Сабақтың барысында мынадай мақсаттар мен міндеттер шешілді: жаңа технологияларды қолдану арқылы әрбір оқушының м ақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі78,64 Kb.
#25039
түріСабақ
Танабаев Сакен Нуркешевич

учитель казахского языка и литературы

КГУ «Гимназия №1 акимата города Шахтинска»

Класс: 6


Тема урока: «Қазақстан» қонақ үйі
Сабақтың барысында мынадай мақсаттар мен міндеттер шешілді: жаңа технологияларды қолдану арқылы әрбір оқушының мақсаты: сабақта норма талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандылығы, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан» қонақ үйі.
Сабақтың мақсаты: а) Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігіндамыту.

ә) Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылығын таныту.

б) Тілге құрмет ете білуге баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,отырған орындар бойынша сұрақ-жауап \МПМ/
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

А) Сәлемдесу

Ә) Кезекшімен сұхбат

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І. Үй тапсырмасын тексеру

Балалар, бүгін біз сабағымызды «БИС» технология бойынша өткіземіз,сендердің жауаптарын мына отырған орындар бойынша бағаланып, дұрыс жауаптарын \+\, ал бұрыс жауаптарын \-\ деген таңбалар қойылады,сондықтан сабаққа белсенді қатысуларыңды сұраймын.


А Б В Г Д Е

+

-

1

2

3



4







1

2

3



4







+

+
















































Сабақты бастамас бұрын ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берілді.



1 белгі. Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:

«Медеу» мұз айдыны

Достық даңғылымен тауға қарай машиналар тынбай зулайды. Көгілдір таулар арасында әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны жатыр. Айдыны – тау суының мөлдір мұзы.

Мұз айдыны – қаланың ең көрікті орындарының бірі.

«Медеу» спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді. Айдын дүниежүзілік рекордтар «фабрикасы» деп аталады. Мұнда 100-ге жуық рекордтар жасалды. Конструкциясы жөнінен дүние жүзінде «Медеудің» теңдесі жоқ. Мұз айдынының көлемі он бір мың шаршы метрдей. Трибуналары 12 мыңнан астам көрерменге арналған. Бұл жер қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына айналды.



Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

Ауызша орындау.

  1. Қай даңғылмен машиналар зулайды? Достық даңғылымен

  2. Көгілдір таулар арасында не жатыр? әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны

  3. Қаланың ең көрікті орындарының бірі не? Мұз айдыны

  4. Айдыны – ненің мұзы? тау суының мөлдір

  5. Мұз айдыны – ненің орындарының бірі? Қаланың

  6. «Медеу» қай жылы шаңырақ көтерді? 1972 жылы

  7. 1972 жылы не шаңырақ көтерді? «Медеу» спорт кешені

  8. Қандай спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді? «Медеу» спорт кешені

  9. Айдын қандай рекордтар «фабрикасы» деп аталады? дүниежүзілік

  10. Мұнда нешеге жуық рекордтар жасалды? 100-ге жуық

  11. Несі жөнінен дүние жүзінде «Медеудің» теңдесі жоқ? Конструкциясы жөнінен

  12. Мұз айдынының көлемі қанша шаршы метр? он бір мың шаршы метрдей

  13. Трибуналары неше көрерменге арналған? 12 мыңнан астам

  14. Нелер 12 мыңнан астам көрерменге арналған? Трибуналары

  15. Бұл жер неге айналды? қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына


Бірінші белгі оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру. Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қойып өткізілді. Барлық оқушылар тексерілді.

Оқушылармен сұхбат (слайд №1)

- Қазақстан қандай мемлекет? Көпұлтты мемлекет

- Сендер қай облыста тұрасыңдар? Қарағанды облысында

- Облыс орталығы қай қала? Қарағанды қаласы

- Алыстан келген қонақтарға арналған қонақ үйлер бар ма?
(слайд №2) ( Қазақстан қаларының қонақ үйлері)
Жаңа сабақ:

Осыдан кейін сабақтың тақырыбын ашамыз.( «ҚАЗАҚСТАН» ҚОНАҚ ҮЙІ) Мақсатын айтып кету.  (слайд №3)
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚСТАН» ҚОНАҚ ҮЙІ

Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігін дамыту
II. Сөздермен жұмыс орындау. (слайд №4)

(Тақтада сөздер жазылады осы сөздерді естеріне сақтап, 30 секунд ішінде, орындарын ауыстырмай жазу керек 7 сөз болуы тиіс, оқушылар дәптерлерін қасында отырған оқушымен алмастырып, неше сөз екенін дәптерге жазады. Мысалы: А-1; 7 сөз болса (+), ал егер Б- 2 ; 7 сөзден кем болса (-) Сонда ғана ООБ-ша таңбалар қойылады).


2 белгі. Тірек - сөздермен таныстыру (Интерактивтік тақтада жазылған сөздер)

Қала

Меймандос

Қонақ үй

Даңғыл

Айқын

Зәулім

Ерекше

Екінші белгі қабылдауды ұйымдастыру үшін жұмыс жасалады. Тақтада 7 сөз жазылды. Берілген сөздерді 30 секунд ішінде еске сақтап, 30 секунд ішінде жазбаша дәптерге жазылады. Бұл жұмыс балалардың зейіні мен есте сақтауды дамыту үшін берілген. Барлық оқушылар тексерілді.
ІІІ. Мәтінмен жұмыс: (оқушыларға мәтінді оқуға 3 минут уақыт беріледі)

Лексикалық тақырыбы «Қазақстан» қонақ үйі. (слайд №5)
«Қазақстан» қонақ үйі.

Алматы – қонақжай, меймандос қала. Алыстан келген жолаушыларға құшағын жая қарсы алатын қонақ үйлер көп. Солардың ішінде Достық даңғылының бойындағы «Қазақстан» қонақ үйі ерекше көзге түседі. Мейманхана 1977 жылы салынды. Ол 25 қабатты, биіктігі 107 метр. Онда 942 орындық, 472 қонақ бөлмесі бар. Ішінде мейрамхана, пошта, телеграф, жинақ кассасы жұмыс істейді. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін кафе орналасқан. Бұл – Алматыдағы ең биік ғимараттардың бірі.


3 белгі. «Қазақстан » қонақ үйі мәтіні бойынша сұрақ- жауап:

  1. Алматы қандай қала? (қонақжай, меймандос қала)

  2. Қайдан келген жолаушыларға қонақ үйлер көп? (алыстан)

  3. Алыстан келген жолаушыларға құшағын жая қарсы алатын нелер көп? (қонақ үйлер)

  4. Достық даңғылының бойында қонақ үй қалай аталады? (Қазақстан)

  5. «Қазақстан» қонақ үйі қай жерде орналасқан? (Достық даңғылында)

  6. Мейманхана қай жылы салынды? (1977 жылы)

  7. Мейманхана неше қабатты? (25 қабатты)

  8. Мейманхананың биіктігі неше метр? (107 метр)

  9. Мейманханада неше орындық бар? (942 орындық)

  10. Мейманханада неше қонақ бөлмесі бар? (472 қонақ бөлмесі )

  11. Ішінде нелер жұмыс істейді?(мейманхана, пошта, телеграф)

  12. Кафе қайда орналасқан? (ең жоғарғы кабатта)

  13. Бұл кафеден айқын нелер көрінеді? (тау мен қала келбеті)

  14. Ең жоғарғы қабаттан тау мен қала келбеті қалай көрінеді? (айқын)

  15. Алматы қаласындағы ең биік ғимараттардың бірі қалай аталады? («Қазақстан» қонақ үйі)


Үшінші белгі мәтінмен жұмыс жасау үшін берілген. Бір беттегі мәтінді оқушылар 3 минут оқыды. Уақыт өткен соң, алғашқы тексерілуі ұйымдастырылды. Мұғалім рет ретімен қарама-қарсы сұрақтар. Бүкіл сыныптан сұрақ-жауап алады.

IV. Сыни- тұрғыдан сұрақтар:

4 белгі.

  1. Астана – қонақжай, меймандос қала. – Алматы

  2. Алыстан келген жолаушыларға құшағын жая қарсы алатын мектептер көп. – қонақ үйлер

  3. Солардың ішінде Достық даңғылының бойындағы «Қазақстан» қонақ үйі ерекше көзге түседі. +

  4. Мейманхана 1978 жылы салынды. – 1977 жылы

  5. «Қазақстан» қонақ үйі 26 қабатты. – 25

  6. Оның биіктігі 106 метр. – 107

  7. Онда 941 орындық бар. – 942

  8. «Қазақстан» қонақ үйінде 482 қонақ бөлмесі бар. – 472

  9. Ішінде мейрамхана, пошта, телеграф, жинақ кассасы жұмыс істейді. +

  10. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін саябақ орналасқан. – кафе

  11. Алматыдағы ең аласа ғимараттардың бірі. – биік

  12. Солардың ішінде Абай даңғылының бойындағы «Қазақстан» қонақ үйі ерекше көзге түседі. – Достық

  13. «Қазақстан» қонақ үйі 1977 жылы салынды. +

  14. «Қазақстан» қонақ үйі 25 қабатты. +

  15. Ішінде мейрамхана, пошта, аурухана, жинақ кассасы жұмыс істейді. – мейрамхана, пошта, телеграф, жинақ кассасы.


Төртінші белгі алғашқы бекітуді ұйымдастыру, сын тұрғысынан сұрақ қою. Әдейі дұрыс немесе дұрыс емес сұрақтар қойып, оқушылар «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жауап беріп, сол сөйлемді мәтіннен тауып толығымен оқиды. Барлық оқушылар тексерілді.
V. Сөздік қоры: (56 сөз)

5 белгі.

Ал, енді ,балалар, кітаптарыңды жауып, бүгінгі сабағымызда қандай сөздер естеріңде қалды соның барлығын дәптерлеріңе жазыңдар. 5 минут өткен соң оқушылар дәптерлерін ауыстырып, неше сөз жазғанын айтады.


Бесінші белгі сабақта оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру үшін жүргізілді. Сөздер қысқартылмай, түсінікті жазылды. Сыныпта отырған нәтижелері бойынша плюс немесе минус қойылды.
Бекіту: - Ал, енді оқушылар сабақта өздеріңді қалай сездіңдер шыршаға іліндер.
Бағалау: Сабақтың соңында неше (+) және неше (-) алғандарын мұғалім оқушылармен санап, бағасын айтады. (слайд №6)

«5» - 4, 5

«4» - 3

«3» - 2


«2» - 1

Рефлексия: Ой толғаныс «Бүгінгі менің сабақтағы көңіл күйім»

Оқушылар шыршаға стикерлерді иледі. (слайд №7)
Үй тапсырмасы: «Қазақстан » қонақ үйі мазмұнын айту.

Әр кезенде 63% жеттіме, я жетпеді ме деп тексеріліп. Сараптама жасап отырылды.



Сабақ деңгейлік оқыту және «Биоақпараттандыру және Синергетика» технологиясының «Ауызша сабақ-1» картасы дұрыс алынды, уақыт орнықты қолданды. Бұл сабақта әр оқушы белсене қатысып, өз үлесін қосты. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады, өйткені рефлексия өткізген кезде оқушылар стикерге тілектерін жазып, білдірді. Осы стикерлерін интербелсенді тақтада шығып тұрған шыршаға ойыншықтар ретінде ілді де, келген қонақтарға сыйлық ретінде оқушылар өздері істеген ашық хаттарды ұсынды. Сабаққа қатысып отырған мұғалімдер бұл сыйлыққа, сабақ барысына өте риза болды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет