Сабақтың атауы Қабанбай («Дарабоз» романынан үзінді). Қабдеш Жұмаділов Мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі19,29 Kb.
#54249
түріСабақ

Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Реті:

Мұғалім: Калыкова Г.Ж.

Сабақтың атауы

Қабанбай («Дарабоз» романынан үзінді). Қабдеш Жұмаділов

Мақсаты


1.Қоғамдағы жеке адамның әрекеттері арқылы балалардың өмір шындығына деген түсінігін кеңейтуге мүмкіндік беру.

2.Оқушылар тарихи әңгімені түсініп оқуға, тарихи деректерді тиімді пайдалана білуге, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамытып, сөйлеу шеберліктерін арттырады.

3.Оқушылар өз елін, жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиеленеді.


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

Абылай. Арасанбай Естенов.

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуларын орындау.

Қызығушылықты ояту


- Батыр деп кімдерді атаймыз?

Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыры – Қабанбай батырмен танысамыз.

(слайд – «Сен білесің бе?»)



Жаңа сабақ


Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы.

Өмірбаяны

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Қабанбай батыр - Ерасыл Қожағұлұлы.

Лақап аты Қаракерей Қабанбай

Туған күні 1692 жыл

Туған жері Шығыс Қазақстан, Үржар

Қайтыс болған күні 1770 жыл

Мемлекет Қазақ хандығы

Әскер түрі атты әскер

Басқарды Орта Жүз жасақтары

Шайқасы:

Аягөз шайқасы

Шаған шайқасы

Алакөл шайқасы

Аңырақай шайқасы

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.



Мағынаны тану


Мәтін алдын ала бөліктерге бөлінеді.

Болжау кестесі



Жастар Қабанбайдан оның атының мағынасын сұрауға неліктен жасқанды?

Олай ойлауға не себеп болды?

Қабанбай бейнесі ертегілік кейіпкерлер сияқты болуы мүмкін бе? Мыс, Ер төстік

Олай ойлауға не себеп болды?

Қабанбай деп аталып кеткендіктен Ерасыл аты өшіп қалуы мүмкін бе?

Олай ойлауға не себеп болды?



















Дарабоз – Қабанбайға Абылай ханның қойған аты.

Дуалы ауыз – айтқаны келетін адам.

Сардар – қолбасшы.

Сөзін жықпау – айтқанын орындау.

Хақ – шындық, анық.

Қопа – қамысты жер.

Жезде – әпкесінің күйеуі.

Балдыз – әйелінің өзінен жасы кіші туысы.



Ой толғаныс

Мақал - мәтел жарысы:

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

Батыр майданда шынығады,

Болат қайнауда шынығады.


Бекіту

Ер қаруы – бес қару.

Қандай қаруларды қолданған?



Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау.

Бағалау

Бағалау

Рефлексия

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0952
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0952 -> Мектептегі «қиын» оқушылармен жұмыс әдістемесі «Қиын» оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі : «өмірі ауыр жағдайдағы балалар»
0952 -> Ашық тәрбие сағатының жоспары Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғат байлығын қорғау, үнемдеу –баршаның міндеті»
0952 -> Сабақтың мақсаты : Терінің құрылысы мен қызметі,тері аурулары туралы түсіндіре отырып, білім беру. Тәрбиелілігі
0952 -> Сабақтың тақырыбы : Көміртек, кремний және олардың маңызды қосылыстары. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет