Сабақтың атауы Қазақ әдебиеті 7 сынып Сілтеме



Дата16.11.2016
өлшемі74,28 Kb.
#1841
түріСабақ
К. Мухангалиева

Ишимское орта мектебі

Ақмола облысы,

Жақсы ауданы,

Ишимское ауылы


ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ


Сабақтың атауы

Қазақ әдебиеті

7 сынып

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі, қосымша ресурстар

Сабақтың жабдығы

Көрнекіліктері: слайд, флипчарттар, түрлі-түсті фломастер, үнтаспа, карточкалар, стикерлер, магнит, таймер, шарлар

Жалпы мақсаттары


- Білімділік: Ақынның өмірбаяны мен шығармашылғы туралы мәлімет беру.Мәтінмен жұмыс жасауда тілін жаттықтырып, сөздік қорын байту.

- Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

-Тәрбиелік: Оқушы бойында адамгершілік құлшынысын тудыру. Қазақ халқының ақындарын, хандарын, билерін естеріне сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

  • Топта өзара келісе біледі, тіл мәдениетін сақтайды

  • Әр сөзді орнымен қолданады, өз бетінше ойын толық жеткізеді.

  • Тақырып аясында ьерілген тапсырмаларды сауатты орындайды.

  • Диалог құрауда сөздік қорлары молаяды.




Сабақтың ұраны

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз

Біз талантты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан



Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялау кезеңі


2мин

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз жаңашылдыққа толы болмақ. Ол үшін біз алдымен топқа бөлініп алайық.

  • Оқушыларға шарларды түстер арқылы таңдауға мүмкіндік беріледі

Оқушылар шарлар арқылы топқа бөлінеді


Ынтымақтастық атмосферасы

3мин

Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.


Оқушылар ыңғайланып отырады, музыка әуеніне енеді, мұғалімнің айтқанын тыңдай отырып, көз алдарына елестетеді. Бойларындағы жағымсыз сезімдерінен арылады.

Үй тапсырмасын тексеру

«Сөзжұмбақты шешейік!»  



5мин

1. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деген кім? (М.О.Әуезов) 
2. «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі...» деген кім? (Б.Момышұлы) 
4. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшы болмаса, не жетім? (ел) 
5. «Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды» деп кім айтқан? (К.Д.Ушинский) 
6. Шешендік сөздің бір түрі. (дау) 
7. «Испытывать» сөзін аудар. (сынасу) 
8. «Не қажет болса, соның бәрін айту, артық сөз айтпау – нағыз шешендік деген сол» деген кім? (Ф.Ларошфуко) 
9. «Поручить» сөзін аудар (жүктеу) 
10. Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы. (М.В.Ломоносов) 
11. «Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласың» деген кім? (М.Горький)

12. “Доля”(сыбаға) 13.Благоденство (құт береке)



Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға оқып тұрады, топпен жұмыла жауап береді, жылдамдықтары артады.

Қызығушылықты ояту

2мин

Ойын ойналады. «Адасқан әріптер» ойыны. Оқушылар адасқан әріптерді таба отырып, сабақтың тақырыбын ашады.

Ойын арқылы сабақтың тақырыбын ашады

Мағынаны тану


4мин

2мин

1. Үнтаспада Әйтеке би жайлы бейнефильм ұсынылады


Қазақ билері

Төле би Қазыбек би Әйбеке би


2.Диалог арқылы жаңа тақырыпты өрбіту.Оқушыларға жалпы сұрақ.

  • Әйтеке кім?

  • Қандай адам болған?

  • Әділ, шешен, батыр, би.

  • Елін, жерін қорғаған.

  • Кіші жүз халқының бас биі болған,

  • Бес жасынан сауатты болған, бірнеше тілді меңгерген.

Сөз жарысы” ойыны


4мин



Ойынның шарты:Топтан үш топбасшылар шығады. Мұғалім сөздерді орыс тілінде атайды, оқушылар қазақ тіліне аударады. Үш оқушының қайсысы көп айтса, сол жеңеді.

1 топ: 2 топ: 3топ:

История- Средний жуз- Рассказ-

Древний- Справедливый- Род-

Тема- Мудрый- Любить-

Понятие- Мнение- Традиция-

Изучал- Посвящение- Вопрос-



Әр топтағы отырған оқушылар топ басшыларына көмек жасап отырады.

Ой толғаныс


7 мин

Шығармашылық жұмыс:

Бұл тапсырманы оқушылар топта орындайды. Кітаптағы мәтін бойынша сұрақтар беріледі.Үш топ флипчартты толтыру арқылы сұраққ жауап жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсірген соң, топпен қорғайды.

1 топ: Әйтеке бидің айтқаны?

2 топ: «Алты алаш» ұғымы

3 топ: «Жеті ата» ұғымы


Әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғайды.

Дәптермен жұмыс

«Венн диаграммасын толтыру»

5 мин





Қазыбек

би


Әйтеке би



Оқушылар дәптерлеріне екі бидің айырмашылықтарын тауып, ұқсастықтарын жазады.Бір- бірлерін тексереді.

Сабақты бекіту

«Иә», «Жоқ» әдісі бойынша Әйтеке бидің өмірі мен шығармашылығынан не білетіндері туралы қорытындылау.

2 мин

1. Әйтеке Байбекұлы Өзбекстанда өмірге келген.
2. Әйтеке қалмақ ханы Қоңтажымен кездескен.

3. Әйтекені Жалаңтөс баһадүр тәрбиелеген.


4. Әйтеке «Қарлығаш би» атанған.
5. Әйтеке 1667 жылы дүниеге келген.
6. «Елінен айрылған ер бақытсыз, жерінен айрылған ел бақытсыз...»даналық сөзін Әйтеке би айтқан ба?
7. 25 жасында Кіші жүздің бас биі болған.

Барлықтары белсенді жауап береді

Мадақтау


Бағалау

2 мин

Оқушылардың барлығына ризашылық білдіру.

-Бүгінгі сабақта нені қайталадық?

-Қандай жаңа тақырыыпты меңгердік?

-Нені үйрендік?



Спикерлер тұрып өзінің тобының жұмысына жалпы баға береді, жақсы, кем жақтарына тоқталады.

Бірін-бірі формативті түрде бағалайды.



Рефлексия

5мин



Үйге тапсырма

2мин

Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық



Ұмытпай есте сақтап алайық

Әйтеке би жайлы қосымша материал жинап, реферат жазу.

Күнделіктеріне жазып алады


 

 
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет