Сабаққа негізделген оқу мақсаттары



бет1/2
Дата22.06.2017
өлшемі293 Kb.
#19836
түріСабақ
  1   2

Сабақ тақырбы: Дара және күрделі етістік

Мектеп: № 32 Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі

Мерзімі: 01.03.2017ж

Мұғалім: Иманова А

Сынып: 2 «б»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Дара және күрделі етістік туралы білім беру,бір іс-қимылды бір сөзбен де,екі-үш сөзбен де атауға болатынын ұғындыру.

Ойлау,жүйелі сөйлеу,сауатты жазуға дағдыландыру.

Отанын сүюге,табиғатты аялай білуге ынтымақтастыққа тәрбиелеу.


Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбі мынаны орындай алады: Бір-біріне үйретеді.

Сұрақ қояды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Сөздерді сөз құрамдарына талдай алады.Дара және күрделі етістіктерді ажырата алады.Қосымша тапсырмалар орындайды.


Тілдік мақсат:

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Дара және күрделі етістік.

Ресурстар:

Оқулық, Оқу-құралдары, Көрнекіліктер.КБ. БП.


Әдіс-тәсілдер:


«Сұрақ-жауап», «Аквариум», «Қай үйге кіремін», «Семантикалық карта», деңгейлік тапсырмалар,

Пәнаралық байл. :

Әдебиеттік оқу,дүниетану,бейнелеу



Алдыңғы оқу:

Етістік


Сабақтың жоспары:


Жоспарлан-

ған уақыт:

Сабақтың барысы:

Бағалау түрлері :

І. Ұйымдас- тыру кезеңі:



І. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сәлемдесу.

Сынып реттілігін қадағалау, оқушыларды түгендеу.

Оқу құралдарын байқау.


Қазір қандай сабақ екендігін еске түсірейік.

Қазақ тілім –өз тілім,анам тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым, дара тілім.
Міне,балалар,ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

Топқа бөлу: Үш оқушыны шығарамын өздері топ мүшелерін таңдап, жинап алады.


1-топ Зат есім 3-топ Сан есім

2-топ Сын есім 4-топ Етістік


Әр топ өз топтарын қорғайды.






ІІ. Кіріспе бөлім: Үй тапсырмасын сұрау:


Тақырып: Етістік 1-деңгей: 5-жаттығуды көшіреді

2-деңгей: 5-жаттығудағы етістікті теріп жазады,сұрақтарға

жауап береді 3-деңгей: 5-жаттығуды орындайды,күрделі тапсырмаларды орындайды, келесі сабаққа ізденеді.


Әр оқушы бір сөзден оқиды,бір-бірінің қателерін түзетеді.
Бекіту: «Аквариум» әдісі арқылы

Балыққа жазылған сұрақтарға жауап беріп, аквариумға салады.




Бағалау: әр топтағы немесе сыныптағы «Бағалаушы» өкілдер бағалау парағындағы қалыптастырушы бағаларын хабарлайды.Мұғалім жиынтық баға қояды.



Қалыптастырушы баға

Жиынтық баға.



ІІІ.Қызығушы-лықты ояту :

Сергіту сәті

ІҮ. Негізгі бөлім:Мағынаны тану.


Сын тұрғысынан ойландыру.
Егер көңіл –күйлерің жабырқаулы болса,жұдырығымызды жұмып,бұлтты көрсетеміз,ал егер көтеріңкі болса алақанымызды ашып,күнді көрсетеміз.
-Біз қолымызбен не істедік?

-Қолымызды жұмдық,аштық,яғни іс-қимыл жасадық.

-Іс-қимылды білдіретін сөз табы қандай?

Етістік дегеніміз не?

Сұрақтары қандай?

Көрсетілім,айтылым,тыңдалым жүреді.


1-жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді тауып, сұрақ қояды.Оларды өзара салыстырады.
жауды жауып тұр

ойнады, ойнап жүр
тыңдады, тыңдап отыр
ойнады, ойнап отыр


Ереже талданады,дара және күрделі етістік туралы білімдерін толықтырады.



2-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа айтады, дара және күрделі етістікті табады.
3- жаттығу.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет