Сабақты қалай өткізу керек



Дата30.01.2017
өлшемі125,04 Kb.
#8328
Сабақты қалай өткізу керек:

1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын /жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін, ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.

Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз

2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.

3. Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күделікті іс сияқты қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік – тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.

4. Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.

5. Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.

6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.

7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушыныңбілімін объективті түрде бағалаңыз.

8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.

9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.

10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.

11. Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада тәртіпке шақыру мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.

12.Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.

13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.

Сабақты талдау әдістері мен түрлері

Педагогикалық сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің құрлымын, білім сапасын, оқытушының кәсіби біліктілігін анықтау, болып табылады.

Оқушылардың білім, білік іскерлігі мен сабақты талдаудың мақсаты:

-оқушыларды кәсіби мамандықты игеру деңгейі, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқыту процесінің мазмұндылығын анықтап, оған нұсқау беру;

-оқу-тәрбие процесінің құрлымымен мазмұның анықтау;

-оқушылардың білім, білік, дағды,іскерлік сапасын, деңгейін бақылау;

-мұғалімнің не шебердің кәсіби біліктілігін анықтау;

-мұғалімге нұсқау, педагогикалық шеберлікке жетуге көмек беру;

-мұғалімнің жетістігін анықтау, және оны жариялау

-мұғалімнің кемшіліктерінің себебін анықтау,оны жоюға көмектесу

-мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.

Сабақты талдау барысында оқытушының немесе оқу шеберінің, оқушының сабақтың іс-әрекетін төмендегі көрсеткіштермен талдайды.

Оқытушы немесе оқу шебері:

-ұйымдастыру мақсатын дұрыс және айқын қоюы;

-теориялық білімділігі;

-педагогикалық мәдениеті;

-уақытты тиімді пайдалануы;

-сабаққа тиімді және жаңа әдістерді қолдануы;

-оқушыға жеке дара көңіл бөлуіді іске асыруы;

-көрнекі, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдалануы;

-оқушылар білімін дұрыс бағалай біліуі;

-сабағын өзіндік талдауы.

 

Оқушылардың сабаққа қатысуы:



-оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі;

-білімі дайындығы;

-жан-жақтылығы, логикалы ой-дәрежесі;

-практикалық, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті;

-тәртібі мәдениеті, киіну мәдениеті;

-оқу-құралдарының сапасы.

 

Сабақтың өтілу барысы:



-сабақтың тартымдылығы;

-жаңалығы,өмірмен байланысы,ғылымилығы;

-интенсивтілігі,тиімділігі;

-оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілетін арттыру;

-сабақтың жүйелілігі, сабақ құрлысының сақталуы;

-сабақтың нәтижелігі,оқушы нені қаншалықты үйренгендігі;

-үй тапсырмасының, берілуі, мөлшері,эстетикалық,

-санитарлық –гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқытушылар өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа еніп,теориялық және практикалық сұрақтардан, сабақтың түрі мен әдісі жағынан,оқу-тәрбие жұмысының нәтижесімен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, қажет жағдайда озық тәжірибесін өз сабағына пайдаланып,үйренеді.

Оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақты талдауы төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асады:

-оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттері;

-сабақтың негізгі құрлысы;

-оқу-материалды тиімді іріктеу;

-оқыту әдісін үйлесімді таңдап алу;

-оқушының жалпы білім, дағды деңгейі;

-оқыту әдісін даралауды жүзеге асыру;

-көрнекілік ожәне техникалық оқу құралдарын пайдалану;

-пәнаралық дайланыс және өмірмен байланыс;

-үй тапсырмасының берілуі;

-оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі,ұйымшылдығы,белсенділігі;

-уақытты тиімді пайдалануы;

-эстетика, санитарлық-гигеналық шарт;

-моралды-психологиялы ахуал

-Сабаққа деген талаптардың орындалуы.

Сабақты талдау парағында пән аты, тобы, қатысқан күні, оқытушының аты-жөні, сабақтың тақырыбы жаылады. Талдау соңында өткізген сабаққа жалпы пікір, ұсыныстар мен қорытындылар жазылады.

 

Кәсіптік оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.



Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудаарналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты қазіргі қоғам талабына сай терең білім, білік, дағдылар мен құзырлылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдерқабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі айтылған.

Білім саясатының өзекті мәселелері-кәсіптік дайындаудың сапасын жақсарту, білім мен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбгейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгеру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғарғы деңгейде қолдана білу.

Оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологиялары жетілдіріп, кәсіптік лицейде сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.

Кәсіптік білім беруде күрделі де маңызды мәселе оқушыны болашақ мамандығына биімдеу,кәсби біліктілігін дамыту, сапалы және құзыретті мамн дайындау.Кәсіби білікті мамндар дайындау,үшін білім беру үдерісіне оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін енгізу қажет.Оқу үдерісін белсенділендіру-берік те тиянақты білім беруді жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, олардың келешек мамандығына қызықтыра білу, оқу-өндірістік және тәрбие үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқушының жан-жақты білім алуына, іскер әрі таланытты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер ықпалы ас зор.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларының меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»-деп көрсетілген.Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы компьютер болып саналады.

Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құүралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне белсенді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі-бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран»болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық-құрлымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға биімдеу.

Кәсіптік оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты –оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеру үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік беру.Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.Кәсіптік оқыту саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы,ал оқытушы үшін жұмысшы болып табылады.Оның қолдануы нәтижелі болу үшін бағдарламалық құралдар толық түрде оқытушының және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

 

3 .Инженер-педаагогтың кәсіби құзырлылығы және оның деңгейлері.

 

«Құзырлылық»деген соңғы уақытта жалпыдидактикалық және әдіснамалық деңгейде қолданысқа еніп отыр деп айиуға болады.Ғылыми әдебиеттерде құзырылық –қайсы бір тапсырманы орындай алуға қабылеттілік, бір нәрсе жасау, оқушының қалыптасып үлгірген жеке сапасы мен тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылады.

Педагогтардың кәсіби құзырлығына оның дайындығына қойылатын талаптарда көрсетілген барлық негізгі икемділіктермен дағдылар кіреді.Жаопы алғанда, педагогтың кәсіби құзырлығына оның педагогикалық қызметі ойдағыдай жүзеге асырумен қатар оның өз тәжірибесін кіріктіріп, жинақтай алуыда жатады.

Педагогтардың әдіснамалық құзырылығы-әр түрлі ізденіс пен тапқырлық әдістер негізінде педагогтың зерттеушілік, шығармашылық және жалпы педагогикалық проблемалары шеше алуы.

Педагогтардың технологиялық құзырылығы оның әдіснамалық құзырылығының бір саласы болып табылады.Педагогтың шешетің проблемасының деңгейі жоғарлаған сайын оның құзырылығының деңгейі жоғары деген сөз.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мынадай шарттары бар:

1.Әдістемелік құзыреттілік-оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану,дидактикалық әдістермен тәсілдерді білу және оларды оқыту процесінде білімдер мен іскеліктерді меңгерту үшін қолдана білу іскерлігі;

2.Зерттеушілік құзыреттілігі-оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтар, құрлымы мен мазмұны туралы жаңа білімдерді жасау үшін педагогикалық құбылыстарды, фактлерді оқып үйренудің ғылыми әдістермен қарулану;

3.Басқарушылық құзыреттілігі-өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен, әдістер мен қарулануы;

4.Ақпараттылық құзыреттілігі-қазіргі ақпараттылық технологиялармен қарулану, олардың күштілігімен нашарлығын, пайдалану аясын түсіну,алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу;

5.Коммунативтік құзыреттілік-қоршаған ортамен өзара әсерлесу әдістермен , тәсілдерімен қарулану,әртүрлі ситуациялардағы қарым-қатынасты бағалай білу;

6.Білімділік құзыреттілік-өзінің кәсібилілігін үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке және қоғамдық өмірде дамып отыру;

7.Экологиялық құзыреттілік-өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру,оны пайдалана білу;

8.Тәрбиелік құзырлеттілік- өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар арылы қалыптастыру,оны ұлттық тәрбие беруде кеңінен қолдану.

Сонымен, осы құзыреттіліктерді педагог игерсе, ол жоғарғы деңгейде қалыптасып,жаңа тұрпатты педагог болады.

 

4.Инженер-педагогтың порфолиосының құрлымы.



Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принцптері:

*жүйелілік;

*мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;

*ақпараттың обьективтілігі;

*көрнекілік.

Портфолионың негізгі мақсаты-мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің,кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;

Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әртүрлі-оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтежиелерін жинауына көмек береді.

Портфолио

*Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапаттауына;

*Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.

Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады.Портфолиоға салынған матералдар күннің жады, яғни уақыт көрсетіліп отыру тұрыс.Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдында қойылған міндеттері негізінде жасалады.

Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады.

Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса әр жас мамандар үшін үлгі бола алады.

Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға,қызметінің нәтежиесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтеруіне көмек береді.

Педагог портфолиосын құру бойынша жадынама

«Құжаттар портфолиосы»

Құрлымы:

1 бөлім.Педагог туралы жалпы мәлімет

2 бөлім.Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтежиесі

«Педагогикалық шығармашылы »портфолиосы

Құрлымы:

1 бөлім.Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары

2 бөлім.Педагогтың ғылыми -әдістемелік қызметі

3 бөлім.Кәсіби қызметінің нәтежиесін сараптық бағалау.

 

 
Каталог: Документы
Документы -> Методические материалы к проведению праздника 9 июня – Международный день друзей
Документы -> Оқу жылына кітапхана жұмысы жоспары. Кітапхана міндеттері
Документы -> Пән Айналымы Пән Коды
Документы -> 3 дтк-нің есеп беру-тағайындау конференциясын өткізу және жаңа Кеңес тағайындау. 10-11
Документы -> Педагогикалық ұжымның негізгі міндеті – инновациялық режімде сырттай оқу бөлімінде мамандарды дайындау үдерісін жүзеге асыру
Документы -> Семинар жұмысы жоспары № Шаралар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет