Сабақтың атауы Тақырыбы: Сезім мүшелері Сілтеме Қазақ тілі



Дата26.08.2017
өлшемі57,33 Kb.
#28323
түріСабақ

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Нұрмағанбет

Жанар

5 сынып

оқушының саны- 15


Ақмола облысы

Шортаны ауданы

Андреевка орта мектебі

2апта

10.04.2013ж.

3-сабақ 11:55-12:40

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Сезім мүшелері


Сілтеме

Қазақ тілі

Авторлары: Т. М. Артықова , Ж. Н. Қыстаубаева

Слайдтар, сабақ жоспары.


Жалпы мақсаты


Ма,ме,ба,бе, па,пе шылауларының сөйлемге сұрау мәнін

Үстеп, сұраулы сөйлем жасаудың бір жолы болып табылатынын және олардың өзі тіркескен сөзден бөлек жазылатыны туралы түсіндіру. Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы ма, ме, ба, бе, па,пе шылауларын

Шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ой түйін жасауға бағыттау ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашыл ылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сезім мүшелері туралы ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын байыту.



Міндеттер


1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау .

5. Дене мүшелерінің адам өміріндегі маңызын ашу.

6. Сезім мүшелерін күтуге баса назар аударуға бағыт беру.





Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығуы.

2.Мұғалімнің оқуға бағыттап отыруы.

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

4. Қазақ тілін еркін меңгеруге қалыптасу.

5. Сөздік қорының молаюы

6. Топпен жұмыс істеуде ұжымшылдыққа, бірлікке қалыптасуы.



Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері

1.Қызығушылығын ояту:

2.Ой шақыру әдісі - тж

3. мәтін оқу - жж

4.Карточкалармен жұмыс-жж, жж

Тәсілдер:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.мұғалім мен оқушы арасындағы диалог.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету- инсерт технлогиясы

3.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау- смайликтер арқылы

4.АКТ-пайдалану- жаңа тақырыпқа презентация, оқушылардың қорғауы

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту- флефчарт жасау- 1 топқа берілді. Ол топта бұл санаттың оқушылары бар.

Стратегия: Блум таксаномиясы- Жуан сұрақтар. Инсерт технологиясы-


Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау парағы,

үлестірмелі материалдар, слайдтар, флепчарт, маркер, адам қаңқасы.



Күтілетін нәтиже

1.Шылау туралы ұғымдары кеңейеді.

2. Адамның сезім мүшелерімен танысады.

3. Жаңа сөздермен танысу.

4.Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

5. Денсаулығын қадірлеуге қалыптасады.

6. Әр дене мүшесінің атқаратын қызметін біледі және оларды күту, қорғауға, барды қадірлей білуге машықтанады.



Ұйымдастыру

кезеңі

-Сәлемдесу;

3-топқа оқушылар мерекелік открытканы жинақтастыру арқылы топтастырыру.

Кеңесу, ақылдасу орталығын құру.

Кеңесші тағайындау. 2 мин



Үй жұмысын тексеру: Дене мүшелеріне -жеке эссе жазу.




Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.


Жаңа сабақ 15 мин

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой шақыру әдісі. Блум таксаномиясы бойынша жуан сұрақтар:

  1. Дене мүшелері неден тұрады?

  2. Бас бөліктерін ата.

  3. Бас қандай қызмет атқарады?

  4. Көз, мұрын, құлақ туралы не айтар едің?

-иә, бұл мүшелер сезу қызметін атқарады. Бүгінгі тақырыбымыз да осы туралы:

Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Ендеше, бүгін сол сезім мүшелерінің бірімен танысамыз Слайд көрсету.

Сергіту сәті—


1.сұрақтарға жауап береді, ойларын топтайды.

Тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтерді ұғып алады.


Балалар демалады, көңіл-күйлері көтеріледі.

Оқулықпен жұмыс 15 мин

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өзара оқыту әдісі . мәтінді іштей оқу-2 мин.

Әр топ тапсырмаларды орындайды.- 10мин.

1- Мәтінді мәнерлеп оқиды.;

2- Мәтінді аударады.;

3- Мәтіннің мазмұнын баяндайды - қағаз бетіне түсіреді .
Оқушылардың жұмысын бағалау; смайликтер беріліп отырылады.


Мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын ұғынады, мәтін мазмұны бойынша ойларын қағаз бетіне түсіреді.

Бекіту 7 мин

4. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3-тапсырма- мәтінді оқи отырып, дәрігерлік кеңес құру.Көрініс түрінде көрсету.

  1. Мәтінді бір-біріне түсіндіреді.

  2. Бір-біріне мәнерлеп оқып береді.

  3. Топ болып талдайды.

  4. Қағаз бетіне өз дәрігерлік кеңестерін түсіреді.

Карточка тапсырмаларына жауап береді.

Екі оқушыға ортақ. Тез жеке орындайды. Бір-бірін тексереді.



Оқушылар бағалайды.

Қорыту Күтілетін нәтиже 3 мин

6 .Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Инсерт технологиясы бойынша парақты толтыру.

Білімдерін жинақтайды. Білуге ұмтылады. Білгісі келетіндерін жазады.




Бағалау 2 мин

7. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Смайликтері бойынша баға қорытындылады.

Бақылау парағындағы ұпайлар есептеледі.

Үйге тапсырма 1 мин

8. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар тақтадан жазылады.

1. Көз туралы оқуға




Күнделікке жазады.



Каталог: uploads -> doc -> 0603
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0603 -> Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары. Осы шақ. Қазақтың ұлттық ойындары. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет