Сабақтың мақсаты: а оқушылардың етістіктен алған білімдерін пысықтау, тиянақтау



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі1,96 Mb.
#26571
түріСабақ
  1   2
Тақырып: 6-сыныпта Галиевтың блоктап оқыту технологиясы негізінде өткен «Етістікті қайталау» тақырыбындағы сабақ әзірлемесі
Сабақтың мақсаты: А) оқушылардың етістіктен алған білімдерін

пысықтау, тиянақтау.

Ә) танымдық тапсырмалар, тест сұрақтары, сұрақ-

жауап арқылы есте сақтау қабілеттерін, шығар-

машылық қабілеттерін дамыту.

Б) мемлекеттік тілді құрметтеуге, тапқырлыққа,

білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойындар, талдау, жинақтау

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Көрнекілігі: кесте, үлестірме қағаздар, ВЕНН диаграммасы

тест сұрақтары, семантикалық карта, суреттер

ОТҚ: мультипроектор
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Зейіндерін сабаққа аудару.

Психологик тренинг

Сабаққа дайын болар әр оқушы

Зерделі, ойшыл бала осыны ұқшы.

Асу жоқ алынбайтын талап қылсаң,

Ойыңды бір арнаға жина жылдам.

Сабаққа кірісейік ынтаменен

Тыңдай білсек артады білім деген

Бәріміз де белсенді қатысайық,

Әрбіріміз ешкімнен кем емес.

Зейініміз аударылсын сабаққа

Ойымыз да болмасыншы әр жақта

Кәне бүгін не үйренер екем деп,

Ұстазыңды тыңдай біл де, ой сақта!
Мұғалім Балалар

- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат

- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық

- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Бүгін оқулықтағы жаттығулардан бөлек, қосымша тапсырмалармен жұмыс жасап, білімімізді пысықтайтын боламыз.

- Ал, балалар, біз сендермен қазақ тіл білімінің қай саласын өтіп жатырмыз.

- Морфология

- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

- 9 сөз табы.

- Біз сендермен қай сөз таптарымен таныстық?

- Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік

- Бүгінгі сабағымыз етістіктен алған білімдерімізді қайталау.


Сабағымыздың эпиграфы:

«2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары

95 пайызға дейін жететін болады».

(ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

2012 жыл 27 қаңтар)
-Қазір қай мезгіл?

- Көктем мезгілі.

- Көктемгі табиғатты суреттеңдерші.

- Көктемде күн жылынады, жиі-жиі жаңбыр жауады. Құстар ұшып келеді. Бақшада жұмыс көбейеді. Адамдар ағаш отырғызады.



- Біз де сол сәттен пайдаланып «Етістік» ағашын отырғызайық.

- Етістік тұлғасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

- Негізгі етістік, туынды етістік

- Етістік құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

- Дара етістік, күрделі етістік

- Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

- Болымды етістік, болымсыз етістік

- Мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

- Салт етістік, сабақты етістік.

- Бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі

- Есімше

- Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі

- Көсемше

- Іс-әрекет пен істеушінің арасындағы қарым-қатынасты білдіретін етістіктің түрі

- Етіс

- Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі



- Тұйық етістік

Енді осы алған білімдерімізді іс жүзінде көрейік.



Сабағымыз - блоктандырылған сабақ

блоктар

кезеңі

қандай жұмыс атқарылады?


І

Ақылдың тереңдігі

тест сұрақтарымен жұмыс


ІІ

Ақылдың еркіндігі

«Аң аулау» ойыны. Сұрақ-жауап.


ІІІ

Ақылдың айқындылығы

графикалық диктант

Етіс тақырыбы бойынша.



ІҮ

Талдау - табыс кілті

суретпен жұмыс

Сөйлемдерге талдау жасау.



Ү

Кітап – білім бұлағы

263-жаттығу

Тұйық етістіктерді теріп жазу



ҮІ

Ақылдың шапшаңдығы

«Бинго» ойыны

Есімшені теріп жазу



ҮІІ

Салыстыру – терең білім кілті.

ВЕНН диаграммасы, семанти-калық картамен жұмыс.

ҮІІІ

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма 267-жаттығу




І кезең . Ақылдың тереңдігі

Тест сұрақтарымен жұмыс



ІІ кезең Ақылдың еркіндігі

«Аң аулау» ойыны

Бүркіт қай аңға қонса, сол сұраққа жауап береді.

1. Негізгі етістік дегеніміз не?

2. Туынды етістік қалай жасалады?

3. Дара етістік дегеніміз не?

4. Күрделі етістік қалай жасалады?

5. Болымды етістікке мысал айт

6. Болымсыз етістік жұрнақтарын ата

7. Салт етістік дегеніміз не?

8. Сабақты етістік дегеніміз не?

9. Есімше және оның жұрнақтарын ата

10. Көсемше және оның жұрнақтарын ата

11. Өздік етіс және оның жұрнақтары

12. Өзгелік етіс және оның жұрнақтары

13. Ырықсыз етіс және оның жұрнақтары

14. Ортақ етіс және оның жұрнақтары


ІІІ кезең Ақылдың айқындылығы

График диктант. Етіс тақырыбы бойынша.

1. Бүгін жиналыс өткізілді.

2. Біз құдық қазыстық.

3. Тастан сарай салғызды.

4. Бақшадағы шөпті жинасты.

5. Ләззат жақсылап таранды.

6. Кешке қонақтар шақырылды.

7. Мұғалім оқушыларға жаздыртты.


ІҮ кезең Талдау – табыс кілті

Суретпен жұмыс

Берілген сурет бойынша сөйлем құрастыру, сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жасау.





Ү кезең Кітап – білім бұлағы

Кітаппен жұмыс

263-жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жаз.

Болуы, ұнауымен, сөйлеудің, табыстыруға, күресу, ойлау, құрметтемеу, сыйламау


Каталог: uploads -> doc -> 0484
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0484 -> Сабақ 11 сынып дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дементьева Н. Г


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет