Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты Т/ Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау



Дата06.07.2018
өлшемі22,72 Kb.
#47796
түріСабақ
Мустафаева Нургуль Избасаровна,

Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті


«Зар заман» туралы


2-бөлім. Толғауы тоқсан қызыл тіл.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 7 «а»


Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айту.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: жыр мазмұны мен оқиғалар желісін талдай алады.

Оқушылардың көбісі: шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады. Оқушылардың кейбірі:үзінділерді жатқа айта алады.

Бағалау критерийлері

Жырдың композиялық құрылымын ажырата алады. Жырдың тақырыбы мен идеясын талдай алады. Кейіпкерлер бейнесін талдай алады. Үзінділерді жатқа айтады.

Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология: зар заман, билер, кәпір, Бұхар, абақты, ақша, пара.

Талқылауға арналған сұрақтар: Отаршылдық деген не? Ақын шығармасын неге «Зар заман» деп атады? Ақынның арманы не?


Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ел билеген кек болды, заманақыр болар деп, азулыға бар заман, азусызға тар заман, орыс-бүркіт, біз-түлкі.

Құндылықтарға баулу

Туған жерді аялау, халықтық салт-дәстүрлерді таза қалпында сақтау сияқты ұлттық немесе жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу.

Алдыңғы оқу

Ш.Қанайұлы. Анафора мен эпифора

Дереккөздер/ ресурстар

7-сынып оқулығы. Аудиокітап. А4 қағазы.

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеттері

Оқушылар іс-әрекеттері

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасы



Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Папарин тесті арқылы оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар өздері қалаған фигураларды таңдап алады
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді, бір-бірлеріне сұрақтар қойғызу.


Оқушылар өздері таңдаған фигуралар бойынша топқа бөлініп отырады, топ жетекшісін сайлап алады.
Оқушылар үй тапсырмасын айтады. Сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықты ояту

Біз қазір қай ғасырдың әдебиетін оқып жатырмыз?-деген сұрақ қоямын

Ал енді осы ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елінде қандай тарихи оқиғалар болды? Осы сұраққа жауап алғаннан кейін тарихи қазақ жеріндегі тарихи жағдай туралы видео материал көрсетемін.

Жаңа тәртіп,жаңа заң енді елге

Бұқара бетбұрысқа көндігер ме?

Бейжай қарап қалмады,бұлқынды ел

Қазағым,бұндай жайды енді көрме- деген өлең шумағын оқу арқылы тарихымыздың қай кезеңі суреттеліп отырғанын сұраймын.

«Зар заман» ақындары туралы айтып кетемін.

Бүгінгі жаңа сабағымызда ХІХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз.



Оқушылардың жауабы тыңдалады. Осы өлең шумағы төңірегінде оқушылар өз ойын айтады.

Мағынаны тану

1.Шортанбай Қанайұлының өмірі туралы бейнефильм көрсету.

Қажетті деректерді түртіп алып отырады.

Сөздікпен жұмыс

«Зар заман» өлеңінде кездесетін мағынасы түсініксіз сөздерге түсінік беру.

Майыр – адам мінезіне байланысты айтылып тұр, ашуланшақ деген мағынада

Дуан – бекініс, қазақ жерінде бұрын болмаған,кейін орыстар салған үлкен қоршаулар

Дәуренбексіп – амалсыз, жалынышты

Орыс – отаршыл патша өкіметі


Сөздік дәптерлеріне сөздерді жазып алады.

Мәтінмен жұмыс

«Зар заман» өлеңінің аудионұсқасын тыңдатамын

Өлеңді үш топқа бөліп, талқылауға ұсынамын.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Ақынның айтпақ ойы не?

3. Өлең жолдарында айтылған негізгі түйінге тоқталып,өз пікірлерін білдіру.

4. Өлеңдегі көркемдік айшықтар.

5. Түсініксіз сөздерді табу.


Оқушылар оқулықтан өлеңді өздері оқып отырады.
Өлең құрылысына талдау жасайды.

Жеке оқушылармен жұмыс

Өлең құрылысына талдау

І топ. Шумақ дегеніміз не? Өлең қанша шумақты? Тармақ дегеніміз не? Өлең қанша тармақты?

ІІ топ. Буын дегеніміз не?

Өлең неше буынды?

Бунақ дегеніміз не? Өлеңде неше бунақ бар?

ІІІ топ. Қандай ұйқас?



Берілген сұрақтар бойынша әр топ оқушылары өлеңнен тауып оқып береді, ақынның айтпақ ойын түсіндіреді, пікірлерін білдіреді.

Топтық жұмыс

І топ. Екі жақты күнделікпен жұмыс жүргізейік.


Өлеңнен үзінді

Менің пікірім






ІІ топ.




Өлеңнің аты

Негізгі әрекет

Кейіпкері

Кейіпкерге мінездеме

Зар заман

Байлар ұрлық қылады
Көзіне малы көрінбей

Бай


 тойымсыз

ІІІ топ. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді

тексеріңдер


Шортанбай Қанайұлы

Иә

Жоқ

Ақын







Діни оқуларын бітірген







Күйші







Заман жыршысы







Шынайы сыншы







Дін ағартушысы










Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топпен жұмыс істейді.


Білімді жинақтау

Қалыптастырушы бағалау. Ш.Қанайұлы «Зар заман» Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

Дескрипторлар: -шығарманың негізгі ойын анықтайды. -шығарма сюжеті бойынша өз ойын жеткізеді. -шығарма бөлшектерін талдайды.



Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

Үйге тапсырма

«Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау. «Ресей халқының қазақ даласына қоныстануының пайдасы болды ма?» деген тақырыпта ойтолғау жазу

Қосымша ақпарат




Саралау (дифференциация) Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау. Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай ескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс.


Сабаққа белсенді қатысу үшін тапсырмаларды жеңілден бастап күрделендіруге тырысамын. Қабілеті жоғары оқушыларды үнемі назарда ұстаймын. Олардың қызығушылығын жоғалтып алмау үшін бірде жеңіл, бірде сыни ойлантатын тапсырмалар беремін.



Бағалауды әділ жүргізуге тырысамын

Комментарий айту арқылы оң мен кемшін тұсына оқушы өз пікірі мен ойын қосып айтуына ықпал жасаймын.



Қазақстан тарихы пәнімен байланыс жасатамын. Техникалық құралдарды пайдаланғанда сақтық шараларын ескеремін.

АКТ-мен байланыс жасауға ықпал етемін. Ашықтық, еркін сөйлеуге, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуге үйретемін.



Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?


Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?


Ман орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?


Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтың мақсаты шынайы болды. Мақсатқа сүйене отырып өткізілді.


Оқушылар Ш. Қанайұлының өмірі мен «Зар заман» толғауының мазмұнымен танысты. Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін сабақ бойы смайликтер арқылы көрсетіп отырды. Көңіл-күйлері көтеріңкі болды.

Иә, тиімді болды.


Иә, сабақ кездерін түгел қамтыдым. Барлық дайындалып келген тапсырмаларымды орындата алдым.
Сабақ бойы жасалынған жоспар бойынша сабақ өтілді. Жоспарға түзетулер енгізіледі.


Қорытынды баға

І. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Оқушыларға берілген жұптық тапсырмада ойларын ашық айтып, білімдерін нақтылап көрсете алды.

2. Ақын туралы деректерді жинап, оның ішіндегі ең маңыздысына нақты тоқтала білуін атар едім.

ІІ. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Тапсырманың бұдан да сыни ойлантатын тұсы болғанда ықпалы зор болар ма еді.

2. Бағалаудың өзге түрлерін ойлап табу керек сияқты болды.

ІІІ. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Кейбір оқушылардың пікірі, ойы жан-жақты, кең, кейбірі сәл баяулық танытып жатты. Осы жағын үнемі назардан тыс қалдырмауды ойға алдым.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет