Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру



Дата27.12.2016
өлшемі48,69 Kb.
#5712
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Бейімбет Майлин (1894-1938)

Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.

Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.

Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?



II Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.

III Жаңа тақырып. Кіріспе.

Ұлттық әдебиетіміздің классигі Б. Майлин әдебиет жанрларының қалыптасуы мен дамуына үлкенүлес қосты. Оның қаламынан екі жүз елуге жуық өлең, жүзден артық прозалық және драмалық шығармалар, опералық либреттолар туды. Б. Майлин - әңгіме жанрының, фельетон өлеңдердің хас шебері.



  1. Ақын туралы оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу:

Хас шебер

Табиғилық

өмір шындығы

нақты суреттейді

қаламгер

Сөздермен лексикакалық жұмыс орындау.



3. Жұппен жұмыс: берілген мәтінді пайдаланып, тірек сызба жасау, баяндап беру.
1894 жылы Қостанай облысының Троицк Уәзифа медресе,

Таран ауданында туған Қостанай орыс-қазақ мектебі

Уфа Ғалия медреседе оқыған
Бейімбет Майлин

Мұғалім болды сатирик
Жазушы

Шығармалары

Өлеңдер: “ Мырқымбай”, “Кедейдің кейістігі”, “Қазақ туралы”

Повесі: “Шұғаның белгісі”

Поэмалар: “Кемпірдің ертегісі”, “Маржан”



IV Бекіту .“Ой-тапқыр оқушы” оқыта үйрету ойынын ойнау.

Ойын шарты: 2 оқушы жүргізуші болып сайланады. Оқушылар мәтінді (Бейімбет өмірбаяның) бір рет жылдам және мұхият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа нұсқада болуы керек. Қай оқушы көп сұрақтарды қойды, сол “Ой-тапқыр оқушы” анықталады.

V Қорытынды. Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.


VI Үй жұмысы. “Бейімбет не Майлин” сөздеріне негіздеп сөзжұмбақ құру



VII Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.

Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Абай қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы екендігі, шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне назар аударып, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.

Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Бүгін нешісі?



II Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.

III Жаңа тақырып. Кіріспе.

Абай-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің Бас ақыны. Абай Құнанбаейұлы-қазақ сөз өнерінің әлемдік деңгейге көтерілген ұлы өкілі.

Абай өзінің өмірден түйген тұжырымдарын қарасөз үлгісінде де жазған. Қарасөздерінде ол тәлім-тәрбиелік мәні терең ойларын шебер жеткізеді.

Сөздік жұмысы:

Бас ақыны

Сөз өнерінің өкілі

әлемдік деңгей

тіл кестесі

тұжырымдар

қарасөз


тәлім-тәрбиелік мәні
Тақтада көрсетілген кестені толтыру:

Жылдар

Маңызды оқиғалар

Шығармалары











Қосымша материалдармен жұмыс:

  1. Абай туралы мәтінді түсініп оқу.

  2. Сұрақтарға жауап беру:

-Абай қай жерде туған?

-Абайдың шын аты кім?

-Абай қандай білім алған?

-Қандай орыс классиктерінің шығармаларыноқыған?

-мәдениет пен білімге арналған қандай өлеңдері бар?

-Абай кімдердің шығармаларын аударған?

-Крыловтан қандай мысалдарды аударған?

-Абай қай жылы қайтыс болды?



IV Бекіту


  1. жұппен жұмыс: берілген мәтін бойынша тірек сызба құрастыру. Сызба бойынша бір-біріне “Абай туралы мен не білдім?” тақырыбына сұхбаттасу.


1904 жыл өлеңдері аудармалары
Абай орыс тіліндегі шығармалары

әжесі Зере, анасы Ұлжан мысалдары



Ахмет-Риза медресесі


V Қорытынды. Оқушыларға сұрақ

-Абайдың балалық шағын қалай елестетесіңдер?

-Бала Абай қандай болған деп ойлайсыңдар?

-Ойларыңды, пікірлеріңді ортаға салыңдар?



VI Үй жұмысы. VII Бағалау


Оқушының аты – жөні

Сұрақтарға жауап беру

Жұппен жұмыс

Қорытынды баға













Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет