Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары



Дата25.08.2017
өлшемі62,46 Kb.
#27815
түріСабақ

Тақырыбы:  Генетикалық организмдер селекциясының ғылымы негіз. Селекция үшін бастапқы материал

Күні: 17.04.2017ж

Мұғалім: Б. Уалихан

Сынып: 10

Қатысқан. Қатыспағандар.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

білімділік - оқушыларға селекция ғылымы туралы білім бере отырып, жануарларды қолға үйрету - ғылымның дамуының басты негізі екенін айқындау, мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен орталықтары туралы түсінік беру;

дамытушылық – оқушылардың ойлау, есте сақтау, топта шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік – оқушыларды белсенділікке, жауапкершілікке, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.


Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: Тапсырмалардың өзгергенін түсінеді

Оқушылардың көпшілігі Тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды қолданады




Кейбір оқушылар. Жалпы сипаттамасы,ерекшеліктері,пайдасы мен зияны туралы толық мәлімет алады.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.



Бұрыннан бар білімдері




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған уақыт

Ресурстар

Басы

0-5 мин


6-10 мин

Үй жұмысын сұрау Сұрақ –жауап «Ғажайып алаң»

Тұқым қуалайтын аурулар неше топқа бөлінеді?

Даун ауруының пайда болу себебі неде?

Ерлер мен қыз балаларда кездесетін хромосомалық аурулардың айырмашылығы қандай?

Гендік аурулардың жиі кездесетін түрі және оның пайда болу себебін түсіндір.

Резус-факторды білу не үшін қажет?

Туыстық некенің жағымсыздығын қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Үй жұмысын қорытындылау Ойын «Кім жылдам?» (мағына –термин)

1.Организмнің ата-аналарынан гаметалар арқылы қабылданған гендердің толық жиынтығы (Генотип)

2. Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы (Фенотип) 3. Кездейсоқ пайда болған тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістер (Мутация) 4. «Мутация» деген терминді ғылымға енгізген ғалым (Де Фриз) 5.Адамның ататегіне шежірелік сызбанұсқа құрып, талдау жасайтын әдіс (Генеалогиялық) 6. Зат алмасудың бұзылуының аруларын зерттейтін әдіс (Биохимиялық) 7.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын ашқан ғалым (Н.И.Вавилов)


Суретті қағаздар

Флипчарт, Ғаламтор

Балама тест

Бөлме өсімдіктері



Ортасы

11-20мин


21-35мин

Жаңа сабақ 1.Сабақтын тақырыбын, мақсатын анықтау, сабақ жоспарымен таныстыру: Жоспары: - селекция ғылымы және оның әдістері; - жануарларды қолға үйрету – селекцияның бастапқы кезеңі; - жануарларды қолға үйрету аймақтары мен олардың жабайы ататектері;

- мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. 2.Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі (слайд арқылы)



Селекция (лат. «selectio» – сұрыптау) деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде селекция өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың бағалы қолтұқымдарын және микроорганизмдердің қажетті штамдарын алу әдістері туралы ғылым саласы болып табылады.

Іріктеме, қолтұқым, штамм – бұлар адамның қолымен түзілген организм популяциялары.



Қолтұқым – бұл үй жануарларының ерекше формалары, іріктеме – мәдени өсімдіктердің формалары, ал штамм микроорганизмдердің таза себіндісі. Олар нақты морфологиялық, физиологиялық және жоғары өнімділік сияқты тұқым қуалайтын ерекшеліктермен сипатталады. Бұл ерекшеліктердің фенотиптік көрінісі сыртқы орта жағдайларына байланысты. Сондықтан сұрыптау жұмыстарында климаттық факторлармен қатар күтіп – баптау шараларына үлкен мән беру керек.

Жануарларды қолға үйрету – селекцияның бастапқы кезеңі. Адам әуел бастан-ақ өзін қоректік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жабайы жануарларды қолға үйретті, жеуге жарамды өсімдіктерді өсіріп, өнімдерін пайдаланды. Жабайы жануарлар мен өсімдіктер бара – бара адамның іс-іректіне байланысты мәдени формаларға айналды.

Жануарларды қолға үйретудегі ең басты мәселе – оның мінез құлқын өзгертіп, қолға ұстауға бейімдеу, үй жағдайында көбейтіп, өсімтал ұрпақ алу. Б.з.д VI-VIII мың жыл бұрын басталған қолға үйрету әрекетінің нәтижесінде көптеген жануарлар мен өсімдіктерді адамның тұрмыс жағдайына, шаруашылыққа тиімді кеңінен пайдаланды.

Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің мәдени формаға айналу әрекетін зерттеу барысында Ч.Дарвин: «Жабайы түрлер қолға үйрету процесінде елеулі өзгерістерге ұшырады» деген қорытынды жасады.

Қолға үйрету жұмыстарының нәтижесінде байқалған сан алуан өзгерістер адамның шығармашылық рөлін айқындап, оның өсімдіктер мен жануарлардың белгілерін түрлі бағытта өзгертуге қабілетті екенін көрсетті. Кейінгі ғалымдардың зерттеулері бойынша өзгергіштіктің қай формасы болмасын өз алдына қолтұқым мен іріктеменің түзілуіне себеп бола алмайды. Оған тек адам ғана әсер етеді. Ал, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің өзі мәдени формалар эволюциясының алғышарттары бола алады. Бұл эволюциялық процесте адамның мақсатты әрекеті бағыттаушы фактрдың рөлін атқарады. Дарвин бұл әрекеттерді қолдан сұрыптау деп атады. Қолдан сұрыптау қолтұқымдар мен іріктеме алудағы негізгі қозғаушы күш деп көрсетті.



Қолдан сұрыптау

Мақсатсыз (санасыз ) –құнды Мақсатқа сай әдістемелік сұрыптау -

белгілері бар дараларды сақтауға

және көбейтуге бағытталған сұрыптау.






Соңы

36-45 мин



Оқулықпен жұмыс

Енді мақсатсыз сұрыптауды толық біліп, түсіну үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз. Алдымен, санау арқылы екі топқа бөлінеміз.

Топтық жұмыс (мәтінді оқиды, бір-біріне түсіндіреді, ой бөліседі): а) 1 –топтың тапсырмасы: Жануарларды қолға үйрету аймақтары мен олардың жабайы ататектерін, қай кезден бері қолға үйреткенін анықтаңдар. Адамның жануарларды не үшін қолға үйреткенін

талқылаңдар. 2 – топтың тапсырмасы: Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын, сол орталықта өсетін өсімдіктердің түрін анықтаңдар. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын білудің селекция үшін маңызы. ә) Постер құру, қорғау VІ. Жаңа сабақты бекіту

Сәйкестендіру тесті

Үйге тапсырма

1)§32. Жануарларды қолға үйрету – селекцияның бастапқы кезеңі (оқу);

2) Белгілі бір өсімдіктердің іріктемелері мен жануарлардың қолтұқымдары туралы хабарлама жазу. Бағалау. Өзіндік бағалау парағы бойынша



Қосымша мәліметтер

Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

-Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай күрделендіресіз?


Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Екі жұлдыз, бір тілек. Бағалау парағы арқылы бағалау



Пән-аралық байланыс

Дүниетану, география



- қабілеті төмен оқушылар үшін

Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырма беру





Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?









Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?







Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)



1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?



1.

2.

Каталог: uploads -> doc -> 073e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
073e -> Еңбек сабағында қазақ халқының қол өнерін қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет