Сабақтың мақсаты: а білімділік Қазақтың көрнекі ақын жазушысы Ы. Алтынсариннің



Дата25.12.2016
өлшемі38,29 Kb.
#4528
түріСабақ







Cабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік

Қазақтың көрнекі ақын – жазушысы Ы.Алтынсариннің

өмірі, шығармашылығы туралы тереңіректермен

таныстыра отырып,әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру;

Судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айтуға

үйрету.

Ә) Дамытушылық

Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, өз бетімен

жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға

машықтандыру, ойлау қабілеттерін сөйлеу мәдениетін

дамыту.Суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту.

Б) Тәрбиелілік

Әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу

идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол,

жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу. Суды

қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Дамыта оқыту,СТО технологиялары.

Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, ой қозғау.

 Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, денешынықтыру, орыс тілі.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1, 2 оқушы мазмұнын айтып береді.

 2. Сұрақтар бойынша жауап беру:

 1) Қария қандай сұраққа жауап берді?

2) Ол неге сонша қуандым дейді?

3) Өмірінде не нәрсеге қатты кейідім дейді?

 4) Қарияға күш, қуат берген не болды?

5) Ол өлген адамның өтінішін қалай орындады?

 3. Негізгі ойды қорыту. Мақал айту.

Алтын, күміс тас екен,

Арпа, бидай ас екен.

ІІІ. Оқушы білімін тексеру:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

       Кімнің өлеңі? Қалай аталады?

ІҮ. Сабаққа мақсат қою.

Ү. Жаңа сабақ.

1. Қазақстан картасы.

а). Ақындығын таныту.

«Кел, балалар, оқылық!» , «Өзен». «Өнер – білім бар жұрттар», «Бұл кім?» «Жаз» т.б. ә). Жазушы болған. «Асыл шөп», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Бақша ағаштары», «Аурудан - аяған күштірек» т.б.

 б). Аудармашы. «Қайырымды түлкі», «Қарға мен түлкі», «Екі шыбын» (И.А. Крыловтан) в). Мектеп ашқан. г). «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған. ғ). Ұстаз, ағартушы.

2. Кіріспе әңгіме. Ы.Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы.Алтынсарин атында Ғылым академиясы бар. Ы.Алтынсарин атында медаль бар. Иегерлері: Ұлағатты ұстаз, қарт мұғалім Б.Балов және Қазақстанның халық жазушысы, Оқу - ағарту ісінің үздігі М.Әлімбай.

3. Ы.Алтынсаринің «Таза бұлақ» атты әңгімесімен танысамыз.

4. Мәтінді мәнерлеп оқу.

5. Сөздікпен жұмыс.

6. Оқушыларға оқыту.

7. Географиямен байланыстыру.

8. Қазақ тілімен байланыстыру.

 1 – топ еңбекқорлық –

2 – топ жақсылық –

3 – топ тазалық –

ҮІ. Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру.

Үш жолаушының қайсысының пікірі дұрыс деп ойлайсың?

1 – жолаушының пікірі.

2 – жолаушының пікірі.

3 – жолаушының пікірі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа жолдаған «Қазақстан – 2030» жолдауы – болашағымыздың бағдары. Жолдаудың сегіз бағытының бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген. Суға байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?

1. Суға түкірме.

2. Ағынды суға кір жума. т.б.

Сурет бойынша жұмыс. Ы.Алтынсарин шығармаларының негізгі түйіні – білім мен тәрбиені ұштастыра білу.

ҮІІ. Қорыту:

 а) Ы.Алтынсарин өміріндегі ең үлкен белес не деп ойлайсыңдар?

 ә) Ы.Алтынсариннің кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті қандай?

«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің соңғы шумағын еске түсіру.

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды,

«Өнер - жігіт көркі»деп

Ескермедік мақалды ....

 Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,



Сіздерге бердім батамды.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Таза бұлақ» мәтінін сахналауға дайындалу. Бағалау/

 

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет