Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру. Пәнаралық байланыс: математика



Дата23.04.2020
өлшемі20,85 Kb.
#64480
түріСабақ
Байланысты:
Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктері
ДК-дің перифериялық құрылғылары

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктерін көрсете отырып түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулықтар..
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: математика.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру
1. MS Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
2. Мәтіндік редактордың терезесі қандай элементтерден тұрады?
3. Қаріп деген не?
4. Жаңа құжатты қалай құрамыз?
5. Құжатты сақтау әдістерін атаңыз?
6. Пішімдеу панелі дегенді қалай түсінесің?
7. Орфографиялық қате мен синтаксистік қатенің сызықтарын қандай түстермен белгіленеді?
8. Әріптерді қалай бояуға болады?
9. Қағазға басып шығару үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
10. Айналдыру сызықтары, сызғыш ұғымдарын түсіндіріңіз.

ІІІ. Жаңа сабақ


MS Word бағдарламасының мүмкіншілігі шексіз, солардың бірі бағдарламаның графикалық мүмкіндіктері. Ол басқа программалардан графиктер енгізуге және өзінің де сол тәрізді график түріндегі бейне көріністерін тұрғызуға мүмкіндік береді. Сондай ақ құжат ішінде кестені енгізіп өңдеуге, кесте бойынша диаграмма тұрғызуға, бірнеше объектілерді топтастыруға, Word Art объектісімен жұмыс жасауға, Клипартпен жұмыс істеуге.
Осы аталған іс - әрекеттерге тоқтала өтейін:
Word - та сурет салу
Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, текстпен толтырылған тік төртбұрыштар) Word құрамындағы графиктік редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады. Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты түрде ауысады.
Word - та суретті енгізу
MS Word бағдарламасына қандай да бір объектіні, суретті файлға енгізу үшін меню қатарындағы Қою (Вставка) менюі арқылы жүзеге асады. Суретті енгізер алдында оның мәнімен қарым - қатынасын сипаттап алу керек. Ол үшін Объектіні пішімдеу (Формат объекта) сұхбат терезесінің Жағдай (Положение) қыстырмасында орналасқан құралдарды пайдаланамыз:
Мәтінде (в тексте) нұсқасын өлшемдері кішірек, мәтіннің символдарына шамалас графиктік объектілерге қолданылады. Бұл жағдайда объект мәтіндік жолға графиктік символ ретінде енгізіліп, бұдан былай мәтінмен бірге жылжып отырады.
Қоршаудың айналасында (вокруг рамки) нұсқасында мәтін сурет айналасындағы жорамал қоршауды айнала орналасады;
Контур бойымен (по контуру) нұсқасының өзгешелігі мұнда жорамал қоршау жүргізілмейді, мәтін суреттің контурын бойлай орналасады;
Мәтіннің алдында (перед текстом) нұсқасында мәтін мен сурет әр түрлі қабаттарда орналасады: мәтін астында ал сурет үстінде.
Мәтіннің артында (за текстом) нұсқасында да мәтін мен сурет әр түрлі қабаттарда орналасады: сурет астында, мәтін үстінде.
Суреттердің бір - бірімен қарым - қатынасы
Егер бір бетте бірнеше графиктік объектілер орналасса онда олар өзара байланыста болады. Бұлардың қарым - қатынасын басқаруға болады. Бұл объектілерге бірін - бірі бүркелемеуге рұқсат етілген бе?, жоқ па?, деген сұрақ туындайды. Егер рұқсат ететін болсақ, онда Объектіні Объектінің жағдайы жалаушасын орнатуымыз қажет.ҚосымшаЖағдайпішімдеу Объектінің өзара орналасуын басқару үшін келесідей амалдар орындалады:
Топтастыру;
Орналасу ретін көрсету;
Туралау;
Орналастыру.
Егер бір бетте бірнеше объекті берілсе, оларды топтастыру амалының көмегімен бір топқа біріктіреді де, содан соң қарапайым объектіні баптағандай баптайды. Бірнеше объектіні топтастыру үшін оларды ерекшелеп алу керек (бірнеше объектіні ерекшелеуді Shift пернесі басулы күйде орындайды). Топтау командасынКез - келген объектінің жанама менюінен Топтастыру таңдап алады.
Топтастырылған соң оларды тұтас объекті ретінде сүйеуге болады.
Егер объектілер тобына жаңа объект қосу қажеттігі туса, онда объектілер Қайта топтау командасын таңдап алады.тобын ерекшелеп алып Топтастыру
Егер бір бетте бірнеше объекті берілсе, онда олардың әрқайсысы әр түрлі қабаттарда орналасқан деп саналады. Объектілердің орналасу реті олардың құрылу ретіне тікелей байланысты. Бұрынырақ құрылған объектілер кейін құрылған объектілерге қарағанда төменгі қабаттарда орналасады.
Егер объектілер бірін - бірі бүркемелемесе, олардың орналасу реті байқалмайды. Орналасу реті тек олар бірін - бірі бүркемелегенде ғана көрінеді. Объектілердің орналасу ретін олардың жанама менюіндегі Рет командасының көмегімен басқарады. Мұнда орналасқан құралдардың көмегімен объектіні бір қабат төмен немесе бір қабат жоғары, алдыңғы қатарға немесе кейін қарай шығаруға болады.
Word Art нысаны
Безендірілген тақырыптар даярлау үшін Microsoft Word мәтіндік процессорының арнаулы Аспаптар панелі Word Art құралы бар. Оны қосу үшін 1 - ші жолы. Түр Word Art) командасын орындайды.Панель инструментовWord Art (Вид
Word Art командасын орындаймыз.2 - ші жолы. Таспа жолынан вставква (қою)
Word Art панелін ашып алады. Алдымен кез - келген көркем объектіні құрып, сонан соң Word Art құралдарының көмегімен редакциялайды.
Мәтіндегі безендірілген тақырыпты ерекшелеп алады немесе оны қолмен теруге де болады. Сонан соң Word Art объектісін қосу (Добавить объект Word Art ) батырмасын шертсе, ерекшеленген мәтін Word Art құралына жөнелтіледі, яғни Word Art жинағы (Коллекция Word Art) сұхбат терезесі ашылады.
Осы терезеден өзіңізге ұнаған безендіру стилін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Бұдан әрі Word Art мәтінін өзгерту (Изменение текста Word Art) сұхбат терезесі ашылады.
Осы терезеден өзіңізге ұнаған безендіру стилін таңдап, ОК батырмасын шертесіз. Бұдан әрі Word Art мәтінін өзгерту (Изменение текста Word Art) сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде тақырып мәтінін енгізіп (Егер ол басында ерекшеленбеген болса), оны өңдеп әріптің өлшемін, жазылу түрін тағайындаймыз. Параметірлерін енгізіп болған соң ОК батырмасын басыңыз, көркемделген тақырып құжатқа апарып қойылады.
Құжатқа кесте енгізу:
MS Word редакторында құжатқа кестені енгізу үшін Вставка - Таблица - Вставить таблицу командасын орындаймыз. Ашылған сұхбат терезесінен қатар мен бағана санын көрсетеміз.

Тапсырмалар:


1. Сабақ кестесін құру.
2. Сынып оқушылардың кестесін құру

ІV. Жаңа сабақты бекіту


Сұрақтар
1. Word мәтіндік редакторына қандай объектілер енгізуге болады?
2. Объект енгізу қандай командалардың көмегімен орындалады?
3. Объект файлдан қалай енгізіледі?
4. WordArt объектісі қалай енгізіледі?
5. Енгізілген WordArt объектісін форматтау әрекеті қалай орындалады?

ІV. Қорытындылау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау


V. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет