Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының Парламенті



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,32 Kb.
#94981
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
31сабақ
Мамбетова Салтанат ТМО-19-1 №2 пр жумыс, 1-2021-31-000253909-2-1

Сабақтың тақырыбы: Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам...
Тұрақты тіркестің ерекшеліктері. Тіркескен сөздердің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін жинақтау, тұжырымдау, қайталау;
Лексикалық тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, сөздердің мағынасын түсінуге, мақсатқа сай орынды қолдануын жүзеге асыру.
туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Қазақстан Республикасының Парламенті
ҚР Парламенті – Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган. Парламент екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.
Сенат – ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы. Өкілеттік мерзімі – 6 жыл.
Мәжіліс – ҚР Парламентінің төменгі палатасы. Өкілеттік мерзімі – 5 жыл.
Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған 15 депутаттан, және әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республика астанасынан екі адамнан сайланады. Барлығы 47 депутат (болашақта олардың саны орнынан кеткен президенттер қатарынан көбейеді).
Мәжілістің құрамы партиялық тізім бойынша сайланатын – 98 және Қазақсатн халқы Ассамблеясынан сайланатын – 9 депутаттан, барлығы – 107 депутаттан тұрады
Депутаттық топ – депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі
Фракция – депутаттардың ұйымдасқан тобы. Фракция Парламентте саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады
ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер енгізеді, Республикалық бюджетті бекітеді, Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге құқылы, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және алып тастайды, рақымшылық жасау мәселелерін шешеді, халықаралық шарттарды ратификациялайды, т.б.
Депутат парламент сессиясында барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады, депутаттық сұрау салуға, қабылданатын заңдардың, қаулылардың жобаларына түзетулер енгізуге құқылы, т.б.
Парламенттік демалыс кезінде депутаттар өздерінің сайлау округтеріне барып, сайлаушылармен кездесіп, олардан түскен шағымдарды қарауы керек
Парламент өзінің жұмысын сессия тәртібімен жүргізеді. Сессия палаталардың біріккен және оңаша Палаталарынан, Палаталардың тұрақты комитеттері мен бірлескен комиссияларынан тұрады. Парламент сессиясын Республика Президенті ашады.
Конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау, Республика Президентіне Республика Премьер-министрін тағайындауға келісім беруі, Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау, т.б.
ҚР Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау, Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру, т.б.
Заң шығару ынтасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек Мәжілісте жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттары мақұлдаған заң жобасы Сенатқа беріледі, онда 60 күннен асырылмай заң қаралады. Сенаттың үштен екісі мақұлдаған жоба заңға айналады, он күн ішінде қол қою үшін Президентке ұсынылады. Президент бір ай ішінде заңға қол қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет