Сабақтың мақсаты : Қайырымдылық,мейрімділік,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлық жасауға жетелеу



Дата25.12.2016
өлшемі88,3 Kb.
#4523
түріСабақ
Тәрбие сабақтың тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет

Сабақтың мақсаты: 1.Қайырымдылық,мейрімділік,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлық жасауға жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,мақал-мәтелдер.

Сынып: 1 (бірінші)



Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Кел, балалар, күлейік! Кел балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек? Күлкі көңіл ашады,

Көңілді боп жүрейік Күліп өмір сүрейік.

ІІ Жаңа сабақты сұрақ-жауап жұмысынан бастау

1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

2.Басқаларға жақсылық жасаған кезң болды ма?

ІІІ. Әңгіме тыңдау. «Сары тауық пен балапандары»Сұрақ-жауап.

1.Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

2.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

3. «Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады», дегенді қалай түсінесің?

Дәйексөзді талдау

«Мейірімділкті анадан үйрен» мәнін түсіндіру

-Ана халық ұғымында жаратушы.Олай дейтініміз табиғатты да,адамды да дүниеге әкелуші ана.Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан.Адамның да,ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Ризашылық-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

Мейірімділік- адамдардың бір-біріне деген мейірімділік шапағат белгісі.

ІV. Ойын: «Мейірімді жүрек» «балалардың мейірбандық жүрегі,

Адамдарға бақыт шатттық тіледі.»

Жүрекшенің үлгісін ұсыну.

Мысалы,сен мейірімдісің!Сен кішіпейілсің!Сен әдемісің!Сен қайырымдысың!Сен ізеттісің!т.б

V.Сұрақ-жауап

-Алтын жүректі,үлкен жүректі адамдар деп кімдерді айтамыз?

-Алтын жүректі,үлкен жүректі деген сөздер қандай мағынада айтылады?

VІ. Оқушы. Жетімдердің анасы,жесірлердің панасы.

Алыс аға бөбегі,Нұрағаңның Сарасы

Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,

Жақындаса түссін деп адамдардың арасы

Қиындықсыз өмір жақ қиындықтан өтем деп

Дейді бізге Сарамыз,дегеніне нанамыз.

VІІ. Кіріспе әңгіме

Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті.Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты.Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып,елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.

«Бөбектің анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды.Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына,қайрымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салып келеді.Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 ж «SOS Киндердорф» тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын

Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорағу туарлы Заң қабылданды.

VIII. Қорытынды сабақ.

Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибратты тілегімен қорытындылау.

Қымбатты балалар, мен - Анамын,Әжемін, шөбере сүйдім.Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа,айналадағы адамдарға мейірімді бол.Оларды сыйлай біл.Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік,өмір сүруге деген құштарлық,жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге,ата-анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік бүр жарып,махаббатқа,достық ұласқан ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.



 ейрімділік жолымен
Мейірімділікті анадан үйрен.
Халық даналығы
Мақсаты: Балалардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: слайд, үнтаспа, бейнефильм, жүрекшенің үлгісі.
Шаттық шеңбері
Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:
- Балалар, ортаға шеңбер құрып «Мейрімділік» өлеңі оқылады.
Мейрімділік
Әкел, досым, қолынды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кәне, соныңды
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Мейірімділік белгісі –
Кел, қосылып күлейік.
Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:
- Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір - біріне деген мейірімділігі - әдептілік белгісі.
Әңгімелесу
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру мен оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
- Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
- Адамзат ненің мейіріміне бөленген?
- Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, ынтымақ, бірлік, достық.
Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасайымыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан - дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір - біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!
Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар
Мәтінмен жұмыс «Сары тауық пен балапандары»
Мейірімділік қасиетінің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Оқулықтағы мәтінді оқушы оқиды.
Сахналау Балаларға мәтін мазмұнын тереңірек түсіндіру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.
Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.
. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
. Күннің көзін неге ана жүрегіне теңеп отыр?
. Сендер үшін өмірде ең мейірімді жан кім?
Балалар жауабы тыңдалады.
Дәйексөз
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға « Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.
- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Сергіту сәті
Алақанмен сипағанда аялап,
Жақсы сезім қуанышың тасады.
Ақ көңілмен болар бейне саябақ,
Аялаған әр адамның құшағы.
Өзіммен - өзім «Жетімдер» фильмінен үзінді көрсету.
Балаларда қамқорлық, жанашырлық сезімдерін ояту мақсатында әңгіме ұйымдастыру. Фильмнен алған әсерлері жайлы сұрақтарға жауап алу.
Бөтен, танымайтын адамдар арасындағы мейіріділік және аға мен қарындас, бауырлар арасындағы мейірімділік жайлы әңгімелесу.
Өздеріңнің біреуге мейірімділік көрсеткен кездерің болды ма?
Балалар жауабы тыңдалады.
Жағдаяттарды талдау
Суреттер бойынша балалардың табиғатқа, заттарға, жан - жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Балалар біз бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы, асыл құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелестік. Қазақ халқы баланы жасынан тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа,
сыпайылыққа, кішіпейілдікке, ұйымшылдыққа, отаншыл болуға тәрбиелеген.
Көптеген мақал - мәтелдер, нақыл, тыйым сөздерді жиі айтып отырған.
Біздің оқып жатқан тарауымыз қалай аталады?
Балалар жауабы: «Адам болам десеңіз...»
Бұл кімнің өлең жолдары?
Бір оқушыға жатқа оқыту.
Қорытындылау
Балалар кімнің, ненің мейірімді екендігін мынадай сөздермен айтып жеткізедді:
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті достарым мейірімді!
Жүректен жүрекке
Мұғалім: « Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір - біріне деген жақсы тілектерін білдіреді. Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,
Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» - деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынады.
Үй жұмысы
Дәптерде берілген бос жолдарға «Мен мейірімді баламын» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

Кері қайту

Ілмек сөздер: өзін-өзі тану, мейірімділік, мейірбандық

Тақырыбы:Мейірімділік.


Мақсаты: «Мейрімділік», қайырымдылық, құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Мейрімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Мейірбандыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, бүгін бізде тәрбие сағаты. Тәрбие сағатымызды бәріміз дөңгеленіп шаттық шеңберін құрып бір-бірімізге жақсы тілектер айтудан бастайық.
Тілектер айтылады.

Тәрбиеші: Арайлап жарқын таң атса,


Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса
Жүрегім жыли бастайды,
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшагын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Балаларға сұрақ қою:
- Мейірімділік деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек».
С.А. Назарбаева
Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірім–шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.
Шындық, мейірімділік, қарапайымдылық жоқ жерде ұлықтық болмайды.
Л.Н. Толтой
Мейірімділік - адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік істер жасау арқылы мейірімділік таныта алу.
Мәтінмен жұмыс
«Сары тауық пен балапандары».
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жектізе алатын емес.Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Сары тауық айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде сары тауық оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас, - деді сары тауық.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын. Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзіміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады? – деп сұрады сары – тауық.
- Мен барайын, - деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда? – деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
Сары тауық су өтіп қатты жаурады Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балапандарына деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Пікірлесу:
- Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- Сендер бір-біріңе мейірімдік таныта аласыңдар ма?
Жағдаятты талдау
Күздің жайма шуақ күндерінің бір еді, сабақ түстен кейін басталатын болғандықтан, асықпай келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенімде үрейлене жылаған баланың дауысын естідім. Жалт қарасам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыздың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес. Қыз қатты қорқыпты. Денесі дірілдеп, өксігін баса алмай солқ-солқ етеді.
- Сендер бұл жағдайда не істер едіңдер?
- Қандай көмек көрсетер едіңдер?
Жағдаятты талдау
Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалды.
- Балалар, бұл жағдайда не істер едіңдер?
Жағдаятты талдау
Бокс үйірмесі аяқталған соң, үйге жинала бастады. Марат ойнап Сержанның күртесінен тартты. Ал Сержан болса, оған жауап ретінде басымен Мараттың бетінен бір ұрды.
- Бұл жағдайда сендер қандай әрекет істер едіңдер?
- Сержанның осы ісі дұрыс па?
Торт безендіру
Торт безендіргішті қолымызға ұстап, жүрек жарды тілегімізді айтып , мына тортты безендірейік.
- Балалар біз бүгін тәрбие сағатымызда мейірімділік туралы әңгімеледік. Сендер жақсы қатыстыңдар. Көп – көп рахмет! (Балаларды мадақтау)
- Бәріміз дөңгеленіп тұрып:
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Тату – тәтті достарым мейірімді!
- Жылы жүзді тәрбиешілеріміз мейірімді!
Мына қолдарыңыздағы гүлдерді келген қонақтарға жақсы тілек айтып сыйлаңыз. Бала тілегі қашанда орындалады. Міне осындай жақсы тілектермен тәрбие сағатымды аяқтағым келіп тұр.

 

 
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет