Сабақтың барысы: Қуаныш шеңбері. «Сиқыршы мен балалар» Психогимнастика. Әңгіме құрастыру «Табиғатты аяла»



Дата25.12.2016
өлшемі37,41 Kb.
#4706
түріСабақ
Мектепке дейінгі тәрбие
«Сиқыршы мен балалар»

Досмаханбетова Ботагөз Ақылбекқызы,

«Балдырған» балабақшасының педагог-психологі.

Меркі ауданы



Мақсаты: Табиғат туралы түсінік беру.

Өзіндік бағасын көтеріп, сенімділігін дамыту.

Өзара қамқорлыққа,  сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түрі:   Ойын сабақ.

Көрнекіліктер: ақ қағаз, түрлі-түсті қағаздар, желім және суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Қуаныш шеңбері.

2. «Сиқыршы мен балалар»

3. Психогимнастика.

4. Әңгіме құрастыру «Табиғатты аяла»



Ұйымдастыру:

-сәлемдесу;

-сабаққа көңілдерін аудару.
1 –жаттығу. Қуаныш шеңбері.

Балалар шеңбер бойымен отырады. Әрбірі кезегімен сүйікті ойыншықтарын айтады. Көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көзіне қарап, күлімсірейді.



2- тапсырма «Сиқыршы мен балалар»

Жаңбыр бірнеше күн толастамай жауды. Сиқыршының үйден шығайын десе қолшатыры жоқ еді. Жаңбырдың тоқтауын әбден күтті, бірақ, жаңбыр тоқтамай жауа берді, жауа берді. Қатты ашуланған сиқыршы бар әлемді тоқтатып тастады.



Психолог: Балалар сендердің көмектеріңмен, сиқыршы тоқтатқан әлемді орнына келтірейік. Ақ қағаз бетіне шөптің, гүлдің, күннің және бұлттың суретін қиып жапсырады.

Психолог: Балалар, сиқыршы әлемді тоқтатуын қоймады. Мүмкін келесі жаттығуда босатар.

3. Психогимнастика «Кеме»

Жаттығудың жүргізілуі. Психолог айтады: «Көз алдарыңа елестетіңдер, біз кемеде келе жатырмыз. Ауа-райы тынық, күн шығып тұр» деген сөздерін айтқанда, бірқалыпты ауа-райын бейнелейсіңдер. «Боран» дегенде шу басталып, кеме қатты теңселеді. Кемеде келе жатқан бала «Мен бораннан қорықпаймын, мен ең күштімін» деп айқайлауы тиіс.



Психолог: Балалар, сиқыршыға табиғатты аялау керек екендігін түсіндіру үшін әңгіме айтып берейік. Ол сөзсіз ашуын тоқтатып ,біздің әлемімізді қайта жарқырататын шығар.

4-тапсырма. Әңгіме құрастыру «Табиғатты аяла»

Балалар жоғарғы өздері жасаған суретке қарап, бір-бір сөзден айтып шығулары керек . Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу арқылы сөйлем құрау қажет. Соңында «Табиғатты аяла» атты шағын әңгіме шығады.



Сиқыршы: Балалар сендерге рахмет . Сендер барлық тапсырманы өте жақсы орындадыңдар . Мен әлемді қайта орнына келтіремін.

Қорытындылау:

  1. Сабақ сендерге ұнады ма?

  2. Жасаған суреттерің ұнады ма?

  3. Көңіл-күйлерің қалай?

  4. Әлемді қалай босаттыңдар?

  5. Әңгіме құрастыру қиын болған жоқ па?

Каталог: uploads -> doc -> 1214
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1214 -> Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтың таңдау тақырыбына есептер шығару. Сабақтың мақсаттары
1214 -> Қордай ауданы Жамбыл ауылы Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет