Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тығыздық
Сынып: 7
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.2.13 – тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Тығыздық шамасының анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Заттың тығыздығы шамасының физикалық мағынасын түсінеді, формуласын түрлендіре отырып, есептер шығаруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар: Заттардың тығыздықтарын ажырата алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады. Теорияны практикамен ұштастыра алады.
|
Бағалау критерийі
|
Критериалды бағалау
|
Тілдік мақсаттар
|
Барлық оқушылар: Физикалық терминдердің дұрыс айтылуына мән беру.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:
Заттың тығыздығы анықтамасын айту
|
Құндылықтарға баулу
|
Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен, жұппен ұйымдасып жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруы
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, жаратылыстану
|
Алдыңғы оқу
|
Масса және денелердің массасын өлшеу. Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін табу.
|