Сабақтың мақсаты: а Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер туралы



бет1/3
Дата08.07.2017
өлшемі0,5 Mb.
#20826
түріСабақ
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақтар жалғану жолмен жасалған

туынды сөздер.

Сабақтың мақсаты: а) Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер туралы

білімдерін пысықтау. Жұрнақтар жалғану жолмен жа-салған туынды сөздерді лексикалық жолмен жасалған туынды сөздермен салыстыра түсіндіру.

ә) Тәрбиелік мақсаты – еібексүйгіштікке, адамгер-шілікке, инабаттылыққа және әдебиетті сүюге тәр-биелеу.

Көрнекіліктері: Таблица, үлестірмелі материалдар, суретті

карточкалар.



Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, тест әдістері.

І Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Оқушыларды түгелдеу.

3) Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап

арқылы сұрау.

а) Үйге берілген 360-жаттығуды орындауға тақтаға екі оқушы шығарамын.

ә) Үлестірмелі карточкалар (тест сұрақтары, суретті карточкалар) таратылып, бірнеше оқушыларға тапсырма беремін.

Тақтадағы үй жұмысы тексеріліп болған соң сол екі оқушыға мынадай сұрақтар қоямын.

1. Сөзжасам дегеніміз не?

2. Жаңа сөз тудырудың қандай тәсілдерін білесіңдер?

3. Қазақ тілінде сөздер қаншаға бөлінеді?

4. Түбір сөздер мен туынды сөздерге мысалдар келтір: оқу, мал т.б.

5. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

Жауап берген соң орындарына отырады.

Оқушылардағы үлестірмелі кестелердегі жауаптарды тексеремін.



Өткен сабақты қорыту. а) Сонымен сөзжасам дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Қазақ тілінде сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып екіге бөлінеді: жер, жұрт, жұмыс түбір сөз болса, жер серігі, жұмысшы, жылы сөз туынды сөз болады.

ә) Сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ, жаңа мағынаға ие болуын лексикалық жолмен жасалған туынды сөз дейміз.


Жаңа сабақ: Жұрнақтар жалғану жолмен жасалған

туынды сөздер.

Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда жаңа мағыналы сөздер жасалады.

Мысалы:


ауыл/дың, бала/лық

үй/шік, ас/хана

арба/кеш

Жұрнақтар екі түрлі болады:

Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар.

1) Сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ дейміз.

Мысалы: аш, тол сөздерінен ашық, толық деген жаңа сөздер жасалған ық жұрнағы арқылы.

2) Сөдің негізгі мағынасын өзгертпей, оған қосымша мағына үстейтін жұрнақ сөз түрлендіруші жұрнақ дейміз.

Мысалы: қалашық, көлшік түбірлері – қала, көл дегендер: -шық (шік) жұрнағы түбірлердің негізгі мағыналарын өзгертпеген. Ол тек қаланың, көлдің кішкентай екенін білдіреді.

Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы: сен-ім-ді, оқы-т-у-шы-лық т.б.

Оқулықпен жұмыс: 362-жаттығу.

Көп нүктенің орнына

хана жұрнағы арқылы

жасалатын сөздерді қоямыз.

363-жаттығу. Мәтінді оқып, түсінігімізді айтамыз. Мәтіннен туынды сөздерді теріп жазамыз. Күз/де, күз/гі. Қон/ыс, көк/теу жаттығуды орындап болған соң 3 топ та жаңа сөз жасайды.



1 топ 2 топ 3 топ


Жаңа сабақты пысықтау:

Оқушыларға үш түрлі краточка тапсырамын.

-пан, -лық, -қай, -лы, -сыз мына жұрнақтарды жалғап, сөз жаса.

-ім, -ді, -сіз, -гіш, -паз. Мына жұрнақтарды жалғап, жаңа туынды сөз жаса.

-шы, -лық, -сыз мына жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жаса.


Қорытынды: тақтаға үш плакат ілемін. Плакатта әріптер бар. Әріптерді құрастырып сөз, мақалдар құрастырады.

1 топ


Әріптердің орнын ауыстыра отырып, жаңа сөз жаса. Осыдан жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.

2 топ.

Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра



Отырып оқысаң, ел туралы мақал оқисың. Осылдан жұрнақ арқылы жасалған туын-ды сөзді тап.
3 топ.


Уайым

өтесің

теңіз

Батасың

желқайық

кетесің

тәуекел

түбі

де

мінесің

да

түбі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет