Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, сұрақ жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу



Дата08.09.2017
өлшемі45,48 Kb.
#30725
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Мақсаты: Оқушыларға Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі, «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы мәліметтер беру.

Нәтижесі: Оқушылар Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі, «Жеті жарғы» заңдар жинағының маңыздылығы туралы біледі.

Түрі: аралас сабақ

Формасы: Топтық және жұптық

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, құқықтану, география.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, Аңыз адам журналы, буклет, сандықшалар, асықтар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару,  топқа бөлу. Оқушыларға асық беру арқылы бағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам?»

1. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қандай атпен қалды? («Қатаған қырғыны»)

2. Ташкент түбіндегі Имамқұли басқарған бұхар әскерлерінің ұрысы қай жылы болды?(1611 ж.)

3. «Еңсегей бойлы ер Есім» деп дәріптеген шежіреші? (Құрбанғали Халид)

4. Қай жылдары Тұрсын Мұхаммед сұлтан өзін хан деп жариялады? (1613-1614 жж.)

5. Тұрсын хан қай қаланы астана етті? (Ташкент)

6. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы қай жерде болды? (Айғыржар)

7. Есім ханға қарсы болған сұлтан? (Тұрсын Мұхаммед)

8. Тұрсын ханның бүлігі қай жылы болды? (1627 ж.)

9. Тұрсын хан қолдаған Жаркент пен Қашғар қалаларының әміршісі? (Абд-Латип (Аппақ)

10. Есім хан қай қаланы Астана етті? (Түркістан)

Сәйкестендіру тесті:

1

Жалаңтөс батыр әскерінің саны

Б

50 мың

2

Тұрсын хан билік құрды

В

1628-1652 жж.

3

Қазақ-бұхар шайқасы

Г

1643 жылы

4

Жоңғар әскерлерінің саны

Д

20 мың

5

Орбұлақ шайқасы

Е

1603 жылы

 

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқушылар жаңа сабақ мақсатын өздері құрады.

Сабақтың жоспары: Постер құру 15 минут беріледі.

1. Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715 жж.)


2. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
3. «Жеті жарғы»
4. Ұлы билер.
Сергіту сәті: «Ғажайып 7 санының сыры»: 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 жетім, 7 ғашық, т.б.

ІV. Бекіту сұрақтары

«Ғажайып табло» ұяшық таңдау

  1. Тәуке хан кімнің немересі? (Есім ханның)

  2. Тәуке хан қай жылдары билік құрды?»(1680-1715/1718жж.)

  3. «Билер кеңесі» қай жерлерде өтті? (Битөбе, Мартөбе, Күлтөбе)

  4. Тәуке ханның басты мақсаты қандай болды? (Бір орталыққа бағынған қутты Қазақ хандығын құру)

  5. Тәуке ханның билік құрған жылдары тарихта қандай атпен қалды? («Алтын ғасыр», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман»)

  6. 1694 жылы Тәуке хан І Петрға елшілікке кімді жіберді? (Аталықов)

  7. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қандай ережелерден тұрды?

  8. Қарақалпақ пен қырғыздарды басқаруды қай билерге тапсырды? (Сасық пен Қоқым билерге)

  9. Билердің өмір сүрген жылдары?

  10. Билер қандай қызмет атқарды?

V. Үйге тапсырма беру: § 42-43. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы оқу, билердің шешендік, даналық сөздері мен бата-тілектерін жаттау. Слайд құру.

VІ. Рефлексия: өз ойлары мен ұсыныстарын стикерге жазып, бақыт ағашына іледі.

VІІ. Бағалау: асықтарды санау, балдарды есептеу арқылы бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0419
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0419 -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
0419 -> Сабақтың тақырыбы: «Әнші» төлдер. Бөрте лақ. 37, 38- жаттығулар. Сабақтың мақсаттары
0419 -> Алтын күз. 1-Жүргізуші
0419 -> Сабақ: А. Құнанбаев. Адам болам десеңiз Мектеп №21 Күні: 09 Мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет