Сабақтың аты Тербелмелі қозғалыстарға есептер шығару Сілтеме Жоспар



Дата26.08.2017
өлшемі64,81 Kb.
#29743
түріСабақ
ОБЛЫС: ОҚО

АУДАН/ҚАЛА: Сарыағаш ауданы

АУЫЛ: Ақниет ауылы

МЕКТЕП: №29 Ұлықбек атындағы ЖОМ

ПӘНІҢІЗ: физика

ФИО: Жораев Ерлан Кудайбергенович
Сыныбы: 9 ә


Сабақтың аты

Тербелмелі қозғалыстарға есептер шығару

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Тербелмелі қозғалыс туралы білімдерін шыңдау.

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерге арналған формулаларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету




Күтілетін нәтиже

  • Тербелмелі қозғалыс жайында мағлұмат алады.

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топ арасында бағалай алатын болады

әдіс-тәсілдер

СТО модулі

Негізгі идеялар

Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.

Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.

Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.





Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «жалғасын тап»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (формула әріптеріне байланысты 4 топқа бөлінеді)

1-кезең – қызығушылықты ояту

ІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (5 минут)

Өткен тақырыпқа шолу жасау «Дискуссиялық өрнек»



Механикалық тербеліс

Жүйе тепе-теңдік күйінен шығарылып, өзіне ерік берген соң пайда болатын тербелістер

Еркін тербелістер

Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет артуы құбылысы

Еріксіз тербелістер

Бірдей уақыт аралығы өткен сайын дәлме-дәл немесе жуықтап дәл қайталанып отыратын қозғалыстар

Резонанс

Электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор мен катушкадан тұратын тізбек

Тербелмелі контур

Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербеліс

ІІІ. Топтық жұмыс (25 минут)

Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.



Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау

өлшемдері


Топтар
















1



















2



















3



















4

Қорытынды:
















0-ешнәрсе жазылмаған

1-балл толық емес

2-балл орташа

3-балл толық орындалған



2-кезең – мағынаны ашу

Топтарға берілетін деңгейлік есептер:

1-топ:

1. Математикалық маятниктің ұзындығы 4000см. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?



2. Ұзындығы 37см резеңке баудың қатаңдығын анықтау үшін оқушы бауға массасы 100г жүк ілгенде бау 90см-ге ұзаратын болса, онда резеңке баудың қатаңдығы және периоды қандай болады?

3. Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі (м). Тербелістің амплитудасын, жиілігін және периодын табыңдар.

2-топ:

1. Камертонның жиілігі 440Гц болса, 5с-та қанша тербеліс жасайды?



2. Қатаңдығы 160Н/м серіппеге ілінген массасы 400г жүктің тербеліс жиілігін табыңдар.

3. Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі . Тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі және меншікті жиілігі қандай?

3-топ:

1. Қатаңдығы 10Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды қандай?



2. Контурдағы конденсатордың сыйымдылығы 50мкФ, циклдық жиілігі 5кГц. Индуктивтілігі неге тең?

2. Тербеліс амплитудасы 10см, ал жиілігі 0,5Гц болса, онда қозғалыс теңдеуі қалай жазылады?

4-топ:

1. Тербелмелі контурдың сыйымдылығы 50мкФ-қа, ал индуктивтілігі 50Гн-ге тең. Контурдың тербеліс периодын табыңдар.



2. Маятник 1 мин 40с-та 50 тербеліс жасайды. Тербелістің периодын, жиілігін және циклдық жиілігін табыңдар.

3. Маса секундына қанатын 600 рет қағады, ара қанатыныңтербеліс периоды 5мс, 1 мин ұшқанда осы екеуінің қайсысы қанатын көп қағады?

Сергіту сәті: пайдалы кеңестер (3 минут)

3-кезең – ой толғаныс

Бекіту:


IV. Жеке жұмыс «дұрысын тап» ( 5 минут)



Физикалық атауы

өлшем бірлігі

1

T




2

n




3






4






5

L




6

C




7

k




8

m




9

L




10

A





V. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

24-жаттығу №3

Кейінгі оқу

қайталау

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет