Сабақтың атауы «Адам мінезімен танылады» Сілтеме



Дата19.02.2017
өлшемі75,35 Kb.
#10557
түріСабақ
Өзін – өзі тану пәнінен қысқа мерзімдік сабақ жоспары

5 «а» сыныбы


Ақмола облысы

Целиноград ауданы

10 орта мектебі



2 сабақ






Сабақтың атауы

«Адам мінезімен танылады»


Сілтеме

Өзін-өзі тану оқулығы. Алматы, 2010. «Бөбек» Назарбаева С.А

Жалпы мақсаты


Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.

Міндеттер:


- жақсы/жаман мінез-құлықты ажырат білуге үйрету;

-оқушылардың бойындағы жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету;

-өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Сабақ барысындағы ережені пысықтау. Өз ойын толық айта білуге, жаңа ортаға бейімделеді.




Күтілетін нәтиже

Бұрынғы білген білімдерін байланыстыра отырып, жаңаны үйренеді. Білуге деген құштарлықтары туындайды.

Тапсырмалар

Үш деңгейлі оқушыларға

  1. «Мінезі жақсы оқушылар деп...» тақырыбына эссе жазу

  2. Берілген Ақыл қалта жинағынан мінезге байланысты айтылған ойларды, нақыл сөздерді тауып, қорғау, дәлелдеу













Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу шаттық шеңбері, психологиялық ахуал орнату, ынталандыру


СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


Көшбасшылық жасау. «Балалығым-бал дәуренім» әнін үнтаспада орындалады. Оқушылар бірге орындайды

Сөзі: А.Айтпайдікі

Әні: Қ.Сақайдікі

Жерім бар ертегінің жұмағындай,

Елім бар нұр сәулелі шарғындай.

Сал-сері, батырлардың ұрпағымын,

Жайқалған жасыл желек құрағындай.

Қайырмасы:

Бал дәуренім тәтті балдай,

Өмір деген жақсы қандай.

Еркін елім мәпелеген,

Ұланыңмын жазық маңдай
Орындап ата-анаңның өсиетін,

Баламын жасы үлкенге бас иетін.

Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,

Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.



Қызығушылығын ояту. Жаттығу «Мозайка»





Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?


Мәтінмен жұмыс: Б.Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқып, кейіпкерлерге мінездеме беру.
Сұрақтар топтамасына жауап беру:

Жанардың Әлімге ренжуі дұрыс па?

Әлімнің қандай мінезі сендерге ұнады?

Балалардың қандай қасиеттерін өз бойыңнан көргің келеді?

Жаңа ақпарат:

«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен байқалады. Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзіңнің мінез-құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керек.

Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады.

Берілген тұжырымдамаларға оқушылардың өз ойларын қосуға мүмкіндік, ұсыныс беріледі.






Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру


АҚТ

  1. «Мінезі жақсы оқушылар деп...» тақырыбына эссе жазу

  2. Берілген мақал-мәтелдер жинағынан мінезге байланысты айтылған ойларды, нақыл сөздерді тауып, қорғау, дәлелдеу

СТО: «Стикерлермен диалог» стикердегі берілген сұрақтарға жазбаша жауап жазады. (Талқылау тәсілдерінің жинағы, Made by Mike Gershon-mikegershon@hotail.com)

Осы сыныпта ең салмақты мінезді оқушы кім деп ойлайсың?

Сыныпта ең тұрақты мінезді оқушының есімін жаз.

Мінезі жалпы жақсы деп қай оқушыны айта аласың? Есімін жаз.




Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының: «Жақсы мінез-бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін оқушылардың түсінгендерін бақылау

Сұрақтар ұсынылады:

Сонымен мінез дегеніміз не?

Адамның мінезі қайда және қалай танылады?

Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме? Қалайша?

Адам өз мінезін өзгерте ала ма?

Жақсы мінез лайық жақсы кісіге,

Көрер жақсы кірмегенді түсіне!

Нәрсе-тауар неге керек жаманға,

Қанша жисын, кедейге тең әмәндә!

Аулақ жүргін ар-ұятсыз пендеден,

Ұятты, арлы алғыс айтсаң-дем берер

Жүсіп Баласағұн

Жаттығу: Интербелсенді тақтадан қарау арқылы көңілді жаттығу жасату. (Қаражорға биі)

Бүгінгі сабақтың қорытындысымен ең белсенді оқушыны мадақтау барысында «Ты самый...» бейнесін көрсету.


Бағалау


Формативті жалпылай бағаланады. Интербелсенді тақтадан ең белсенді оқушыны қошаметтеп, бағалайды.

Портфолио жұмысын жалғастырады






Қосымша:

Әлім мен Жанар

Б.Тұрсынбаев

....Әлім қолғабын киіп сыртқа қайта шыққанда, әлгі күреген қарды шашып жатқан кішкентай қызды көрді. Қоңыр түбіт бөркінің төбесіндегі жас баланың жұдырығындай түймесі қозғалса, бұлғақтап Әлімді мазақтағандай болады. Әлім оның қасына жүгіріп келді.

-Олай күремейді. Былай күре, өзім күреймін.

-Мен ше? Мен де күреймін! – деді Жанар күрегін ыңғайлап.

-Бұл қыз бала істейтін жұмыс емес, қолыңнан келмейді.

-Жоқ, күреймін! Неге қолымнан келмейді?

Жанар ашуланып, Әлімге қабағын түйе қарады. Осы кезде оның қиылған жіңішке қастарының арасынан ұзынша сызық пайда бола бастады. Танауы қусырылып, үстіңгі ерні қайқайып кетті. Әлімді кейін қарай итерді де, өзі оның нақ алдына барып тұрды. Жанардың бұл мінезін жақтыртпаған !лім ауызн бұртитып:

-Ерегісе берсең, тіпті де күретпеймін! –деді.

-Мақтаншақ! –деді Жанар оған ашуланып. –Жолдың қарын өзім күредім деп, мақтанғалы жүрсің ғой. Мақтаншақ! Мақтаншақ!

Жанардың үйге қайтып келгенін көрген шешесі:

-Неге ойнамадың? – деп сұрап еді, қызы:

-Апа, Әлім жаман бала. Мен онымен ойнамаймын, -деді сөзін бөліп сөйлеп. Көзі жасаурап кетті.

-Неге жаман? –деді Әлімнің бұрын –соңды орынсыз істерін көрмеген Қадиша апай қызына таңдана қарап.

Жанар апасының қасына келді.

-Апа, ол маған қар күретпейді! Ол мақтаншақ. Өзі ғана күрегісі келеді.

Жанар терезеден Әлімге қарап:

-Мақтаншақ! –деп айқалайлады.

-Қой, жаман балаларша мазақтағанды қайдан шығардың? -деді--- Қадиша апай. –Әлім жақсы бала. Ол өздігінен келіп ешкімге тиіспейді...

Жанар ренжіп кетті ме дегендей, Әлім оның терезесіне қайта-қайта қарап тұр еді. Әйнектен сығалап тұрған Жанарды көріп:

-Жанар, Жанар! Кел, екуіміз күрейік, кел! –деді қолын бұлғап.

-Әне шақырып жатыр, -деді апасы қызына. –Жаман бала болса, шақырмас еді, көрмейсің бе, бар ойнай ғой. Жанар терезенің әйнегіне жақындай түсіп:

-Бармаймын-. Мақтаншақ! Мақатаншақ!-деп, тілін шығарып, тағы да мазақтады.

Әлім мектептен қайтқан соң, шанасын сүйретіп есік алдындағы сырғанақ теуіп жүрген балаларға келді. Әрқайсысына бір-бір шанаға отырып алып, биіктен ойға қарай сырғанай жөнелді.

-Әлім, кел, кел! –деді жолдастары қуанып. –Кел, Әлім, кімнің шанасы алысқа сырғанар екен, жарысайық.

Сырғанақ тепкендерге қызылға қарап тұрған – балалардың ішінде Жанар да бар еді. Балалардың «Әләм» деген даусын естігенде, ол жалт бұрылып Әлімге қарады...

-Бір, екі, -деді Әлім, сол кезде анадай жерде қызыға қарап тұрған балаларға көзі түсті. Оқшаулау тұрған Жанарды көрді.

-Тоқтай тұрыңдар! –деп, шанаға отырғандарға қолын көтерді де, -Ана шанасы жоқ балаларды да бір-бірден мінгізіп алайық. Кел, Жанар, -деді.

Жанар Әлімді тағы да мазақтағысы келді. Кейін қарай шегіншектеп үйіне қарай бұрыла беріп:

-Мақтаншақ! – дей бергенде, Әлім оған қолын бұлғады.

-Кел, Жанар екеуміз отырайық, мін менің шанама! Жанар кілт тоқтап, «алдап тұр» деп ойлады.

-Кел, тез!-деді Әлім шанасын Жанарға қарай сүйреп. Осы кезде оның қасындағы балалардың бәрі де жолдастарының шанасына екі-екіден отырып алған еді. Жарысуға асыққан олар:

-Жанар, отырсайшы енді! Тез, тез!-деп, ренжи сөйледі.

Жанар Әлімнің шынымен айтып тұрғанын білді. Бірақ жаңағы мазақтағанына қысылып, оның шанасына отыруға батпады. Ақыры Әлім Жанарды шанасына отырғызды да:

-Бір, екі, үш! –деді дауыстап. Қатар тұрған балалар тегіс ойға қарай сырғанай жүгірді.




Ақыл қалта

Мінезін жақсартпағандарды, оқытқанды ұқпағандарды, парызды ұмытқандарды, кемшілігін жоюға тырыспағандарды көргенде қайғы шегемін.

Конфуций

Егер сен қарау әрі қызба болсаң, басқа жақсы мінезіңнен не пайда?

Конфуций

Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші-адамшылық қасиеттер саналады. Егер бұл екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыз бен іс-қимылдарымыздан абзалдық пен жетілуді табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, қайырымды адамдар бола аламыз, осылайша бақытқа қол жеткіземіз.



Әл-Фараби
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет