Сабақтың атауы Тақырыбы:



Дата24.04.2017
өлшемі66,91 Kb.
#14890
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Хайыпбекова Эльмира

4 «Е» сыныбы

оқушының саны 29

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп- гимназия

Сабақтың атауы

Тақырыбы: «Туған жер» Қасым Аманжолов.

Сілтеме

Ана тілі

Авторлары: С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.



Жалпы мақсаты


Білімділік: Оқушының өлеңмен таныса отырып, өз туған жерінің ерекшелігін ақын сезімімен сезінуге үйрету.
Дамытушылық: оқушыны шығармашылыққа баули отырып, ақынға деген, туған еліне деген көз қарасын және оқушының өз пікірін қағаз бетіне түсіре алу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Еліне, жеріне деген патриоттық сезімін тәрбиелеу.



Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1. Жеке, жұппен, топтаса отырып тақырыптың мазмұны мен идеясын анықтау;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру.



Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері

Білімді жүйелеу.

Сұрақ –жауап, ішінара ізденіс, жинақтау, қорыту, талдау.

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру.


Сабақтың көрнекілігі

Әдістемелік құралдар, флипчарт, маркер, тест, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже

1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;

2. Өлеңнің мазмұнын біледі;

3.Өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін қағаз бетіне түсіре алады.

4. Жергілікті тарихи орындар жайлы білімдері кеңейеді.

5. Бір-біріне сұрақ қояды;

6. Ой қорытады;

7. Пікірлерін айтады;

8. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

9. Жазу сауаттылығы артады.


Ұйымдастыру

кезеңі

1. Сәлемдесу; 2 мин

2. Психологиялық сәт.






Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Жаңа сабақ

1. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Қызығушылықты ояту :

2. Топтастыру: Ақындар, жазушылар, суретшілер.

Топбасшыны сайлау.(топтастыру қағазындағы таңба бойынша сайлау)


Қағазға жазылған топ атаулары бойынша бөлінеді.



Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 32 мин

1.Өткен тақырыпқа шолу. Тест (5 минут)
2. Жаңа сабаққа дейінгі кезең:Жергілікті жердің тарихи орындары жайлы мәліметтер жинап келу.

«Ми шабуылы» - ой қозғау: «Менің Отаным» тақырыбында шағын әңгіме құрастырып жазу.

Жаңа сабақ:

-Балалар біз бүгін ақын Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік беру.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келді. Ол қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Халқымыздың дарынды ақыны. Атақ даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) Ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспандағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шам шырағы еді.Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, туған жер мен ата-ананы, достықпен махабатты, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады. Қасым Аманжолов-қазақтың ірі ақындарының бірі.

3. Өлеңді мәнерлеп, тізбектеп оқу.

4. Өлеңнің мағынасын талдау:

-Ақын осы шығармасы арқылы бізге нені , қандай ойды жеткізіп тұр?

-Ақынның туған жеріне деген мақтаныш сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?

-Туған жердің кеңдігі, байлығын ақын не деп тебіренеді?

-Қызығыңды көріп еркін келемін деген жолдағы ақын ойы не?

Кластер әдісі бойынша ассосация жасау: «Туған жер» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?


Туған жер

Топтық тапсырма:

Суретшілер тобы: «Ауылымның көрінісі» тақырыбында сурет салу.

Ақындар тобы: «Отан» тақырыбында өлең шығару.

Жазушылар тобы: «Менің ауылым» тақырыбында тірек сөздердің көмегімен сипаттау мәтінін жазу.

Жұптық жұмыс: Мақал-мәтелдер жазу.

Ой толғау: Эссе жазу. «Туған жер»

Автор орындығында орындау.




Тесттік жұмысты уақытты үнемдеп жасауға үйренеді.

Үйден дайындап алып келген мәліметтерді ортаға салып , ой бөліседі.

Шағын әңгіме жазады

Автордың өмірбаянымен танысады, пайымдайды.

Кезекпен тізбектеп оқиды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.

Өлеңнің мазмұнын талдайды

«Туған жер» деген ұғымды түсінгендері бойынша жазады.

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

Жұптасып туған жерге қатысты мақал-мәтелдер жазады.

Еркін жазуды орындайды.


Бекіту 5 мин

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Пай, пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дірілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал сері кеткен жер.

Бас иіп иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер. М.Мақатаев
Елімізді қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту- әр бірімізге парыз!


Оқушылар М. Мақатаевтің сөзімен ой қорытып, түйіндейді.


Қорыту Күтілетін нәтиже 3 мин

4 .Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс:

-Бұл сабақ басқа сабақтардан ерекшеленді ме?

- Бүгінгі сабақтан қандай жаңа ақпаратты ала алдыңдар?

Сабақтан алған әсерлері жайында айтады.



Бағалау 2 мин

5. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақ барысында формативті бағалап отыру.

Сабақ соңында жиынтық бағаны қою, жариялау.



Топбасшының бағалауы.
Бағаны күнделікке қойдырады.

Үйге тапсырма 1 мин

6. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар тақтада жазылады.

Өлеңді жаттау.





Күнделікке жазады.



Каталог: uploads -> doc -> 09cf
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09cf -> Сабақ жоспары тақырыбы:
09cf -> Сабақтың тақырыбы: ҚХР. Моңғолия Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет