Сабақтың мақсаты : а бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру



бет1/3
Дата04.02.2020
өлшемі97,68 Kb.
#57160
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (4)

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.



Барысы:

І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

«Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.



ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз

  1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

  2. Әкелеріңнің анасы кім болады?

  3. Отбасының тірегі кім?

  4. Үйдегі алтын қазық кім?

  5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

  6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)

    ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

    ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:

1-оқушы  Роллан

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

2-оқушы Шыңғыс

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

3-оқушы Айдана

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

4-оқушы Рахима

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

5-оқушы Аружан

Әкем шытса қабағын,

«Байқа, балам» дегені

Алған көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны.

6-оқушы Бақытжан

Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді

7-оқушы Аян

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

8-оқушы Айдана

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

9-оқушы Адалхан

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген

10-оқушы Бақдәулет

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

11- оқушы Бақытжан

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

12- оқушы Ғазиза

Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анамене данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген,

Дүние қымбат екен анаменен



V. Ән: «Асыл әжем»

VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

  1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

  2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

  3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

  4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

  5. Балалы үйдің еңсесі биік.

  6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

VІІ. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым » тақырыбындағы көрмемен таныстыру. Оқушыларға шығармаларын оқыту.

VІІІ. Жалғыз-дара өзіңсің

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің

Аппақ мөлді сезімсің

Мен барымды аяман

Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.

Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»

-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп  жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)

Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»

-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

Үшінші ойын: «Сезім гүлі»

-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.



ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

  1. Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

  1. Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

  1. Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 

Х. Ата-аналарға сауалдар:

1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз?

3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

ХІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»

ХІІ. 13-оқушы «Ұлыма сыр» Гүлсезім

Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,

Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.

-Не дейсің ғой, айтайын:

-Бірі-Анаң да,

Бірі-Отаның туған жер, өскен елің!

Осы екеуі-бақытың, үміт таңың

Осы екеуі-ашатын жігіт бағын

Дүниеде бар нәрсе өзгермелі,

Осы екеуі-мәңгілік  ұмытпа ұлым!

Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де,

Осы екеуін арманым, ақ құсым де!

Өз арыңды лайлап алмау үшін,

Осы екеудің арына дақ түсірме!

Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік,

Бермес саған ол бірақ жасын қиып

Қуансаң да, мұңайып қайғырсаң да

Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.



ХІІІ. Қорытынды

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Әкем біреу, анам да біреу менің

Мен жығылсам сүйенер тілеулерім

Олар барда мереке

Көрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергенің

Менің досым әкесін жек көреді

Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.

Жамандайды, сыртынан тістенеді.

Бір-біріне бітпейді өкпелері

Дос тапса да адамдар, тапсадағы

Әке жалғыз табылмас ақшаға да

Жамандасаң әкеңді саған әкеп

Жақсы әкесін береме басқа бала

Әке білек, саусағы балалары

Қан тамырымен жалғасқан аналары

Ана тамыр бойымен беріледі

Тіршіліктің жылуы таралады

Тақырыбы: «Спорт біздің – серігіміз».


Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.
Көрнекілігі: спортшылардың суреттері,слайдтар, видеороликтер, кестелер т.б
Сабақ барысы:
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: ««Спорт біздің – серігіміз» Қош келдіңіздер!
ІІ. Ой қозғау. Спорт тарихы туралы не білеміз?
ІІІ. Спорттың шығу тарихы.
Спорт (франсуз тілінен алынған(фр. desport — жалқу)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.
Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа жауап табу үшін қалың тарихты парақтай отырып, ұлан- байтақ жерімізде спорттың дамуына түрткі болған оқиғалардың хронологиясын құрастырып отырмыз.Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты  тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын.
Қазақтың ұлттық спорт түрлері
Дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері:
•    аламан бәйге – алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
•    байте – ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
•    ат омырауластыру – атты итерістіріп шеңберден шығару,
•    аударыспақ – ат үстінде алысу,
•    жорға жарыс – жорғалар сыны,
•    құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс – жылқы түліктерінің жарысы,
•    қыз қуу,
•    көкпар – командалық ойын,
•    жамбы ату – шауып келе жатып нысана көздеу,
•    күміс ілу – жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
•    сайыс – ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары :
•    шатраш (дойбының бір түрі),
•    тоғыз құмалақ – домалақ тас ойыны,
•    саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері –
•    қазақша күрес,
•    әйелдер күрес;
Жеңіл атлетика –
•    жаяу жарыс,
•    жігіт жарыс,
•    әйелдер жарысы;
Күш өнері –
•    балуан тас,
•    түйе көтеру,
•    өгіз жығу,
•    асық ойындары және т.б.
(Өздерінің жарысы кезіндегі видеоларды көрсету) (Қазақстан барысы видео)
(Көкпар видео)
Яғни, мақсатымыз – ұлттық спорт,ұлттық би өнерін насихаттау арқылы, денсаулық –саулық кепілі екендігін дәріптеу.
Сіздер таңқалмаңыздар, қазіргі таңда біздің ағзамызды айықпас дертке ұшыратын темекі, яғни көк түтіндер, адамды жынжандырушы ішімдіктер мен есірткі заттар, сонымен қатар АҚТҚ/ЖҚТБ ауруы көптеп шығып жатыр. Облыс көлемінде қаншама жарнама арқылы зиянды әдеттерден арылтуға бағытталған жарнамалар көрсетілсе де, оның саны азаймай отыр. Біздің мақсатымыз осы жағымсыз заттардан қоғамды арылту, салауатты өмір салтын қолдау. Білім – инемен құдық қазғанмен тең болса, осы сабаққа қатысуларыңыз теңізге бір тамшы су құйғанмен тең.
Алдарыңызда «Қара жорға» биімен 11 класс оқушылары.
•    Зиянды әдеттер бөлімшесі
Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.
Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі. (Саламат)
–         Өте сирек ауырады;
–         Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;
–         Ұйқысы да тыныш;
–         Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;
–         80 жастан кем жасамайды;
        Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.
Шылымқорлық  (Арайлым)
Ең алдымен, біз жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық.
Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауаруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған.
Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.
Ішімдік. (Нұрлыбек)
Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.
Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті.
Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.
Нұрлыбек  интерактивті тақтадағы ішімдікке байланысты суреттерді, видеоны  түсіндіреді. 

Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір! (Видеолар)


Пайдалы кеңестер бөлімшесі.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:
Слайд жасау (Асылайым)
1.    Қоршаған орта ластығы.
2.    Дұрыс тамақтанбау.
3.    Тұқымқуалаушылық.
4.    Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5.    Зиянды заттарды қабылдау.
6.    Тазалықты сақтамау.
7.    Отбасындағы кері жағдайлар.
8.    Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
2 слайд. (Кенжегүл)
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1.    Дұрыс тамақтану.
2.    Қоршаған орта тазалығы.
3.    Дене шынықтыру.
4.    Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5.    Зиянды заттарды қабылдамау.
6.    Жеке бастың тазалығын сақтау.
7.    Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
8.    Эмоциялардың оң болуы.   

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-15 балл қою.

№     Дене қозғалысының түрлері    Күнделікті     Аңда-санда     Мүлде жасамаймын
1     Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру
2     Таңертеңгі дене қозғалысы
3     Мектепке келу
4     Дене шынықтыру сабағына қатысу
5     Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар,күрес)
6     Денені шынықтыру
7     Үйдегі дене еңбегінің орындалуы
60 – жоғары                       45 – орташа                           25 – төмен
Қазақ спорт жұлдыздары туралы оқушылар айтады.
(Қажымұқан, Балуан Шолақ, Жақсылық, Бекзат, Жансая, Ольга, Амантай)

Олжалы отызыншы Олимпиада (видео көк тудың желбірегені)


Авторлар: сөзі:Алмас Ахметбекұлы. әні: Ермұрат Зейілхан
Адам өмiрiнде спорттың алатын орны ерекше. Ал мемлекеттiк тұрғыдан қарайтын болсақ, ол – абырой! Елiмiздiң даңқын асқақтатып жүрген саңлақтарымыз баршылық. Арғысын айтпағанда, күнi кеше өткен Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшылар жетi рет көк туымызды көкте желбiреттi. Осынау байрақты бәсекеде әлемнiң 200-ден астам елiнiң арасынан 12-орынды иелендiк. Қалай мақтансақ та жарасады. Саңлақтарымыздың сол кездегi жеңiстерi талай өскелең ұрпақты спорт кешендерi мен алаңдарына жетелегенiне сенiмiмiз мол.
Сонымен ел аузында «Тұманды Альбион» аталып кеткен ағылшын жұртының астанасы –  Лондонда 27 шілде мен 12 тамыз аралағында өткен олимпиада ойындарына қысқаша шолу жасап шығайық. Лондон Олимпиадасының дүбірлі бәскесін қазақ елінің атынан барған спортшылар алғашқы күннен-ақ алтын алумен бастады. Велоспорттан 250 шақырымдық қашықтықтағы жарыс жолына шыққан  Александр Винокуров топ жарып, саңлақ аталған күннің ертеңінде   ауыр атлет Зүлфия Чиншанло әлем және олимпиада рекордын жаңартып, әнұранымызды әуелетті. Ал, жарыстың төртінші күнінде Қазақстан қоржынындағы 2 алтын тағы бір ауыр атлетіміз  Майя Манезаның жеңісімен үшеуге жетіп, жанкүйер қауымды желпінітіп тастады.   Мәскеулік зілтемірші қыздың қамқоршылары жолын кесе берген соң «Қазақстан қайдасың?» деп тартып кеткен  Светлана Подобедова отандастырына өзінің қайсарлығын Лондон Олимпиадасында әйгілеп, Қазақстанның байрағын Ресейдің туынан жоғары көтерді. Алтын алқаның иесі табан тірейтін тұғырға шыққан Светлана көз жасын тия алмай қазақ әнұранын шырқады. Әнұранымыздың қайырмасындағы «Гүлің болып егілемін» деген жолдарды егіліп тұрып айтты.Лондон Олимпиадасының феномені алтын айдарлы ұлымыз – Ілия Ильин болды. 94 келіге дейінгі салмақ санатында жалпы саны 418 келіні бағындырған ол  әлемдік және олимпиадалық рекорд орнатты. Ресейдің, Молдованың, Иранның азуын айға білеген алыптары Сыр бойында туып өскен Ілияның сирағынан да келмей қалды. Зілтеміршілер сайысында жұлқа көтеруден 175 келіні, серпе көтеруден 220 келіні бұйым көрмеген Алмас Өтешовтың де шоқтығы биік көрінді. Қысқасы, Олимпиада ойындарының қызған шағында  Ілияның жеңісімен  Қазақстан қоржынында 5-ші алтын медаль жатты.Шығыстан шыққан (ШҚО) арғымақ қыз Ольга Рыпакова үштеп секіруден 14,98 метрге секіріп, еліміздің қоржынына түскен алтыншы алтын медальдің иегері атанды.Олимпиада ойындарының жүлдесін алтынмен бастаған қазақ спортшыларының аптығы сәл саябырлап қоржынымызға қола медальдар құйылды. 84 келіге дейінгі салмақта белдескен палуанымыз Даниал Гаджиев Олимпиада ойындарының 10-шы күні қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, 8 тамыз күні боксшы қызымыз Марина Вольнова Лондон Олимпиадасындағы екінші қоланың қожайыны болды. Сондай-ақ, балуан қызымыз Гүзел Манюрова да қоладан алқа тағынып жеңіс тұғырынан көріне білді.  91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі боксшысымыз Иван Дычко  Ұлыбритания спортшысы Энтони Джошуаға 13:11 есебімен есе жіберіп, 4-ші қола медальді «місе тұтты». Ал, Лондон Олимпиадасының соңғы күні боз кілемге көтерілген еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров қола медаль үшін белдесуде түрік палуаны Рамазан Сахинмен күресіп, тізе бүктірді. Сондай-ақ, 81 келіге дейінгі салмақта қарсыластарын шақ келтірмеген  Әділбек Ниязымбетов финалда ресейлік спортшы Егор Мехонцевпен қолғап түйістіріп,  тең түсті.  Бірақ , төрешілер алтынды ресейлік боксшының қанжағасына байлап берді. Сөйтіп, біздің Әділбек Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, ел қоржынындағы бірінші күміс медальді еншіледі.69 келіге дейінгі салмақ санатында ұлыбританиялық боксшы Фредди Эванспен жұдырықтасқан қазақстандық сайыпқыран  Серік Сәпиев  7-ші алтын медальмен Олимпиада ойындарының соңғы күнін өз биігінде қорытындылады.
көк тудың желбірегені
Жалында Азиада алауы (Азиада алауы әні)
авторлары: Ө Оралбаев. Е Хасанғалиев
Төрткүл дүниедегі адамзат баласын жақындастырып жіберетін сиқырлы күштің бірі – үлкен спорт додасы. Әрі спорт – бейбітшілік пен тұрақтылықтың ең басты насихатшысы. Спорттың дүниежүзілік дүрбелеңдерге тоқтау салғаны да, қырық жыл қырғиқабақ болған елдерді араластырып та жібергені де айтылып та, жазылып та келеді. Осындай саяси мәні зор, мәртебесі жоғары дүбірлі доданың бірі биыл қазақ топырағында өтті. Алаш даласы Азиада ойындарына өз төрінен орын ұсынып, Арқа төсі мен Алатау бөктерінде VII қысқы Азия ойындарын өткізді.  Әу баста біраз қобалжыдық та. Өйтпегенде ше, осындай ірі спорттық шараны Орталық Азия мен ТМД елдері арасында бірінші болып өткіздік. Тіпті Орта Азияны былай қойғанда, мұсылман елдерінің арасында тұңғыш болып Ақ Азиаданы өз жерімізде өткізуге мүмкіндік алдық. Сондай-ақ бұрынғы КСРО құрамындағы елдерден де озып кеттік. Бізге дейін бұрынғы одақтас¬та¬ры¬мыз-дың ешқайсысы Азиада секілді ірі доданы өткізген жоқ. Бұл орайда VII қысқы Азия ойындарының пост¬кеңестік кеңістікте 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасынан кейінгі тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған үлкен дода екендігін мақтанышпен айтып өту керек. Мұндай дода бұрын-соңды елі¬мізде болып көрмеген. Осы жағынан алғанда кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін өз алдына отау құрып, Тәуелсіздігін алған Азия құрлығындағы елдердің ішінен Қазақстан озық шықты. Бұл біздің іргеміздің берік қаланғанын, экономикамыздың қарыштап, әлеу¬мет¬тік жағдайымыздың алға басқандығын білдіреді. ТМД елдері арасында өзгелерден осылай асып түсуіміз, кейбір елдерге ой салды. Содан соң олар да қарекет жасауға көшіп, Украина Польшамен бірігіп, футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын болды. Бұл тұрғыда «қапы қалған» Ресей бұдан кейін «қамшыны басып», 2013 жылғы дүниежүзілік қысқы Универсиаданы және 2014 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге қол жеткізді. 2015 жылы Азияда  Жапония мемлекетінің  Сакура қаласында өтетін болып шешілді.
Тақырыбы: 15 қараша – Ұлттық валюта күні.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге – мемлекет келбеті», жаңа сөздер.

Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Теңгемен.
Ендеше тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге – мемлекет келбеті».
«Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:( теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы, капитал).
Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
Теңге тарихын айтып бермейік.
Теңге тарихы
- Мемлекетіміздің елбасы – Н. Ә. Назарбаев.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып қай жылы сайланды?
- 1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жататының Сіздерге белгілі.
- Мемлекетіміздің Әнұранның авторы кімдер?
- Мемлекетіміздің Туының авторы кім?
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер?
(Оқушылар жауабын тыңдалады).

Жүргізуші: Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өзі Ата Заңы, мемлекеттік рәміздер, ұлттық валютасы бар. Ал енді оқушылар теңге туралы не біледі екен?

1 – Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.
Жүргізуші: Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.

2 – Оқушы: Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып, ішіндегі « мықтылары»Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8: 00 - ден бастап енгізіліп, елдің қолына тиіп, ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 19жыл толып отыр. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Жүргізуші: Теңгенің 16 – ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайның жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына, халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Енді теңге туралы әңгімелейік.

Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып өзгерді.(қазіргі қолданыстағы теңгелер көрсетіледі.

Теңгенің орталық бөлігінде « Астана – Байтерек» монументі бейнеленген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

Жүргізуші: «Тиыннан теңге құралады», - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар?
(Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Кім тез ұғып алды екен « Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік.
- Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
- Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер?
- Ақша қандай қызмет атқарады?
- Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
- Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?
- Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
- Қайдан несие алуға болады?
- Ақшаны қайда жинауға болады?
- Ұлттық валюта дегеніміз не?
- Теңге немен безендіріледі?
- Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
- Қазақ теңгесі қайда басылды?
- Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет