Сабақтың барысы: Бұл сабақ алдыңғы сыныптар тақырыптарының жүйелі жалғасы болып табылады



Дата22.11.2016
өлшемі437,94 Kb.
#2273
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Бабалар мұрасы. №1

Ж.Тұрсынбаев. «Киіз үй»-үйрену.

Музыка сауаты. Сал-сері.

Сабақтың мақсаты: ұлттық музыка және өнер қайраткерлеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халық композиторларының шығармаларымен таныстыру.

Сабақтың міндеті: музыкалық ырғақты сезінуге баулу, оқушының шығармашылық ой-өрісін дамыту халық әндері мен аспаптың музыка арқылы ата-баба дәстүрін қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу..

Сабақтың барысы:

Бұл сабақ алдыңғы сыныптар тақырыптарының жүйелі жалғасы болып табылады.

Елімізде өнерлі адамдар аз болмаған. Өнерлі адамдар халық арасында ерекше сыйлы, қадірлі. Қазақтық кез келген үйі өнер иесін ең сыйлы өонақ ретінде қабылдаған

Оқулықпен жұмыс

«Бабалар мұрасы» тақырыбы оқылады.



Сергіту

«Келіншек» халық күйінің әуеніне би қимылдарын жасату. Мысалы, «Салем», «Тұмарша», «Шаңырақ», «Құс қанаты». Бұл қимылдар 1-сынпта «Би және музыка» тақырыбында өтілген. Мұндай жаттығулардың баланың ырғақтық әуенді сезінуіне, қлттық өнерге сүйіспеншілігін арттыруға әсері мол.

Дауыс жаттығуы «Киіз үй» әнінің қайырмасында кездесетің «ха-лә-лә, лә,лә, ха-ла-ла-ку-ли-ла-ла» әуеніне, балалардың үсдестігіне жақын етіп ыңғайлы дыбыс биіктігімен орындатылады. Бұл әдіс ән үйрету кезінде баланың есту, есте сақтау қасиеттерін дамытады. Ән оқушыларға 1-сынып бағдарламасынан таныс. Әннің құрылымы, орындалу күрделірек болғандықтан, қайта еске түсіреді.

ЖҰМБАҚТАР

Ұқсайтын шеңберге,

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

(Киіз үй)

Бір нәрсе биік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.

Көзі бар жабырқаған төбесінде,

Жайса үлкен, жинағанда бір-ақ уыс.

(Киіз үй)

Сұрақтар:

Сүйегі, төбесіндегі көзі деген не?

Киіз үй неден құралады? (Шаңырақ, уық, кереге, түндік, басқұр, ағаш есік).

Киіз үйдің негізі ағаштан, ал жабуы қойдың жүнін басылған киізден жасалады. Сондықтан киіз үй деп атаған.

Жазғы демалысыңда ата-әженнің ауылына, жайлауға бардың ба? Немесе «Наурыз» мерекесінде құрылған алты қанат ақ боз үйдің ішіне кірдің бе?

Киіз үйдің өзің көрген жасаулары мен ішкі жиһаздарын атап бер.

Киіз үй макетін немесе суретін көрсете отырып, киіз үйдің қазақ халқының тіршілігінде алатын орны туралы шағын әңгіме ұйымдастыру. Әннің әрбір сөз қатары оқушының санасына көркем бейнені елестетіп, баланың әнді тез қабылдауына ықпал жасайды.

«Киіз үй» әні-өте әсем, сазды, мазмұнды, жқмсақ темберлі ән. Көркем бейнелі шығарма қатарына жатады. Ән әуенінде, музыкалық дыбыстардың желісінде қазақ ауылының көрінісі ерекше сұлу да әсем, көркем бейнеленген. Әннің қайырмасындағы «ха-лә-лә-лә»- қазақ әндеріне тән ерекше кіріспе әуенді мұғалім бірнеше рет қайталап айтып, сегіздік ноталарды дәл орындауға көңіл бөлген жөн.



Музыка тыңдау

Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі.



Шығармашылық жұмыс

Күйді тыңдай отырып киіз үйдің суретін салу.



Сабақты қорытындылау

Сынып оқушыларына сұрақтар қойылады:

Ата-баба мұрасы дегенді қалай түсінесің?

Сал-сері деген кімдер?

Қандай ән үйрендік?

Әннің мазмұны не туралы?

Киіз үй неден жасалады?

Қазақтың қандай халық әндерін білесің?

Өзің білетін бір ән орындап бер.

Үй тапсырмасына киіз үй суретін аяқтап, әнді жаттау .



Сабақтың тақырыбы: Ел еркесі Ақан сері. «Маңмаңгер» №2

Сабақтың мақсаты:Ақан сері шығармашылығымен танысу.

Сабақтың міндеттері:

а)білімділігі:Қазақ өміріндегі сал-серілердің алатын орны туралы білімдерін арттыру.

ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән айту қабілеттерін дамыту.

б)тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Ақан серісуреті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,сыныпты түгендеу

ІІ.Жаңа сабақ

1.Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихы жайлы әңгемелеу.

Қазақ халқының музыкалық дәстүрінде сал-серілердің орны ерекше. 19 ғасырда кеңінен етек алған сал-серілік өнер музыкалық мәдениетімізде елеулі із қалдырған өнер қайраткерлері: Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ , Жаяу Муса т.б айтуымызға болады.

Ақан сері (1843-1913)- ақын,әнші,композитор. Ол Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ақынның үш жүзге аты шыққан Құлагер деген жүйрік аты, Қараторғай деген қыран бүркіті, соңына еріткен тазысы болған.

Ақан серінің шын аты - Ақжігіт. Оның: «Құлагер,Маңмаңгер, Сырғақты, Сырымбет, Балқадиша», т .б көптеген әндері бар.

2.Ақан серінің-қазақ ән өнерінің алтын көмбесіне қалдырған қайталанбас туынды болып табылады. Оның Құлагерге арнап шығарған әні «Маңмаңгер».
3. Ән орындайық: «Балалық шақ»

Әнін жазған: А.Маханбетова, Өлеңін жазған: Ә.Асылбек.

Ән көңілді, жігерлі орындалады.

4.Сұрақтарға жауап беру:

1. Ақан серінің шын аты кім?

2.Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған?

3. Қандай әндерін білесіңдер?



5.Қорытындылау

6.Бағалау

7.Үйге тапсырма: Ел еркесі Ақан сері. «Маңмаңгер» оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Ақанның әні – «Балқадиша» №3
Мақсаты: Ақан серінің өмірінен сыр шертетін шығармаларымен таныстыру;

Білімділік:Ақан сері туралы жан-жақты мәлімет беру, шығармаларын таныстыру, насихаттау; әннің мазмұнын түсініп, сипатын ажырата білуге баулу, музыкалық сауаттарын тереңдете түсу;

Тәрбиелік:өз халқының салт-дәстүрін қадірлеуге, қызбойындағы нәзіктікті сезінуге,құрметтеуге, сыйлауға, инабаттылық пен ибалылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,шығармашылық бейімділігін, музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:

  • Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;

  • Үй тапсырмасын тексеру: «Маңмаңгер»ән жатқа орындау, сұрақ-жауап;

Жаңа сабақ: Ақанның әні – «Балқадиша»

Ой қозғау,сурет бойынша әңгімелеу.

«Балқадиша» әнінің шығу тарихы.

Музыка тыңдау: «Балқадиша» Ақан сері.

Музыкалық теориялық талдау жасау

Жігіттер квартетінің бейне баянын тамашалау;
Дауысқа жаттығу: Гамма. Арпеджио.Дыбыс қатары.Октава.

Ән айту:«Сәулем-ай» халық әні


  • Әнді орындап көрсету;

  • Әуенін аспаппен үйрету;

  • Қосылып хормен орындау;

Венн диаграмма.


«Сәулем-ай»



«Балқадиша»

Мақал-мәтел талдау.

Домбыра тарту: «Келіншек» халық күйі.

Сабақты қорытындылау:сұрақ-жауап;

Үйге тапсырма: «Сәулем-ай» әнінің сөзін жаттау;

Тақырыбы: «Ән жүйрігі – Біржан сал» № 4

Мақсаты: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.

Білімділік: Қазақ елінде сазы мен өлеңін қатар шығарып, теңдесі жоқ дара шеберлікпен орындайтын өнер жұлдыздары жайлы толық теориялық мәлімет беру.

Дамытушылық: Ән өнеріне деген түсініктерін дамыту;

Тәрбиелік: Өнерсүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Аралас.

I.Үй тапсырмасы: «Ер еркесі Ақан сері» туралы мағлұмат. 1. Ақан сері Қорамсаұлы кім болған? 2. Ақанның шын атты кім? 3. Ақанның қандай әндерін білесіңдер? 4 .Сері-Сал дегенді қалай түсінеміз? 5. «Балқадиша» әні не туралы айтылған? 6.Ақан қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
II. Жаңа сабақ: Біржан сал Қожағұлұлы – әнші, сазгер, талантты айтыскер – Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында туған. Орта дәулетті шаруа отбасынан шыққан. Бозбала кезінен ел арасында әншілігімен көзге түсіп, жасы жиырмаға таянған кезде ән шығара бастады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болды. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етті. Өзінен бұрынғы айтулы әнші-ақын, сал-серілердің жанына еріп жүріп, тәлім алды. Кейін өзі де айналасына халықтың небір дүлдүл ақын-әнші, өнерпаздарын топтастырды. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді сияқты Арқаның атақты әншілері - Біржан салдың мектебінен өнеге алып, өріс жайған, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне үлес қосқан өнерпаздар.

Шығармалары:

Бізге Біржан салдың 60-қа жуық әндері жеткен. «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», «Жанбота», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Көкек», «Жонып алды», «Теміртас», «Алтын балдақ», «Көлбай-Жанбай», тағы басқа да құнды әндері бар. Біржан салдың әндері сөзінің де ұлттық бояуымен, бейнелеу құралдарының ерекше көркемдігімен бірегей тұтастық танытады. Сарамен айтысы оны дарынды, суырып салма ақын ретінде дүйім елге атын шығарды.



А.Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» атты кітабында үлкен бір тарау арнады. М.Төлебаев «Біржан - Сара» операсын жазды.

БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ АРҚЫЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ.

1834

Қазіргі Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі бас болған Көкшетаудағы сексен көлдің бірі – Жөкей көлінің маңында дүниеге келген.

25 жас

Ән шығара бастаған

1865

Ұлы Абаймен кездеседі

1871

Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады.

1897

Дүниеден өтеді.

Біржан салдың шығармашылығы туралы теориялық білім беру.



III.Ән тыңдау: Біржан сал «Көкшетау»
Әңгімелесу:

Балалар бізге дауыс жаттығулары не үшін қажет?



Қандай дауыс жаттығуларын білесіңдер?
IVДауыс жаттығулары:

1. Тыныс алу жаттығуы

2. Ли-ли-ли-ли,

3. Ма,ме ми,мо,му.
Ән жаттау: «Мектебім »
Ән талдау:

  • Әннің мазмұнымен жұмыс

1. Әннің мазмұны қандай екен?

2. Құрлысы қандай?

  • Әннің әуенімен жұмыс

  1. Әннің екпіні қандай екен?

  2. Музыкамен қосылып орындау


V. Қортынды.Сұрақ жауап арқылы қортынды жасау. VI. Үйге тапсырма: Біржан салдың бір өлеңін жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы: Біржанның Теміртасы №5

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні :Әнші композитордың шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту, жан – жақты білімдерін арттыру

Дамытушылығы:Жас өспірімдердің музыкаға әнге деген ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мәні :Халық композиторларының музыкалық шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа зейін аударту.

Үй тапсырмасын сұрау: Аты әнге айналған Балқадиша.

Жаңа сабақты түсіндіру:. Ән жүйрігі Біржан сал. «Теміржан»әні

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Біржан сал 1834 жылыАқмола облысыныңЕңбекшілдер ауданында дүниеге келіп,1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардыңқасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдыңұстаздары.1865 жылыАбаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.өкіне, ашына айтқан. Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. "Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген "Ләйлім шырақ", "Теміртас", "Жайма шуақ", "Айтпай", "Бурылтай", "Айбозым", "Асыл-Ақық", "Керкекіл", "Ақ серкеш", "Мәті-Дәулен", "Алтын балдақ", "Телқоңыр", "Аққошқар", "Көкек" т. б. әндері - мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын "Біржан - Сара" операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да - өлмес қазынамыз.

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.[3]

Теміртас
 Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
 Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,
Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндерген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.
Қорытындылау:

1.Қазақтанның даңқын шығарған ақындар?

2.Жерлес ақындарды ата.

3Айтыстың түрлері?

Үйге тапсырма: Біржан салдың өмірі мен өлеңдері

«Теміртас» әні




Сабақтың тақырыбы:Ыбырай Сандыбайұлы.№ 6

Сабақтың мақсаты: музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, ажыратып, тани білуге үйрету. Әннің екпінін, ырғағын сезіне орындауға талпындыру.

Сабақтың міндеті: хормен ән айту шеберліктерін дамыту, дауысын жетілдіру. Тыңдау, қабылдау, есте сақтау дағдыларын дамыту.

Музыка арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы:

Үйге берілген тапсырма тексеріледі. Оқушылардың салған суреттері бағаланады.

«Кімдерді шақырар едің?» деген сұрақ қойылып, шағын әңгіме ұйымдастырылады. «Ауыл», «киіз үй», «ата-баба», «бабалар мұрасы» сөздеріне оқушылардың көзқарасын білдіруіне жағдай жасай отырып, осы сабақтың басты тақырыбын меңгеруге қол жеткізіледі. Оқушылардың ән мен жырды меңгеру арқылы ұлттық тәлім-тәрбиені қабылдап, бойына сіңіруіне ықпал жасалынады. Қонақжайлылық, үлкенді сыйлау, өнерге сүйіспеншілікті қалыптастыру - бала тәрбиесінің тұғыры болып табылмақ. Киіз үйдің ішіндегі ата-әжелер, ага-апалар, бозбала мен қыздар киген ішік, бәрік, кимешек, сәукеле, қамзол, бүрме көйлек, тақия, т. б. ұлттық киімдерге деген көзқарасын бақылау.

Музыка тыңдау

Сұрақтар:

Бұл әндер сендерге таныс па?

Ән әуеніне қандай қимылдар жасауға болады?

Әуендерінде ұқсастық бар ма?

Оқулықпен жұмыс

Оқулықта берілген сұрақтарға жауап алынады:

Суреттегі әсем киімдер кімге арналған?

Ыбырай Сандыбайұлын сал-сері деп атауға бола ма?

Үкілі Ыбырай аталу себебі неліктен?

Қыздарға арналған ұлттық киім туралы не білесің?

Сергіту

«Айгөлек» енініңқайырмасына би қимылдарын жасату.



Шығармашылық жұмыс

Мақал-мәтелдер оқылып, олардың мағыналары ашылады:

Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.

Өнерді үйрен де жирен.

Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын.

Сабақты қорытындалау



Венн диаграммасы



Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұсаның Ақ сисасы №7

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Жаяу Мұса жайлы қысқаша дерек беру,

Дамытушылық: Оқушылардың музыкаға әнге деген,суырып салу өнерін дамыту

Тәрбиелік: Өнегелі ұл,үлгілі қыз өсуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: сурет,домбыра

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

г)Үй тапсырмасын сұрау



2. Жаңа тақырыпты меңгеру: Әннің адамға қалай әсер ететіндігі жөнінде ойланып көрдің бе?Кейде қарапайым әннің өзі адамға көп көмегін тигізеді.Адамның сезімін тербеп,өмірдің сырын шешуге талпындырып жатады. Сондай әннің бірі-Жаяу Мұсаның Ақсиса әні.Оның әндері жеңіл әрі әзілге толы.Бұл әннің сыры неде?Сол жөнінде білейік.

Жаяу Мұса Байжанұлы 1835-1929 Павлодар обылысы Баян ауыл ауданында дүниеге келген.Жаяу Мұса өзінің асқақ әншілігі мен қатар орыс тілін жақсы менгеріп,скрипка мен балалайка аспаптарында ойнаған. Атақты әнші Жаяу Мұсаның жалғыз аты болады.Сол атына мініп,ел аралап,халыққа өнерін көрсетіп жүреді.Мұсаның беделі халық арасында арта түскен кез.Бірақ Мұса Шорман байға ұнамайды.Бір күні Шорман байдың баласы Мустафа Мұсаның жалғыз атын тартып алады.Осылайша өнерімен халыққа атағы жайылып бара жатқан Мұсаның жігерін басып тастамақшы болады.Бірақ Мұса бұрынғы аралаған ауылдарын жаяу кезіп,Мұстафаның жасаған қиянатын әнге қосып,ел арасында айтып жүреді.Осыдан бастап әнші Жаяу Мұса атанып кеткен екен.Әнді естігендер Шорман мен оның баласы Мұстафаның жасаған қиянатын аңыз етіп айтады.Жаяу Мұсаның бұл әні тез арада халықтың сүйіп тыңдайтын әніне айналады.Адамның астындағы атын тартып алуға болады,ал халықтың жүрегінен орын алған әнді тартып алу мүмкін емес еді.Сөйтіп бұл ән ел арасында Ақ сиса деген атпен таралып кетеді.


Музыкалық сауаттылық.

Аранжировка-ән мен күйге сүйемел жасап өңдеу.

Тембр-дыбыс бояуы.
Музыка тыңдайық:Жаяу Мұсаның Ақ сиса әнін тыңдап көрейік.

Ән орындайық: Ана тілін сүйемін әнін орындау

Сабақты қорытындылау: Сұрақ-жауап

-Не себепті атақты Мұса жаяу атанып кетті?

-Неге Жаяу Мұсаның астындағы атын тартып алды?

-Жаяу Мұса Мұстафаның бұл әрекетіне қалай жауав береді?

-Ақ сиса әнін кімдер жеткізген?

Үй тапсырмасы:

-Тақырыпты оқып мазмұнын айту.

-Ана тілін сүйемін әнін жаттау




Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер. № 8
Музыка тыңдау: Абайдың әні «Көзімнің қарасы» 
Ән үйрену : Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға ұлы ақын, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру; 
Дамытушылық: Музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, музыкалық сөз қорларын байыту,әуенде суреттелген мазмұнын бейнелеу, музыканы әдебиетпен және бейнелеу өнері пәндерімен байланыстыру; 
Тәрбиелік: Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру. 
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, баяндау, сұрақ – жауып 
Көрнекіліктер: Бейнетаспа, слайдтар. 
Сабақтың барысы: 
I. Психологиялық дайындық: (Музыкамен сәлемдесу,бір – біріне тілек) 
II. Өткен материалды бекіту: 
а/. Сұрақтарға жауап: 
- Жаяу Мұса кім? 
- «Ақ сиса» әнінде не туралы айтылған? 
- Байжанның Мұсасы неге «Жаяу Мұса» атанды? 
- Жаяу Мұсаның тағы қандай әндері бар? 
- Қандай өлең шумақтарын құрастырдыңдар? 
ә/. Әнге жаттығу. 
б/. Өтілген әнді хормен қайталау. 
в/. Әнді жеке,топпен орындау. 
III. Ой қозғау: (Слайдтан Абайдың портретін көрсету) 
- Балалар, бұл кім? 
- Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер? 
- Абайдың қандай әндерін білесіңдер? 
Топтастыру: Абай Құнанбаев туралы не білеміз? 
Абай 
 
Ұлы ақын 
философ 
ағартушы 
композитор 
орындаушы 
аудармашы 
IV.Мағынаны тану: (бейнетаспа) 
Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын,философ, ағартушы, композитор, аудармашы. 
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай өзінің кейбір өлеңдеріне ән шығарған. Бізге Абайдың 20 шақты сыршыл, ойлы, тамаша әндері белгілі.Абай әндері өзгеше ән. Оның өзгешелігі – әуенінде,ырғағында жаңалық мол, мазмұны ашық. 
Абай – ақын, композитор әрі орындаушы болды.Шығарған сазды да сырлы әндерін өзінің баяу даусымен халыққа жеткізе білді. 
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған. 
Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды. 
VI.Музыка тыңдау: Абайдың әні «Көзімнің қарасы» 
- «Көзімнің қарасы» әні сипаты жағынан қандай әндер қатарына жатады? 
- Ән сипаты жағынан қандай әндер қатарына жатады? 
- Әннің әуенінен бойыңа қандай мінезді қалыптастырар едің? 
VII. Музыкалық ойын: «Музыка әуенімен ізде» 
VIII. Ән үйрену: Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» 
а/. Кіріспе: 
Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді. 
ә/. Сөзін оқу,сөздік жұмысы; 
б/.Әнімен орындау 
в/. Хормен; 
г/. Қатармен; 
ғ/. Топпен; 
д/. Оқушылардың қалауы бойынша жеке орындау; 
ІX. Сабақты бекіту: 
а/.Оқулықпен жұмыс: 
1. Мәтінді оқу; 
2. Тапсырма: шығармашылық жұмыс. – (Қаламқас) 
3. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте. 
ә/. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерінің ұқсастығы мен 
айырмашылығын салыстырыңдар. 
X. Бағалау. Мадақтау; 
XI. Қорытындылау: 
-Бүгінгі сабақтан сендер не білдіңдер? 
-Қандай ән тыңдадыңдар? 
-Қандай ән үйрендіңдер? 
-«Абай күн секілді Қазақстан аспанында елмен бірге өмір сүре береді» (Тұман Молдағалиев) – деген сөзді қалай түсінесіңдер? 
XI. Үйге тапсырма: 
Абай салған сырлы әндер – оқу, мазмұндау. 
Әннің сөзін жаттау. 
Жекелеме оқушыларға тапсырма: Абай Құнанбаев жайлы қосымша мәлімет жинау; 
Әнде суреттелген бейнені бейнелеу;

Тақырыбы: Сал - серілер керуені . Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері №9
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дәстүрлі әншілік өнердің қыр - сырын терең ұғындыру, ұлттық болмысымызды дәріптеу. Келер ұрпаққа дәстүрлі өнерімізді жеткізу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Дәстүрлі әншілердің суреттері. Плакаттар. Аспаптар: домбыра, баян.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ.
IV. Музыка тыңдату.
V. Плакатпен жұмыс
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
VII. Бағалау, үйге тапсырма беру.
1) Амандасу, түгелдеу.
Оқушыларды 4топқа (үй тапсырмасы бойынша) бөлу:
I. Қырғыз
II. Тәжік
III. Өзбек
IV. Түркімен тобы

Үй тапсырмасы: Орта Азия халықтарының музыкасы. Аспаптары.
Төрт топ өз атауларындағы халықтар бойынша әңгімелейді. Ұлттық аспаптарын, олардың қалай ойналуын, құрылысын жеке - жеке таныстырады.
Әр топты бағалау.
Сергіту, Қара жорға биін билеу.

Жаңа сабақ: Қазақтың вокалды ән айту өнері, Дәстүрлі әншілік өнер.
Мұғалім: Дәстүрлі әншілік өнер қазақ халқында 19 ғасырларда кең етек жая бастады. Қазақстанда өңірлерге байланысты дәстүрлі әншілік мектептер бар. Мысалы:
(Слайд көрсету)

Дәстүрлі әншілік мектептер:
1. Орталық және Солтүстік әншілік мектебі
2. Оңтүстік өңірі әншілік мектебі.
3. Батыс өңірлік әншілік мектебі.
4. Шығыс өңірлік әншілік мектебі.
5. Сыр бойы әншілік өнер мектебі.

19 ғасырда дәстүрлік өнердің жолына түскен көптеген әншілер болды. Олар: Абай, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Мұхит, Естай, Ақан Сері Біржан Сал тағы басқалары.
Бүгін біз Ақан Сері, Сегіз Сері, Біржан Сал өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Ақан Сері шын есімі - Ақжігіт. Ел аралап, қас атып, аң аулап, саят құрып, елдің еркесіне айналады. Халық оны Ақан Сері деп атап кеткен. Ақан Серінің көптеген әндері бар.
(Слайд көрсету.)

Ақан әндері:
1. Сырымбет
2. Маңмаңгер
3. Құлагер.
4. Қараторғай
5. Балқадиша.
6. Мақпал.
7. Ақтоқты т. б.
Келесі дәстүрлі әншіміз - Сегіз Сері. Сегіз Серінің шын есімі - Мұхамедқанапия. Ол да халықтың қошеметіне бөленген, жастайынан ән айтып, құс атып, мергендігімен, сегіз қырлы, бір сырлылығымен көзге түседі. Халық еркелетіп Сегіз Сері деп атап кеткен. Ол ел аралап, жиын тойда ән айтып, той басқарып жүреді. Бір күні Қостанай өңіріндегі Шыңғыс болыстың балалы болу тойына түседі. Шілдехананы өзі басқарып, үй иесінің алғысын алып, баласының есімін Мұхамедқанапия қояды. Ол бала әйгілі Шоқан Уәлиханов атамыз болатын. Шоқанның шын есімі - Мұхамедқанапия.
(Слайд көрсету)
Сегіз Сері әндері:
1. Жылыой
2. Ақбақай.
3. Гайхартас.
4. Елигай т. б.
Келесі дәстүрлі әншіміз - Біржан Сал. Ол да халықтың ықыласына бөленген. Біржанғ а сал есімі беріледі. Біржан - заманының лирик әншісі. Оның әндері:
(Слайд көрсетіледі)
1. Жанбота.
2. Жоныпалды.
3. Ләйлім Шырақ.
4. Теміртас т. б.
Үнтаспадан Ақан Серінің - Балқадиша, Сегіз Серінің - Гаухартас, Біржан Салдың - Теміртас әнін тыңдату.
Балалар плакаттағы: не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Сұрақтарына жауап береді.
Сабақты қорытындылау. Әр топқа сұрақтар беріледі.
1. Дәстүрлі әнші болу үшін не істеу керек?
2. Дәстүрлі әншілерді дайындау керек пе? Қалай?
3. Дәстүрлі ән мен эстрада әнінің айырмашылығы қандай?
4. Қазір қандай дәстүрлі әншілерді білеміз?
5. Үйге тапсырма беру. Дәстүрлі ән өнері.
Үйге тапсырма беру. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері туралы мәліметтер дайындап келу.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Сабақ аяқталды.

Сабақтың тақырыбы: Оркестр құрамындағы аспаптар. №12

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ музыка аспаптары оркестрінің құрамымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: Қазақ халқының ұлттық саз аспаптарының түрлерімен танысу,аспаптардың үндерін тыңдап, дыбыс айырмашылықтарын табу.

  2. Дамытушылық:Оқушылардың саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын, әуенді айта білу дағдысын, есте сақтау, тыңдау,қиялдау, жатқа айту қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік:Оқушылардың халық музыкасы, аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:Ойын әдісі, түсіндіру, музыка тыңдау, ән айту.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.

  1. Үй жұмысын тексеру: «Домбыра және қобыз аспаптарының түрленуі»

Семантикалық карта



Жауаптар

Домбыра

Қобыз

1

Альт

+

+

2

Прима

+

+

3

Бас

+

+

4

Секунда

+




5

Нар




+

6

Қыл




+




  1. Жаңа сабақ:

Оркестр құрманыдағы аспатар сан алуан болады.

Мысалы: Домбыра, шертер, прима-домбыра, бас-домбыра, контрабас-домбыра, қобыз, прима-қобыз, альт-қобыз, бас-қобыз, контрабас –қобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, дауылпаз, асатаяқ, тұяқтас және т.б.



Шертер – 2-3 ішекті ағаштан жасалады. Беті көн терімен тартылып, ішегі жылқы немесе қой ішегінен жасалады. Бұрын мойнында перне болмаған. Құлақ күйі оң және теріс бұрауға келеді. Ұзындығы 600-700 см. Кейіннен пернелер тағылып, бетіне жартылай тақтай жабылып, ішектеріне капрон немесе нейлон қолданатын болды. Соңғы жылдар жасалған аспаптар ұзындау.

Прима домбыра 3 ішекті ағаштан жасалады, ішектері сымнан тартылады. Ұзындығы бойынша шертерден сәл кішілеу және дауысы ашық .

Бас- домбыра – 3 ішекті домбыра көлемі жағынан примадан үлкен дыбысы жуан.

Контрабас-домбыра – 3 ішекті үлкен домбыра дыбысы жуан.
Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
Қобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі замандағы түрі — прима қобыз.

Прима-қобыз аспабы – үнділігі, дыбыс қамту, оркестрге қосылу мүмкіндіктері мен көлемінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл қобызда бұрыннан қалыптасқан тырнақтың сыртымен, көбісімен ойнау әдісі сақталды. Бұл әдісі дүниежүзіннде жоқ. Теріқақпақ бар.

Альт қобыз – прима-қобыздан сәл үлкендеу. Ал үні сәл төмен.

Бас-қобыз – бұл аспапты жасауда үлкен өзгеріске ұшырады. Бар гәп оның көлемін үлкейтудан туған. Көлемін үлкейткендіктен аспаптың дауысы жуан. Бірақ оның мойны алға қарай еңкеймей, түзу әрі шалқақ жасауды талап етті. Бұл эксперименттің нәтижесінде бас-қобыз виолончельге ұқсас болды. Ойнау тәсілі де виолончельге ұқсайды.

Контрабас-қобыз – мұнда да айырмашылығы пішінінің көлемінде, ішегінің жуандығында және ысқышының ұзындығында.
Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады.

Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған.
Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды. Қазір дауылпаздың екі түрі белгілі.

Оның бірі - этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі.

Екіншісі - үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933 - 34 ж. ш-да белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов, коми. А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіп тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Аспаптың осы екі түрлі үлгі-нүсқасы да қазір халық аспаптар ансамбль оркестрлерінде қолданып жүр.

Асатаяқ – сілкілеп онайтын музыкалық аспап. Дыбысы жағынан шылдырмаққа ұқсас.

Тұяқтас – қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап өзгелерден қарапайым тұрпатымен ерекшеленеді. Аспаптың өзіне ғана тән ерекше үні бар.
Сырнай –орыс халқыныңмузыкалық аспабы. Гармонь, гармоника (грек тілінен аударғанда «үндестік», «үйлесімдік» деген мағына береді) клавишті-пневматикалық аспапқа ұқсас. Гармоньды 1822 жылы неміс шебері Ф.Бушман ойлап тауып, 1829 жылы өзгерістер енгізіп, аспапты жасап шығарған.Алғаш рет сырнай аспабын оркестрге белгілі сазгер, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов енгізген болатын.

Музыка тыңдау:

Н. Тілендиев – «Ата толғауы»



«Бұл қай аспап»? ойыны.

Дидактикалық ойын «Жоғалған нотаны тап»

До, Ре, Соль, Си, Ля .... ....

Соль, Ля, Си, До, Фа .... ....

Соль, Си, До, Ре, Ми .... ....

Ре, Ми, Соль, Ля, Си .... ....

Ля, До, Ми, Фа, Соль .... ....

Ми, Фа, Соль, До, Ре .... ....

Си, Ля, Фа, Ми, Ре .... .....



Музыкалық сауат:

Соль – нотасы екінші сызықтың бойында орналасады.



Музыкалық диктант: до, ми, фа, ре, ми, ре, соль, ми, до.

«Жасырынған сөз» ойыны.

Дауыс жаттығулары:

ДО. РЕ, МИ, ФА, СОЛЬ, ЛЯ, СИ, ДО.

ДО, СИ, ЛЯ, СОЛЬ, ФА, МИ, РЕ, ДО.

ДО, МИ, СОЛЬ, ДО.

ДО, СОЛЬ, МИ, СОЛЬ, ДО.

«Әуенді тап»? ойыны:


  1. Балдырғандар әні.

  2. Біз – туған ел баласы.

  3. Ана тілім.

Сабақты қортындылау: Оркестр құрамындағы аспатарды қайталау.

Оркестр құрамындағы аспаптарды бір-біріне пас беру арқылы атап шығу.



Бағалау.

Үйге тапсырма беру: «Оркестр құрамындағы аспаптар» оқу

Музыка аспаптарының суретін салу.



«Соль» нотасына байланысты жасырын сөздерді жасап келу.




Каталог: uploads -> doc -> 0601
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0601 -> Сабақтың тақырыбы Аңқау арыстан (ертегі) Сабақтың мақсаты
0601 -> 1-ші сыныптар бейімділігін зерделеу туралы қортынды анықтама. 2015-2016 оқу жылы
0601 -> Ахмет Байтұрсынов


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет