Сабақтан тыс ашық сабақ Сынып: 6а сабақтың тақырыбы: «Тұңғыш президент»



бет1/2
Дата27.02.2020
өлшемі277,04 Kb.
#58631
түріСабақ
  1   2
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» ММ

Тақырыбы: « Қазақ  халқының тұңғыш  президенті »

атты интеллектуалды ойын.

Жүргізуші: Сейтхан Әсел Сейтханқызы, №18 МГ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қостанай қаласы

2016-2017 оқу жылы

Пән: Сабақтан тыс ашық сабақ

Сынып: 6А

Сабақтың тақырыбы: «Тұңғыш президент»

Мақсаты: Қазақ  халқының тұңғыш  президенті

Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет  еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру, қазақ елі туралы мәліметтерді меңгергендіктерін анықтау2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу; Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту,құрметтеу.


Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа,
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді Әр топтың өз атаулары болады. Ойын бірнеше кезеңнен болады. Топтың басшылары болады. Бірінші сұрақтарға жауап беру, қай топ тез жауап береді.



Жаңа сабақ.

1ойын. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады. 2 ойын. Кім шапшаң. Командирлер сайысы. 3 ойын. Эрудит. Жазбаша командалар тапсырмаларды орындайды

4 ойын. Сұрақ- жауап. Қай команда тез жауап береді.
Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1.Ойын. Әр топқа ауызша 3 сұрақтан қойылады.

1топ.

1.Қазақстан Республикасы қандай Мемлекет?

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?

3.Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
2топ.

1.Қазақстандағы ғарышқа ұшатын алаң қалай аталады?

2. Тәуелсіздікті нешінші жылы алды?

3.Қай жылы тұңғыш президент сайланды?

3топ.

1.Қай жылы Астана қаласы болды?

2. Мемлекеттік рәміздер күні қашан?

3.Қазақстанның елі қандай?
2+ойын. Эрудит: 1.Қай жылы Ата заң қабылданды?

2.Үлттық теңге қай жылы шықты?

3. Н.Ә. Назарбаев туралы қандай мәліметтерді білесіңдер?

4. Мақал- мәтелдер жарысы 


Отан туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? ) 
- Отан оттан да ыстық. 
- Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
- Ел іші – алтын бесік. 
- Туған жердің қадірін, 
Шетте жүрсең білесің. 
- Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. 
- Отан – елдің анасы, 
Ел – ердің анасы.

3+ойын: Үнтаспадан тыңдап түсінгендерін қағаз бетіне түсіру.

» Класстер»

4-ойын - Кім – шапшаң? Капитандар үшін.

Әр команданың командирлеріне сұрақ қойылады, кім тез жауап береді.

1 топ. «Алғырлар»

1/Мемлекеттік тудың авторы кім?

2/Қазақстан Республикасында "Тілдер туралы" заң қай жылы, қай күні қабылданды?
2 топ. «Білімділер»

1/Әнұранның сөздерін жазған кімдер?

2/ Астана қаласы қай жерде орналасқан?
3 топ. «Қырандар»

1/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын ата?



2/1986жылы қандай оқиға болды?
Жүргізуші: Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. 
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды






Каталог: uploads -> doc -> 02c3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02c3 -> Тақырыбы: Қоғамтану пәндерін оқытуда нәтижеге бағытталған білім берудің жолдары
02c3 -> Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры Сабақтың мақсаты
02c3 -> Сабақ жоспары «Тексерілді»
02c3 -> Тұмаудан сақтанайық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет