының түрлері.

Қолда жоқ ақшаны аударуды құқықтық реттеу. Қолда жоқ ақшамен аударуды жүргізудің формалары. Есеп-айырысу операцияларын жүргізу тәртібін бұзғандық үшін қолданылатын жауапкершілік.

Мемлекеттік банктердің қорларынан шыққан шығынды жұмсаудағы құқықтық реттеу. Банктік несиелеудің принциптері. Банк ссудасы туралы келісім-шарт, оның мазмұны және құқықтық табиғаты. Банк несиесінің түрлері, несие режимінің түрлері.

Сыртқы экономика қызметінде жүретін несиені құқықтық реттеу.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Тақырып 19. Қаржы-сақтандыру құқығының жүйесі және пәні.

Мақсаты: Қаржы қызметінің бір түрі – сақтандыруды мемлекеттік реттеу. Мемлекеттік сақтандыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік сақтандыру қаржысының түсінігі. Қаржы-сақтандыру қызметінің әдістемелері.

Қаржы-сақтандыру құқығының пәні. Сақтандыру қатынастары және оның ерекшеліктері. Сақтандыру қатынастарының классификациясы. Қаржы-сақтандыру құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістемелері. Қаржы-сақтандыру құқығының түсінігі. Құқық жүйесіндегі қаржы-сақтандыру құқығының орны.

Қаржы-сақтандыру құқығының жүйесі. Жалпы және ерекше бөлімдердің құрылымы.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.



Тақырып 20. Қаржы-сақтандыру құқығының жалпы бөлімі.

Мақсаты: Мемлекеттік сақтандырудың қаржы жүйесі. Сақтандыру қорларының түрлері және олардың құқықтық режимі.

Мемлекеттік сақтандыруды басқару. Мемлекеттік сақтандыруды басқарып отырған уәкілетті органдардың компетенциясы және функциялары.

Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу. Сақтау қызметін лицензиялау.

Қаржы-сақтандыруын бақылауды құқықтық реттеу.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Тақырып 21. Қаржы-сақтандыру құқығының ерекше бөлімі.

Мақсаты: Сақтандыру қорларын құру тәртібін құқықтық реттеу.

Сақтандыру резервтарының ақшаларын бөліп-қолдануын құқықтық реттеу.

Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.



Тақырып 22. Қаржы-шаруашылық құқығының жүйесі және пәні.

Мақсаты: Министерстволардың, ведомстволардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы қызметі – мемлекеттің қаржы қызметінің бір түрі. Орталықтандырылмаған қаржының түсінігі. Қаржы-шаруашылық қызметтің әдістемелері.

Қаржы-шаруашылық құқығының пәні. Қаржы-шаруашылық қатынастар және олардың ерекшеліктері. Қаржы-шаруашылық қатынастардың классификациялары. Қаржы-шаруашылық құқығының түсінігі. Қаржы-шаруашылық құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістемелері.

Қаржы-шаруашылық құқығының жүйесі. Жалпы және ерекше бөлімдердің құрылымы.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.



Тақырып 23. Қаржы-шаруашылық құқығының жалпы бөлімі.

Мақсаты: Қаржы-шаруашылық жүйесі. Орталықтандырылмаған мемлекеттік ақша қорларының түрлері және құқықтық режимі.

Салалық қаржыларды басқару. Министерстволардың, ведомстволардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы қызметін жүргізетін, орталықтандырылмаған қаржысын басқаратын мемлекеттік органдардың компетенциясы.

Қаржы-шаруашылықты жоспарлаудың құқықтық негіздері.

Қаржы-шаруашылықты басқарудың құқықтық негіздері.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.



Тақырып 24. Қаржы-шаруашылық құқығының ерекше бөлімі.

Мақсаты: Мемлекеттік басқару органдарымен қаржыны құқықтық реттеу.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен қаржыны құқықтық реттеу. Кәсіпорынға түсу негізі бойынша ақшаның (ақша құралдарының) классификациясы. Пайданы бөлу тәртібі. Кәсіпорындардағы ақша қорларының түрлері. Мемлекеттік мекемелердің қаржысын құқықтық реттеу.

Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.



Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекше бөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет