Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру



бет1/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11___
Тақырып: Қайталау. Стереометрия аксиомалары және олардың кейбір қарапайым салдар.Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі.

Мақсаты:

а)қарапайым математикалық ұйғарымдарды дәлелдеу үшін аксиома,оның салдарын және паралель және айқас түзулер шардың белгілерін,түзу мен жазықтықтың паралельдік белгісін қолдана білу дағдысын қайталау.

б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;

в)Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;



Типі: Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

А)оқушының сабаққа қатысы

Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру

2. Қайталау (сұрақтар)

1) Стереометрия нені зерттейді?

2) С тобындағы аксиомаларды тұжырымдап айтыңдар.

3) Нүктелердің жазықтықтағы түзуге қатысты орналасуының негізгі қасиетін тұжырымдап беріңдер.

4) Нүктелердің кеңістіктегі жазықтыққа қатысты орналасуының негізгі қасиетін тұжырымдап беріңдер.

5) Кеңістікте қандай түзулер айқас түзулер деп аталады?

6) Кеңістіктегі қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

7)Кеңістіктегі өзара параллель үш түзу туралы теореманы түсіндіріп беріңдер.

8) Кеңістікте түзу мен жазықтық қалай орналасуы мүмкін

9) Түзу мен жазықтық қандай жағдайда параллель болады.

10) Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін тұжырымда.
3. Есептер шығару

№1 есеп.


АВСДА¹В¹С¹Д¹ кубы берілген, К€ВВ¹.

Салыңдар:

а) А¹К түзуінің α жазықтығымен қиылысу нүктесін

б) С¹К түзуінің α жазықтығымен қиылысу нүктесін

в) α жазықтығымен А¹К¹С¹ жазықтықтығының қиылысу сызығын
№2 есеп.

МАВС тетраэдрінің әрбір қыры 6 см. Д€МВ, Е€МС, F€АВ, АF=FB, P€MA



  1. а)МАВ және М FС; б) МСF және АВС жазықтықтарының қиылысу сызығын атаңдар.

  2. С F және АВС-ның ауданын

  3. АВС жазықтығы мен ДЕ түзуінің қиылысу нүктесін қалай салатынын түсіндір.

№3 есеп.

АВСДА¹В¹С¹Д¹ кубы берілген, Р€ВВ¹, В¹Р€РВ.



  1. АВС жазықтығы мен Д¹Р түзуінің қиылысу нүктесін қалай салатынын түсіндір

  2. АД¹Р жазықтығымен АВВ¹ жазықтықтығының қиылысу сызығын қалай салады.

  3. АР және АД¹ кесінділерінің қзындығын есепте, егер АВ=а.

4. Бекіту

5. Үй тапсырмасы:Қайталау.

Есеп: Үшбұрыштың бір қабырғасы 13 см, ал оған қарсы жатқан бұрыш 120º, ал оның қалған екі қабырғасының қосындысы 15 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Сабақ №___

Күні: _________

Сынып:_11
Тақырып: Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығына есептер шығару.

Мақсаты:

а) Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығына есептер шығару дағдысын қалыптастыру.

б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;

в)Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;



Типі: Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс

Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

А)оқушының сабаққа қатысы

Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру

2. Қайталау (сұрақтар)

1) Айқас түзулер арасындағы бұрыш деп нені түсінеміз?

2) Кеңістіктегі қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

3) Қандай жағдайда түзу жазықтыққа перпендикуляр болады?

4) Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр дегеніміз не?

5) Перпендикулярдың табаны деген не?

6) Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу дегеніміз не?

7)Көлбеудің проекциясы деп нені айтады?

8) Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деген не?

9) Үш перпендикуляр туралы теореманы дәлелде?.



3. Есептер шығару

№1 есеп.


ОА, ОВ, ОС сәулелері қос-қостан перпендикуляр. Егер:

а) ׀ОА׀= ׀ОВ׀=׀ОС ׀= 5 см;

ә) ׀ОА׀= ׀ОВ׀=׀ОС ׀= а;

б) ׀ОА׀= ׀ОВ׀= 3 см ׀ОС ׀= 4 дм болса, онда АВС үшбұрышының периметрі неге тең болатынын табыңдар.


№2 есеп.

Α жазықтығына перпендикуляр АА¹ және ВВ¹ түзулері жазықтықты А¹, В¹ нүктелерінде қияды, ал АВ түзуі С нүктесінде қиып өтеді. Егер ׀АА¹ ׀=12см, ׀ ВВ¹׀= 4 см; ׀В¹С׀ =2см болса, онда А¹В¹ қашықтығын табыңдар.


№3 есеп.

А нүктесінен α жазықтығына АА¹ перпендикуляр және АВ көлбеу жүргізілген. ВА¹ көлбеудің проекциясы. Егер:



  1. ׀АВ ׀=5 см, ׀АА¹ ׀= 4 см болса, ׀ВА¹׀ -ді;

  2. ׀А А¹ ׀=8 дм, ׀ВА¹ ׀= 6 дм болса, ׀АВ׀ -ні;

  3. ׀АВ ׀=16 см, ׀ВА¹ ׀= 4 см болса, ׀АА¹ ׀ –ді табыңдар.



4. Бекіту

5. Үй тапсырмасы:Қайталау.

Есеп: АВ кесіндісін тең үш бөлікке бөлетін С және Д нүктелері жазықтықтан 3см жіне 6 см қашықтықта орналасқан. А және В нүктелері жазықтықтан қандай қашықтықта орналасқан?

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11__


Тақырып:Үшжақты және көпжақты бұрыштар.
Мақсаты:

  • Үшжақты және көпжақты бұрыштар туралы ұғымымен, дөңес және дөңес емес көпжақты бұрыштармен таныстыру.

  • Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;

  • Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру

А)оқушының сабаққа қатысы

Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру
2. Жаңа сабақты түсіндіру

1) Ортақ бір О нүктесінен шығатын а, в, с сәулелерін алайық. а, б, с сәулелері қос –қостан үш доғамен бөліп көрсетілген α, β, γ бұрыштарын анықтайды. Осы үш бұрыштан және кеңістіктің осы жазық бұрыштарымен шектелген бөлігінен тұратын фигураны үшжақты бұрыш деп атайды.

2) Үшжақты бұрышты құрастыру үшін бір нүктеден шығатын үш сәулені алдық. Сәулелер санын 4, 5, 6,.., n деп алсақ, көпжақты бұрыш шығады.

3) Анықтама. Егер көпжақты бұрыш өзінің жағын қамтитын әрбәр жазықтыққа қараған дасол жазықтықтың бір жағында орналасса, онда ол дөңес көпжақты бұрыш деп аталады.


3. Есептер шығару

7-8


4. Бекіту

1) «Үшжақты бұрыш» дегеніміз не? Үшжақты бұрыштың қандай элементтері болады?

2) Көпжақты бұрышты қалай аламыз?

3) Дөңес және дөңес емес көпжақтарға мысал келтіріңдер.



5. Үйге: 1.1. тақырып. Сұрақ 1-3.

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Көпжақты бұрыштардың қасиеттері

Мақсаты:



  1. Көпжақты бұрыштардың қасиеттерімен таныстыру. Көпжақты бұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
2.Үй тапсырмасын тексеру

1) «Үшжақты бұрыш» дегеніміз не? Үшжақты бұрыштың қандай элементтері болады?

2) Көпжақты бұрышты қалай аламыз?

3) Дөңес және дөңес емес көпжақтарға мысал келтіріңдер.


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
1-теорема. Үшжақты бұрыштың әрбір жазық бұрышы қалған екі жазық бұрышының қосындысынан кіші болады.
2-теорема. Дөңес көпжақты бұрыштың барлық жазық бұрыштарының қосындысы 360º-тан кіші болады.

4.Есептер шығару
9-10

5. Бекіту

Көпжақты бұрыштардың қандай қасиеттерімен таныстыңдар?



6. Үй тапсырмасы: 1.2. тақырып. Сұрақ 1-3.

Сабақ №____

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Көпжақ туралы түсінік

Мақсаты:



  1. Көпжақ туралы түсінік беру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Үй тапсырмасын тексеру

Көпжақты бұрыштардың қандай қасиеттерін білесіңдер?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Шекара мен ішкі облыстың бірігуі тұйық облыс деп аталады.

Мысалы, берілегн куб – тұйық облыс (өзінің шекарасы мен ішкі облысының бірігуі), шар – тұйық облыс(сфера мен ішкі облыстың бірігуі). Бір жазықтықта жатпайтын, кем дегенде төрт нүктені қамтитын облысты кеңістік облыс деп деп атаймыз.

Тұйық кеңістік облыс дене, ал егер ол шектелген болса, оның шекарасы дененің беті деп аталады.

2- анықтама. Беті саны шектеулі көпбқрыштардың бірігуінен тұратын денені көпжақ деп атайды.

3- анықтама. Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай біржақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ деп аталады.


4.Есептер шығару
11-12

5. Бекіту
1) Куб берілген. Оның қай нүктелері ішкі, шекаралық болып табылады? Кубтың шекарасы неден тұрады? Неге куб дене бола алады?

2) Алтыжақ берілген. Оның қырларының, диагональдарының, жақтарының екіжақты бұрыштарының, көпжақты бұрыштарының саны қанша


6.Үй тапсырмасы: 1.3. тақырып. Сұрақ 4-6. №13

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырыбы: Призма және оның қасиеттері

Мақсаты:



  1. Призма және оның қасиеттерімен таныстыру. Призманың қасиеттерін пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қандай денені көпжақ деп атаймыз?

  2. Көпжақтың диагоналы дегеніміз не?

  3. Дөңес көпжақ деп қандай көпжақты атайды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Призманың анықтамасы

  2. Пизманың элементтері

  3. Призманың қасиеттері

  4. Тік призманың анықтамасы

  5. Дұрыс призманың анықтамасы


4.Есептер шығару
7-9

5.Бекіту

  1. Қандай фигураны призма деп атайды?

  2. Пизманың элементтерін атаңдар

  3. Қандай призманы тік призма деп атайды?

  4. Қандай призманы дұрыс призма деп атайды?


6. Үй тапсырмасы: 2.1. тақырып. Сұрақ 1-2. №10

Сабақ №____

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырыбы: Параллелепипедтер және олардың қасиеттері

Мақсаты:

  1. Параллелепипедтер және олардың қасиеттерімен таныстыру және алған білімдерін пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қандай фигураны призма деп атайды?

  2. Пизманың элементтерін атаңдар

  3. Қандай призманы тік призма деп атайды?

  4. Қандай призманы дұрыс призма деп атайды?


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Параллелепипедтің анықтамасы

  2. Параллелепипедтің элементтері

  3. Параллелепипедтің қасиеттері

  4. Тік параллелепипедтің анықтамасы

  5. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері


4.Есептер шығару
11-14

5.Бекіту

  1. Қандай фигураны араллелепипед деп атайды?

  2. Параллелепипедтің элементтерін атаңдар

  3. Қандай параллелепипедті тік параллелепипед деп атайды?

  4. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері дегеніміз не?


6. Үй тапсырмасы: 2.2. тақырып. Сұрақ 4-5. №15-18
Сабақ №__8__

Күні:______

Сынып:_11___
Тақырыбы: Призманың жазбасы. Призма бетінің ауданы.

Мақсаты:


  1. Призманың жазбасы және призма бетінің ауданы мен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қандай фигураны араллелепипед деп атайды?

  2. Параллелепипедтің элементтерін атаңдар

  3. Қандай параллелепипедті тік параллелепипед деп атайды?

  4. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері дегеніміз не?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Призманың жазбасы

  2. Призманың бүйір бетінің ауданының анықтамасы

  3. Призманың бүйір бетінің ауданының туралы теорема


4.Есептер шығару
19-22

5.Бекіту

  1. Призманың бүйір бетінің ауданының анықтамасын тұжырымдаңдар

  2. Призманың бүйір бетінің ауданының формуласын айтып беріңдер


6. Үй тапсырмасы: 2.3. тақырып. Сұрақ 6. №23-24

Сабақ №__9-10__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Призма жабасы, бүйір бетінің ауданы
Мақсаты:

  1. Призма тақырыбы бойынша есептер шығару дағдыларын бекіту.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Практикалық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Призманың бүйір бетінің ауданының анықтамасын тұжырымдаңдар

  2. Призманың бүйір бетінің ауданының формуласын айтып беріңдер



3..Есептер шығару
25-28

5.Бекіту

  1. Призманың бүйір бетінің ауданының анықтамасын тұжырымдаңдар

  2. Призманың бүйір бетінің ауданының формуласын айтып беріңдер


6. Үй тапсырмасы: 2.1-2.3. тақырып. Сұрақ 1-6. №29-30

Сабақ №____

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі.

Мақсаты:

  • Көлемнің негізгі қасиеттерімен таныстыру.Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  • Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Көлемнің негізгі қасиеттері:

1.Әрбір фигураның теріс емес санмен өрнектелетін көлемі бар болады.

2. Тең фигуралардың көлемдері де тең

3.Егер фигура ортақ нүктелері жоқ бірнеше бөлікке бөлшектенсе, онда оның көлемі бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең болады.

4. Көлемдердің өлшем бірлігі ретінде қырының ұзындығы е-ге тең кубтың көлемі алынады, ол е3 деп белгіленеді.

Теорема. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның үш өлшемінің көбейтіндісіне тең.

V═авс, мұндағы а, в, с –тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері.

Қыры а болатын кубтың көлемі а3-қа тең, мұндағы а – кубтың қыры.
4.Есептер шығару

1. Тік параллелепипедтің табанының қабырғалары 6 см және 8 см-ге тең, және олар 300 бұрыш жасайды. Бүйір қыры 5 см-ге тең. Паралелепипедтің көлемін табыңыз.

Дұрыс жауап: 120 см3

2. Тік бұрышты параллелепипед өлшемдері 15 м, 50 м, 36 м. Оған тең шамалас кубтың қырын табыңыз.Дұрыс жауап: 30 см

3. Төртбұрышты дұрыс призма табанының ауданы 144 см2, ал биіктігі 14 см. Көлемін тап.

Дұрыс жауап: 2016 см3



3. Үшбұрышты тік призманың барлық қырлары 2-ге тең.Көлемін табыңыз.

Дұрыс жауап: 18

9, №10, №11

5.Бекіту


  1. Көлемнің негізгі қасиеттері атаңдар.

  2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?

6. Үй тапсырмасы: 8.1-8.2. тақырып. Сұрақ 1-3. №12-13

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері.

Мақсаты:

  • Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттерімен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру..

  • Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Пирамиданың анықтамасы

  2. Пирамиданың элементтері

  3. Дұрыс пирамиданың анықтамасы

  4. Пирамиданың апофемасының анықтамасы.

  5. Пирамиданың диагоналдық қимасы


4.Есептер шығару
7, №8, №9

5.Бекіту

  1. Пирамида деп қандай фигураны атайды?

  2. Пирамиданың элементтерін атаңдар?

  3. Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданы айтады?

  4. Пирамиданың апофемасы дегеніміз не?


6. Үй тапсырмасы: 3.1. тақырып. Сұрақ 1-3. №10

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Қиық пирамида.

Мақсаты:

  1. Көпжақтардың қималары туралы ұғымды және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Өтілген тақырыпты қайталау

Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.



  1. Пирамида деп қандай фигураны атайды?

  2. Пирамиданың элементтерін атаңдар?

  3. Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданы айтады?

  4. Пирамиданың апофемасы дегеніміз не?


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қиық пирамиданың анықтамасы

Қиық пирамиданың элементтері

Дұрыс қиық пирамиданың анықтамасы

Дұрыс қиық пирамиданың апофемасының анықтамасы.
4.Есептер шығару
11, №12

5.Бекіту

Қиық пирамиданың деп қандай пирамиданы айтады?

Қиық пирамиданың қандай элементтерін білесіңдер?
6. Үй тапсырмасы: 3.3. тақырып. Сұрақ 4-5. №13

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Пирамиданың жазбасы. Прамида бетінің ауданы.

Мақсаты:

1. Оқушларға көпжақтардың бүйір және толық бетінің ауданы тақырыбына есептер шығарту

2.Оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру.

3. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту



Типі: Білім мен икем дағыдыны бекіту сабағы

Көрнекілігі: Сызбалар, тест парағы

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:


  1. Қиық пирамида деген не?

  2. Қиық пирамиданың толық бетінің ауданы неге тең?

  3. Қиық пирамиданың осьтік қимасы қандай фигураны береді?

  4. Пирамиданың осьтік қимасы қандай фигураны береді?


Жаңа тақырып:

Пирамиданың жазбасы

Пирамиданың бүйір бетінің ауданы

Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы

Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы
Есептер шығарту.

Есептер жинағынан



1 есеп. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы 96см2- қа тең, ал толық бетінің ауданы 112см2. Пирамиданың табанының қабырғалары мен биіктігін табыңдар.

3 есеп. Табаң қабырғалары 10 см және 2 см , биіктігі 3 см – ге тең дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар



Каталог: uploads -> doc -> 0cf3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf3 -> Сабақ жоспары сабақ: Дүниетану
0cf3 -> Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
0cf3 -> Сабақ жоспары. Көңілді старт


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет