Сабақтың атауы Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сипаты Мақсаты



бет1/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,5 Mb.
#694
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Әдебиет

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сипаты

Мақсаты

Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сипаты туралы түсінік

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», т.б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы.Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары; Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық , т.б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары. /«Атымтай Жомарт»/. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/.Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/. Мұсабек Байзақұлы /1849-1932/. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер /Адам түгіл алдайды періштені», «Ғылымсыз болып қартайсаң», т.б./ Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім – тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б/ «Қамар сұлу» романы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы /1871-1929/. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы. Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.Міржақып Дулатұлы (1885 – 1935). Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы. Спандияр Көбейұлы(1878 –1956).Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, «Үлгілі бала» жинағын шығаруы. «Қалың мал» романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы. Сәбит Дөнентаев(1894 – 1933).Ақынныңшығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі. Ғұмар Қарашұлы (1876-1921). Өмірбаяны,оқытушылық қызметі,өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі, стилі, өлең. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918) Шығармашық өмірбаяны, Абай үлгісінде өлең жазуы. Ақын өлеңдеріндегі отаршылдық саясаттың әшкереленуі, замана шындығының көрініс беруі. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмір жолы, қоғамдық қызметі. Өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі. Бернияз Күлеев (1899-1923), шығармашылық өмірбаяны, ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы. Ығылман Шөрекұлы (1876-1931), Тайыр Жомартбайұлы (1884-1937) сияқты қаламгерледің әдеби мұралары. «Исатай -Махамбет» дастаны. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы жайындағы өлең-жырлар және олардың тарихи маңызы, қазақ әдебиетінен алар орны.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мағынаны тану

Ой толғаныс

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді













Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады



Әдебиет

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Ахмет Байтұрсынұлы, «Маса»жинағы

Мақсаты

Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас  әріппен  жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.


Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады. Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.



Мағынаны тану

«Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған - терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік


Менің ойым

Кітапта жазылған


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет