Сабақтың атауы О. Генри «Соңғы жапырақ»



Дата04.10.2020
өлшемі17,93 Kb.
#63995
түріСабақ

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Абдолова Әсем

7 сынып


Исатай ауданы

Х. Наубетов атындағы орта мектеп



Сабақтың атауы

О.Генри «Соңғы жапырақ»



Сілтеме

7-сыныбына арналған әдебиет оқулығы

авторы: Құтқожина Р, БітібаеваҚ, Жаманбаева Қ



Жалпы мақсаты


О Генри өмірі туралы мағлұмат бере отырып , әңгіменің мазмұнын меңгерту , кейіпкер бейнесін ашу

Міндеттер:


1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
2Топпен жұмыс барысында топта айтылған барлық пікірлермен санасу арқылы бір-бірін сыйлауға үйренеді. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамиды


Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау


Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау



Күтілетін нәтиже

Оқушылар О.Генри өмірімен танысып, шығарма мазмұнын толық меңгереді

Сабақтың түрі:


жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы



Сабақтың жүру барысы :

Ұйымдастыру Үй тапсырмасын сұрау

« Автор орындығы» стратегиясы

1 Ш. Петефи туралы не білеміз ?

2 « Ұлт» өлеңінің тақырыбы қандай ?

Өлеңді мәнерлеп оқыту



Жаңа сабақ

-Ендеше, бүгін О Генри өмірі, шығармашылығымен және

« Соңғы жапырақ » әңгімесімен танысамыз. Бәріміз тақтадағы О Генри өмірі мен шығармашылығына арналған деректерге назар аударамыз

О Генри « Соңғы жапырақ» әңгімесінің мазмұнымен танысу үшін үш топқа әңгіме мазмұнын 3-ке бөліп таратамын. Әңгіменің мазмұнына қарай топ оқушылары бір-бірін жалғайды, өзара пікір алмаса отырып, толықтырады

(мәтін мазмұны оқушыларға таратылып оқушыларға уақыт беріледі)

Топ оқушылары бір-бірінің ойын жалғай отырып, шығарманың мазмұны тыңдалынады.



Топтық жұмыс :

1. Шығарманы композициялық құрылысына талдау.

2. Шығармаға жоспар құру

3. Кейіпкерлерге мінездеме беру



Пікірлесу бөлімі (проблемалық сұрақтар беру)

1. Досы Сьюди науқас қыздың соңғы жапырақ құлап түскен күні мен өлемін деуінен неге қауіптенеді?

2. Қара күздің қар аралас ызғары соққан желінен соңғы жапырақ неліктен құлап түспей қалды ?

3.Қай кейіпкерге өзің автор ретінде өзгерту енгізер едің? Немесе қай кейіпкердің іс әрекетін қолдағың келмейді ?

4.Әңгіме неге « Соңғы жапырақ»деп аталған ? Өздерің қалай атар едіңдер?

Ой толғаныс:

Топ мүшелері Достық тақырыбында өлең құрастыру

Шығармадағы күздің көрінісін суретпен бейнелеу

« Өмір сүргім келеді» тақырыбында ой толғау

Ү. Үйге тапсырма: «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында шығарма жазыңдар

Рефлексия: Балалар сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Мен бүгін білдім.................

Мен үшін қызықты болды...

Маған қиын болды

Мен тапсырманы орындадым

Енді мен …

Мен үйрендім…

Бүгінгі сабақ мен үшін



Бағалау
Критерийлері :
1. Шығарма мазмұнын түсінуі
2. Сұрақтарға жауап табуы
3. Топпен жұмыс барысындағы белсенділігі
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет