Сабақтар топтамасы Ембі қалалық №1 орта мектебінің Ембі қалалық №7 орта мектебінің



бет4/5
Дата22.01.2017
өлшемі1,36 Mb.
#7602
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тәрбиелік мәні: отаншылдыққа , өз елінің тарихын құрметтеуге үйрету.

- Ойын өтпестен бұрын кітапханашы хабарландыру береді. Содан кейін қатысатын оқушылар белгілі болғаннан кейін ойын шартымен таныстырады. Ойын өткізілетін орын безендіріледі. Отан туралы қанатты сөздер, кітап көрмесі ұйымдастырылады. Ойынға екі команда қатысады. Әр команданың ұраны, капитаны болады. Әділ - қазылар алқасы сайланады.

Ойын 3 бөлімнен тұрады.

1. Кім көп біледі? Сайысы.

2. Викториналық ойын.

3. "Блиц турнир"

Ойынға екі команда қатысады. Бірінші топ "Отан", екінші топ "Азамат" деп аталады.

"Отан" тобының ұраны: "Отан оттан да ыстық"

"Азамат" тобының ұраны: Ел үмітін ер ақтар"

Жүргізуші: Ақыл - білім жастарда, Сөз берейік жастарға,

Әділдікке бас иемізт Әділ сөзді сүйеміз

Жасөсріпім жастардың Тыңдайық білім өнерін.



Ойынның бірінші бөлімі - Кім көп біледі?

1

. Қазақ хандығының құрылған ғасыры (ХҮ ғасыр)

2. Қазақстан Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан 1991 жыл).

3. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына (ТМД) қай жылы, қай күні мүше болды? (21 желтоқсан 1991жыл).

4. Дүниежүзі қазақстарының бірінші құрылтайы қашан ашылды? (21 желтоқсан 1991 жыл).

5. Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қашан қабылданды? (2 наурыз 1992 жыл).

6. Қазақстан Республикасының жер көлемі (2 млн. 700 мын км)

7. Қазақсатн Республикасының астанасы қай жылы көшірілді? (1997 жылдың 10 желтоқсанында)

8. Дүниежүзінде қанша қазақ бар? (14 мың)

9. Астана қаласының 10 жылдығы қай жылы атап өтті? (2008 жылы)

10. Ұлттық валюта қай жылы айналымға енді? (1993 жыл).



Ойынның екінші бөлімі - Викториналық ойын.

Бұл бөлімде әр топ мақалдың жартысын, қарсы топ айтылған мақалдың жалғасын табуы қажет.

Мысалы:


1. Ерді намыс өлтіреді.../қоянды қамыс өлтіреді/

2. Болат қайнауда шынығады... /батыр майданда шынығады/

3. Ер басына күн туса... /етігімен су кешер/

4. Жауға жаныңды берсең де... /сырыңды берме/

5. Еменнің иілгені сынғаны.../батырдың екі сөйлегені өлгені/

6. Ел үмітін ер ақтар... /ер атағын ел сақтар/

7. Батыр туса ер ырысы.../жаңбыр жауса жер ырысы/.

8. Ел - іші алтын .../бесік/

9. Туған жер тұғырың ... /туған тіл қыдырың/

10. Отансыз адам .../ормансыз бұлбұл/

11. Кісі елінде сұлтан болғанша.... /өз еліңде ұлтан бол/

12. Бірлік болмай ... /тірлік болмас/

13. Ерлік білекте емес ..../жүректе/

14. Еңбек ерлікке жеткізер ... /ерлік елдікке жеткізер/

15. Ер жігіті елі үшін туады..../елі үшін өледі/.

16. Отан үшін отқа түс .../күймейсің/





Ойынның үшінші бөлімі - Блиц - турнир. Әр топқа жеке сұрақтар беріледі. 1 минут уақыт беріледі.

"Отан" тобына:

1 сұрақ: Қазақ халқының бес арысы атанған тұлғалар: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов.

2 сұрақ: Абылай заманындағы қазақтың қол бастаған, ту ұстаушы үш батыры: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.

3 сұрақ: Қазақстанның ордендері мен медальдарын атаңыз:

"Құрмет" орден, "Ерен еңбегі үшін", "Алтын жұлдыз", "Отан", "Парасат", "Ерлігі үшін", "Шапағат" медалі, "Қазақстан еңбек ері" ордені.

"Азамат" тобына:

1 сұрақ: Қазақ халқының "Үш бәйтерегі" Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Илияс Жансүгіров

2 сұрақ: Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.

3 сұрақ: "Ақиқат пен аңыз" кітабының авторы кім? Осы шығармадағы басты кейіпкер.



Ойын соңында әділқазылар бағасын беріп, жеңген топты құттықтайды.

Жасай бер, жаса, қазағым менің

(Тарихи альманах)





Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани

мәдениетінімізді барынша терең дамыта отырып,

барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек...

Мектеп оқулығынан бастап әрбір ғылыми еңбек, көркем шығарма, мәдени

шара рухани тәуелсіздік пен елдік идеясына қызмет етуге тиіс.

Н.Назарбаев

Мақсаты: Туған елдің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Көрнекілігі: "Елім деп өткен ерлер" атты слайд - шоу, "Ел намысы - ер намысы" атты кітап көрмесі.

Ел қамын жеген абзал азаматтарымыздың халқына арнаған өмірі мен ізгі істері тарихта өшпес із қалдырып, бүігнгі ұрпаққа жетті. Өткізілген шараны даярлау және жүргізу 3 кезеңнен тұрады.

1. Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасы. 3. Қорытындылаушы көпшілік шара

Бұл шараны әзірлеп, өткізуге 1,5 ай қажет

1. Ұйымдастыру кезеңінде кітапханашы шараға қатысатын оқушыларды тақырыппен таныстырады.

2. Үйге тапсырма: өзінің сүйікті тұлғасы туралы әңгіме, слайд,оқыған кітабы, шара өткізген кезде қатысушылар алдында сөйлеу.

3. Қорытынды кеш: Шараға қатысушылардың қайраткері ағаларымыз жөнінде жинаған материалдарына конкурстық көрме ұйымдастырылады, жеңіп шыққандары аталып, марапатталады..

Кештің жүргізілу шарты мынадай: кешке қатысушылар 5 оқушыдан топ құрып, алдын алла үй тапсырмасына берілген тақырыптарын шығармашылық жоба ретінде қорғап, сайысқа түседі. Сайыста балалардың білімдерін, ізденушілігін бағалау үшін әділ-қазылар алқасы сайлануы керек. Кешті өткізуге 1 немесе 2 жүргізуші сайланады. Мысалы:



1жүргізуші: Құрметті еліміздің тәуелсіз жастары, барыс елінің жігерлі азаматтары!

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен 2001 жыл - Тәуелсіздік жылы деп аталынды. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңай келген жоқ. Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақтыларымыз азаттық жолында ғұмырларын арнады. Біздер кейінгі ұрпақ осы ағаларымыз бен апаларымыздың ерен еңбектерін құрметтеп, ел болашағы үшін аянбай қызмет етуіміз керек.



2 жүргізуші: Тәуелсіздігіміз жасырып келген жайттарды жарыққа шығарды, жазықсыз жапа шеккен азаматтарымызды ақтады,бағаланбаған еңбекті кеште болса құрметтей білді, сүйе білді.Олар біздің азаматығымыз үшін жанын қиып, "екпіндіге" өткір тілін жұмсаған азаматтарымыз:

Міржақып Дулатов;

Әлихан Бөкейхан;

Тұрар Рысқұлов;

Ахмет Байтұрсынов;

Мұстафа Шоқай;

Сұлтанмахмұт Торайғыров;

Смағұл Садуақасов;

Сәкен Сейфуллин;

Мұхтар Әуезов;

Бұлар "Алаш жасасын!" деп ұрандаса, қазіргі кезде халық мүддесі үшін кұресіп жүрген ақиық ағамыз Мұхтар Шаханов "Төрт анамен" рухтандырады.

1 оқушы:

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айбыны

Туған тілі - сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр , салт - санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда алмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ төрт ана - тағдырыңның тынысы

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы!



1 жүргізуші: Олай болса әр ұлттың ата салтын сақтап жалғастыратын да, жерін, дінін, тілі мен ділін, ар-намысын, келешегін қорғайтын күрескер кімдер? Ата - баба дәстүр өнегесін халқымыздың қадір - қасиетін кейінгі ұрпаққа жеткізетін мына сендерсіңдер.

"Алыстан алаш десе аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын" деп М.Дулатов айтқандай тәуелсіздігіміздің баянды қорғайды. Әрбір топқа тақырыбына 2 сұрақ қойылады.



1 топ: "Абай Құнанбаев" атты слайд көрсетіледі.

Қазақтың ойшыл, оқымысты, классик ақыны Абай Құнанбаев 1845жылы Семей облысы Шыңғыс тауын жайлаған арқаның сұлтаны Құн анбайдың отбасында дүниеге келген. Абай ақыл - ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше Шығыс, орыс батыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. Абай - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ақын шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдерінде басылды.

Топтан 3 оқушы Абайдың бір өлеңін 3 тілде орындайды.

Топ мүшелеріне сұрақ: 1. Абай атамыздың 150 жылдығын дүниежүзі қай жылы атап өтті? (1995 жыл)

2. Қай жылы Қазақстанда Пушкин, Ресейде , Абай жылы аталды? (2007 жылы).

2 топ: Әбу Насыр Әл - Фараби

Әбу Насыр Әл - Фараби Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап - ғалым,Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласында туған.Фараби ілкі ортағасырлық білім - ғалымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан зор мұра қалдырды, сол үшін оны көзі тірісінде-ақ "Екінші ұстаз" (Аристотельден кейінгі екінші ұстаз) атады.Аристотельдің "Риторика" атты еңбегін 200 рет, "Жан туралы" еңбегін 100 рет, "Табиғат гармониясы" еңбегін 40 рет оқып шыққан. Тәжік академигі Б.Ғафуровтың мағлұматтары бойынша Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүниежүзінің көптеген тілдерінде (араб, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, қазақ, орыс, өзбек т.б. ) аударылған,

бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті. Әл - Фарабидің ғылымы ой толғаныстарына толы сан салалы трактаттарында ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері", "Бақытқа жету жолында", т.б. ) оның педагогикалық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік ой - пікірлері баяндалған . Ол психология жөніндегі көптеген еңбектердің (Ақыл - ой туралы, "Жан туралы", "Жасөспірімнің ақыл - ойы туралы кітап" тағы басқалар.) авторы ретінде де танылды. Ол араб тілді ілімдердің сындарлы жүйесінтұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Фараби мұралары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының филофофиялық,психологиялық және педагогикалық ой - пікірлерін әрмен қарай өріс алуына ерекше ықпал етті.

Әл - Фарабидің философиялық трактаттарынан үзінді:

"Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал, мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Міне, сондықтан да бір - біріне көмектесіп, отыратын,біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлегін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам отыратын өзінің жаратылысына сай кемелділік дәріжесіне жете алады. "



Әл - Фараби . Философиялық трактаттар, Алматы , "Ғылым" 1973

"Бақыт жолын сілтеу"

.... Біз ер жүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін бір шама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал, бұл жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде,олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады.

Әл - Фараби. Әлеуметтік - этикалық трактаттары, Алматы, "Ғылым" 1975.

Топ мүшелерінет сұрақ: 1. Әл - Фарабидің "Бақыт жолын сілтеу " трактаттарынан не ұқтыңдар?

Бұл трактаттарда тәлім - тәрбилеік мәселелер кең көлемде сөз болады. Бұл еңбектерде жақсы мінез - құлық пен ақылкға (достық, ұстамдылық, батырлық, қайырымдылық) ие болудың жолдары жайлы айтылады. Фараби адам жақсы қылықты да, жаман қылықты да өзі жасайды, ақыл мен жақсы мінез қосылғанда адамшылық болады, жаман мінез - құлық рухани кесел дейді.

2. Әл - Фарабидің шешендік өнер туралы ойлары қай еңбегінде айтылады. Жауабы: "Риторика" атты трактатында шығармашылық жоба қорғау осылайша жалғаса береді. Кеш соңында әділ - қазылар алқасының шешімімен жеңген топ аталып, марапатталады.

"Дүниені дүр сілкіндірген - желтоқсан"

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

1986 жылы 17-18 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында қазақ жастарының екі күнге созылған демонстрациясы болды.Демонстрацияны ұйымдастырған студенттерге "Ұлтшыл", "бұзақылар", "ішкіштер", "нашақорлар" деген жала жабылды.Демонстрацияға шыққан жастар "Қазақстан қазақтардікі", "дербестікті талап етеміз" деген ұрандар алып жүрді. Оларды ұрып соғып, қорлап, аюандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тақты.

Бірақ біздің жастарымыздың ой - арманы орындалып, Кеңес империясының темір құрсауын тас - талқан етіп, қазақ ұлтының ғана емес, бұрынғы кеіңес халқының Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын азаттық, егемендік тәуелсіздік жолындағы күресіне жарқын жол ашты, коммунистік жүйенің ыдырап,бұрынғы социалистік елдердің азаттық алуына қозғау салынды.Желтоқсан оқиғасы 20-шы ғасырдағы ұлт - азаттық қозғалыстың ұлы белесі ретінде тарихтың төрінен орын алды.

1жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 16 желтоқсан күні еліміздің Тәуелсіздік алғанына 15 жыл толды, желтоқсан оқиғасына 20 жыл. Осы айтулы мерекемен "Дүниені дүр сілкіндірген - желтоқсан" атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Кешіміздің алғы сөзін

2 жүргізуші: Бұзды қазақ қара бұлтын ғаламның, Жапты үстін кеп жаңа да, үлкен алаңның

Озбыр өмір өрті мүлдем өтсін деп, Келді ерлер, білек түріп талай мың

Көрдік мұнда Қайрат пенен Ляззаттың Ерек шыққан екі асыл тек әйбатты,

Бұл екеуін құптап жастар жиылған, Еркіндіктің еркін әнін сайратты,

Мұқалмапты еркін әнін и сайратты

Сыпырылды тізгін мен жүгеніміз

Желтоқсанның ызғарын қарап кеше,

Жалын атты қайтадан жүрегіміз.



Көрініс. "Қайсар рухты қазақ"

1 жүргізуші:

Ұлт намысын қайрай түсетін әрбір оқиғаның тарихи тағылымы бүгінгі ұрпақ үшін қашанда мәні зор болмақ. Тарихты елдің азаматтары жасайды. Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екеніне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр. Тәуелсіздіктің тар жол тайғақ кешуінен,беттен қағар желінің есуімен тайсалмауға тиіспіз. Желтоқсан оқиғасының құрбандары Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімдерін ел жадына мәңгілік жазып кетті.

Тәуелсіздік жолында, Желтоқсан құрбаны болған ағалар,әпкелер есімі мәңгі де ұмытылмайды. Оларды еске алып, бір минут орнымыздан тұрсақ.

Поэмадан үзінді : "Үзеңгі дос" Жамила, Әділет, Әдемі, Бекжан.



2 жүргізуші: Бүкіл қазақ халқының жеңісі 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды. Ата - бабамыздың арманы орындалады. Қазақ халқы ұлассын ағайын! Тойға ел - бақытты ел. Тойымыз тойға ұлассын ағайын! Тойға шашу шашайық (шашу шашылады).

"Қазақ биі" билейтін қыздар тобы.

1 жүргізуші:

Таратып алдың теңдікті тайталасып,

"Ұлымын" деп азат ел айталасың!

өзің оқып болған соң ұлыңа бер,

Ол да осы сөздерді қайталасын

Біз көргенді сәбилер көрмесінші,

Зұлым уақыт қайтадан келмесінші.

Ағалардың ақ ісін алға апарып,

Намыс туын ешқашан бермесінші.

Т.Молдағалиев "Мен қазақпын"

Оқитындар: Мадина, Салтанат, Мадина

2 жүргізуші: Дауылға желтоқсанның желі айналды

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Қыз емес жаугершілік "аттан" атты.

Алаңның шеруі емес, салтанатты

Қытымыр қыстың басы сол бәр айла,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

"Атамекен" әні орындайтын Жұбашева Эльвира.



1 жүргізуші:

Қазақстан елінің егемендік алып және түтін түтеткенінекөзді ашып жұмғанша 15 жыл толды. Қазақ тілінде талай тарихи оқиғалар жүзеге асып, үлкенді - кішілі игі істер атқарылып жатыр.



2 жүргізуші : Қазақстан жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық жарияланды.

Өзбек биі билейтін Гүлнар.

1 жүргізуші: Тәуелсіз ел - бақытты ел. Иә, біз бақытты елміз.Осынау шақты ата - бабаларымыз аңсаумен өтті. Ата - бабалар арманының орындалғанына да 15 жылдың жүзі болыпты. 15 жылдың бізге бермегенінен - бергені көп. Ең бірінші салт дәстүрімізді жаңғырттық. Республикамыз күннен күнге болашаққа адымдап, ұлы көшке ілесті. Тарих үшін 15 жыл қас - қағым сәт болар. Ал, Қазақстан үшін ғасырға бергісіз 15 жылдың орны ерекше. Қазақ халқы тәуелсіз ел атанды.

2 жүргізуші: 1992 жыл маусым айында Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды, Қазақстан ел рәміздері Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қбылдады.

1. жүргізуші: 1993 жыл 15-ші қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

"Апаға сәлем" орындайтын : Байдуллин Рүстем

2 жүргізуші: 1994 жыл - Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

1995 жыл - тамыздың 30 күні Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңы қабылданды.



1 жүргізуші: 1996 жыл 30-шы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің 1-сессиясына болды.

2 жүргізуші: 1997 жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болп жарияланды.

1 жүргізуші: 1998 жыл - халық бірлігімен ұлттық тарихи жылы деп жарияланды. Ел басшымыз Н.Е.Назарбаев Қазақстанның 2030 даму стратегиясы бағдарламасын жариялады. 6-шы мамырда Ел астанасы Ақмола қаласына көшірілді.

Мемлекетіміздің жаңа ордасы - Астана қаласын мәртебелеу рәсімі өтті. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы Үкімет қаулысы шықты.

1999 жыл - 10 қаңтар күні тұңғыш рет баламалы түрде Қазақстан Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

"Аққу сезім" орындайтын : Жұбашева Эльвира

2 жүргізуші:

2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды.

2001 жыл - Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ші ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

2006 жыл - 2 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жоданды.



"Сағыныш сазы" орындайтын Сембаева Әдемі

1жүргізуші: Көгімде тұр көк байрағым желбіреп,

Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз,

Бабаларды еске алып ержүрек

"Қазақ биі" орындайтын: Роза, Гүлнар

2жүргізуші: Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен ел үшін.

Берекең мен бірлігің

Таси берсін ырысың



"Елім менің " орындайтын Байдуллин Рүстем

1 жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз! Айымыз оңымыздан тусын, ағайын. "Дүниені дүр сілкіндірген - желтоқсан" атты әдеби кешімізді аяқтаймыз, сау - саламат болыңыздар!
Эпостан оралған батыр

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет