Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия



бет11/20
Дата31.12.2019
өлшемі3.68 Mb.
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Прокариоттар. Тірі организмдер жасушалары ядросының жетілуіне байланысты екі топка бөлінеді. Ядросы толық жетілген жасушалы организмдердің — эукариоттар, ядросы жетілмеген жасушалы организмдердің — прокариоттар . Прокариоттарға бактериялар, соның ішінде цианобактериялар немесе көк жасыл балдырлар жөне архебактериялар жатады. Прокариоттардың пішіндері өр түрлі болады. Олардың шар, таяқша және оралма тәрізді үш түрі табиғатта кеңінен таралған.Құрылысы жөнінен бактериялар өте қарапайым. Олар сыртқы қабықшадан, әр түрлі заттарға толы цитоплазмадан, вакуольден және нуклеарлық заттардан кұралған. Жасушаның қабықшасы шырышты заттан тұрады. Қабықшаның шырышты заты температураның өзгеруіне байланысты қалындап, капсулаға айналады да, бактерияны қолайсыз ортадан қорғайды.Мембрана екі қабаттан: үстіңгі қабаты нәруыз молекуласынан, астыңғы қабаты липид молекуласынан тұрады.
Цитоплазмалык мембрана бактерия жасушасына заттардың сырттан өтуін бакылайды. Бактерия жасушасының цитоплазмасының химиялық құрамы күрделі. Оның құрамында нәруыз, май, өр түрлі минералды тұздар мен ферменттер болады. Сол сияқты цитоплазманың құрамында кейбір органоидтер — рибосома, митохондрия және т.б. кездеседі.

Бактерия-ң түрлері: а) шар тәрізді; ө) таякша тәрізді; б) оралма төрізді ірі бактериялар

Прокариоттардағы ДНҚ-да қатарласа орналаскан екі еселенуге әте бейім тендер болады. Оларда ДНҚ-ның қосарлануы (редупликациялануы) қарқынды жүреді. Сондыктан прокариоттар әрбір 22 минут сайын көбеюге қабілетті келеді. Прокариотты организмдердің фототрофты тобы (цианобактериялар) көк жасыл балдырлар деп аталады. Көк жасыл балдырлардың толық жетілген ядросы болмайды. Онын орнында цитоплазманың дәл ортасында орналаскан ДНҚ жіпшесі бар , хлоропластар болмайды. Фо­тосинтез процесі хлорофилдері бар қабықшаларда күреді. Көк жасыл балдырлар құрамында хлорофилл пигменті бар өте ертедегі организмдерге жатады. Олар осыдан 3 млрд жыл бұрын тіршілік етіп, теңізді оттекпен қанықтырған деген болжам бар. Көк жасыл балдырлар органикалық заттардың қалықтарымен қоректеніп, тез көбеюге бейімделген. Оларды көбею қарқындылығына бай­ланысты судың ластану дәрежесін анықтайтын индикатор ретінде пайдаланады.

Прокариоттардан баска табиғатта тағы бір тіршііліктің жасушасыз түрі бар. Олар — вирустар.



бактерия жасушасының құрылысының сызбанұсқасы:

1 — дезоксирибонуклеин қышкылының жіптері;

2 — рибосомалар;

3 — эргас-топлазмальщ жүйе;

4 — мито-хондриялар;

5 — вакуольдер;

6 — жасуша кабьщшасы;

7 — гликоген;

8 — волютин;

9 — цитоплазмалык мем­брана

ІІІ. Сұрақтар мен тапсырмалар

Эукариот және прокариот жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңдар.



Құрылымы

Эукариот жасушасы

Прокариот жасушасы

Хромосомалар

Энлоплазмалык тор

Рибосомалар

Гольджи мүшесі

Лизосомалар

Митохондриялар

Вакуольдер








ІV. Үйге §21

V.Жасуша органоидтары. Тест жұмысы.

№ 4-зертханалык жұмыс. Жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар жасушасының құрылысын микроскоп арқылы зерттеу, жасуша құрылысынын үлгісімен жұмыс істеу


Мақсаты. Жасушалардын әртүрлілігіне және олардың қызметін анықтайтын морфологиялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар олардың құрылыстарының бірлігіне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар. Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, заттық шыны, жабын әйнек, ине, қандауыр, кыскыш, тамшуыр, йод ерітіндісі, көксия кұйылған ыдыс, сүзгі қағаз, таза су құйылған ыдыс, шыныларды жууға арналған ыдыс, өсімдіктер мен жануарлардың ұлпалары мен бір жасушалы организмдердің микропрепараттары, пияз, картоп, элодея жапырақтары, сілекей қабыкшасының эпителий жасушаларынан жасалған микропрепараттар және т.б.
Жұмыс барысы. Сыныптың даярлығына және орындауға бөлінген уақытқа карай жұмысты әр түрлі нұсқада жүргізуге болады.
Пияздың жұқа қкабыщиасынан препарат даярлау. Пиязды кішкентай төрт бұрыш етіл кесіп, онын зпидермисінің бір бөлігін қысқышпен сыдырып алындар. Содан кейін оны заттық шыныдағы боялған суға салындар. Эпидермисті инемен жазып, жабын әйнекпен жауып, артық суын сүзгі қағазбен сорғызып алындар. Дайын болған преларатты алдымен азырақ, содан соң көбірек үлкейтіп қараңдар.

Мынадай сұрақтарға жауап беріндер. 1. Жасуша құрылысының қандай екенін байқадыңдар ма?

2. Пияз жасушасы құрылысының айырмашылығы неде?
Бір жасушалы организмдердің және өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларының дайын микропрепараттарын микроскоп арқылы қарау:

а) бір жасушалы организмдердін (амеба, кірпікшелі кебісше, эвглена) микропрепараттарын микроскоппен қарандар. Бір жасушалы организмдердің жасуша құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын аныктаңдар; ә) эпителийдің, сүйек және ет ұлпаларының микропрепараттарын микроскоп арқылы қараңдар. Бұлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Бақылау қорытындыларын кестеге жазында

Зерттелетін зат

Ерекшеліктері

Белгілер

Қорытындылар





ұқсастықтары

айырмашылығы

Құрылысымен қызметінің өзара байланысы

Кұрылыстарының ұқсастығы


















Биология 10-сынып

Cабақтытың тақырыбы. Вирустар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды вирустар құрылысымен таныстыру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру

қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер

Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.



  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Бағалау.

І. Амандасу,сабаққа әзірлеу,сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Вирустар-тірішліктің жасушасыз түрі



Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XIX гасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.XIX ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан оте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дөлелденді. Вирус (латынша «virus» — у) — тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, ж\е нәруызбен қапталған қабықшадан — капсидтерден тұрады.

Темекі теңбілінің вирусы ж\е оның кұрылысының


Тенбіл ауруымеи зақым



жапырақ жасушасындағы

темекі жапырағы



(ақтандақтанған бөлігі)

виpvc кристалы

Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан кқрғайды. Кейбір вирустардың кұрамында нуклеин қышкыл-дарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоп-пен оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардын жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгигі болып отыр.



Дмитрий Иосифович Ивановский (1864-1920)

Орыс физиологі әрі микробиологі. Виру-сологияның негізін қалаушылардың бірі.

1892 жылы ең алғаш темекі теңбілі ауруының қоздырғышын тапты

Темекі теңбілі вирусы темекі жапырақтарындағы хлоропластарды закымдайды. жапырак тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді.Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9—11 күннен кейін сарғая бастайды

1). У.Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

2). Бактерияларды закымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пііпіні итшабаққа ұқсайды, оны 55-суреттен көруге болады. Олардың денесі — басы, қүйрығы жөне іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20— 22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы — нәруыз мол-н тұратын куыс түтік. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф.Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірак бүл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топаланды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н.Ф.Гамалея алгаш рет анықтаған. Іні сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д'Эрелль (Ф. д' Эрелль) байқаған.Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және т.б. көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын темендетеді.


Вирустың құрылысы және онын көбеюі

Оралма тәрізді РНҚ



Нәруыз молекул-н құралған қабықша

10 мин Бактериофагтың құрылысы мен іс-әрекеттері

. Фагтар (бактериофагтар) өз бұтақшасымен бактерия жасушасына бекінеді. Іле-шала бактерия жасушасының қабыкдіасын ерітетін «лизоцим» деп аталатын фермент бөліп шығарады. Қабықша ерігеннен кейін (55-сурет, Б., 2 мин.) фаг ішіндегі заттар (хромосома, т.б.) бактерия жасушасына енеді де, оның бұтақшасы мен сыртқы қабыкшасы бактерия жасушасының сыртында қалып қояды.

Фаг (бактериофаг) жасуша ішіне енісімен көбейіп, Б., 5—30 мин.) өзінің зиянды әсерін тигізе бастайды (бактерия хромосомасының белсенділігін төмендетеді). Бактерия жасушасы бұдан кейін ісініп, жарылады да, одан жаңадан пайда болған фаг бөлініп шығып, ол келесі жасушаны зақымдауга кіріседі.

Фагтың көбею сатысының ұзақтығы 30 минуттан 90 минутқа дейін созылады. Олар құрғақшылыққа, төменгі температураға ж\е көптеген химиялық уларға төзімді. Бірак 50%-дық глицерин ерітіндісінде, сол сиякты температура +100°С-қа көтерілгенде бактериофагтар тіршілігін жояды. Олар табиғатта өте көп таралған. Кейде фагтар бактерия жасушасында тіршілік етсе де, онын жасушасы ерімейді. Тек көбейген кезде ғана олардың зақымдаушы әрекеттері біліне бастайды.

Мұндай бактериофагтарды бір калыпты фагтар деп, ал бактерияларды, яғни осы фагтарды тасымалдаушыларды «лизогенді» бактерия лар деп атайды.

Қорыта айтқанда, вирустар ауру коздыріыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы болып табылады. Сондыктан олармен үнемі күресудің жолдарын білу кажет.

Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлері. Өсімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асбұршақ ж\е басқа дақылдардың теңбіл ауруы белгілі. Мұнда, вирустар ауру өсімдіктердің хлоропластарын бүлдіреді де, жапырактардын закымданған жерлері түссізденіп қалады. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген кауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, кұтыру жөне т.б. аурулар вирус арқылы таралады.



Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды. Тұмау індеті адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918—1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қайтыс болған.

Полиомиелит — тез таралатын індет. Полиомиелит вирусы тұмау вирусымен салыстырганда өте кішкентай болады. 1916 жылы Нью-Йоркте полиомиелиттен 2 мындай адам қайтыс болып, 7 мыңдай адам сал ауруына шалдыккан. Бүл ауру, әсіресе балалар арасында кен, таралған. Оның қоздыргышы — су, тағам жене ауа арқылы таралады. Полиомиелит індеті Қазақстанда, әсіресе 1961 жылы кең өріс алды. Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзып, жансыздандырады.

ІІІ. Зертханалық жұмыс №4

ІV. Үйге §21

V. Сұрақтар. 1. Прокаридтар құрылысы қандай ?

2. Прокаридтарды зерттеген ғалымдардың еңбегі қандай?

3. Прокаридтарға қандай организдер жатады?

10-сынып

Cабақтытың тақырыбы. Клеткадағы зат алмасу.АТФ

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды клеткадағы зат алмасу процесімен таныстыру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру

қабілетін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер

Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика,химия.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру

VІ Бағалау.

І. Амандасу,сабаққа әзірлеу,сабақ мақсатымен таныстыру.



ІІ. Зат алмасу процесі дегеніміз — тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен  кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі клеткадағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Орыстың ұлы физиологы И.М.Сеченов “Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды” деген болатын. Организм мен оны қоршаған сыртқы орта арасында үздіксіз зат пен энергия алмасып отырады. Зат пен энергияның алмасуы сыртқы ортадан организмге энергиясы мол органикалық заттардың келуінен басталады. Ол органикалық заттар ас қорыту жолына түсіп, ферменттердің жәрдемімен қарапайым заттарға ыдырайды. Қарапайым заттар қанмен бірге клеткаға барып, түрлі химиялық өзгерістерге ұшырайды. Демек, сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін — зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан — катаболизм мен анаболизмнен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет