Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орнын



Дата24.04.2017
өлшемі172,63 Kb.
#14798
түріСабақ

Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: Алюминий



Сыныбы: 9 сынып

Өткізген: Шаяхметова А.




Тақырыбы : Алюминий

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орнын ,

табиғатта кездесуі , алынуы, физикалық , химиялық қасиеттерін , қолданылуын ,

қосылыстары туралы мəліметтерді меңгерту .

Дамытушылық: Оқушылардың пəнге қызығушылығын, дүниетанымын,

екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан əрі дамыту.

Тəрбиелілік : Топтарға бөліну арқылы шығармашылық жұмысты қалыптастыру.

Алюминийдің тұрмыста қолданылуын , алюминий құймаларының құрамымен та -ныстыру , өмірдегі маңызын түсіндіру .

Сабақ типі: Аралас. Жаңа білімді хабарлау .

Сабақтың өтілу əдісі : топтық, сұрақ - жауап

Қолданылатын көрнекіліктер: электронды оқулықтар, периодтық жүйе, ке стелер , алюминий қосылыстарының жиынтығы, бағалау парағы.

Сабақ барысы:


  1. «Қызығушылықты ояту». Үй-жұмысын тексеру.

Деңгейлік тапсырмалар орындау

1 деңгей

  1. Кермек сулар дегеніміз ? (құрамында гидрокарбонаттар хлорид, сульфаттар

түрінде Ca жəне Mg тұздары бар табиғи сулар

  1. Кальцийдің физикалық қасиеттері ( Кальций күмістей жылтыраған ақ түстес

металл , өте жеңіл, қатты, созылғыш).

  1. Кальций қосылыстарда қандай қасиет көрсетеді? ( күшті тотықсыздандырғыш).

Кальцийдің тотығу дəрежесі (+2).

2 –деңгей

  1. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

ВаО Ва(ОН)2 ВаСІ2 ВаSО4

3 – деңгей

34 г натрий мен натрий оксиді қоспасын сумен әрекеттендіргенде 5,58 л сутегі бөлінген болса қоспа құрамындағы натрий мен натрий оксидінің массалық үлесін есепте.



Өздік жұмыс (тест түрлерімен жұмыс)

1. Ең қатты металл

А) темір Б) хром В) мырыш

2. Хромның никельмен құймасы

А) дихром Б) нихром В) метахромиттер

3. Жер қыртысындағы хромның мөлшері

А) 0.03% Б) 0.06% В)0.3%

4. Хромның бай кен орны

А) Жезқазған Б)Ақтөбе В)Қарағанды

5. Пирофорлы қара ұнтақ

А) Cr2O3 Б) CrCI3 В) CrO3

6.Қиын балқитын күңгірт-жасыл хром оксиді

А) Cr2O3 Б) CrО В) CrO3

7. Хромды ашқан химик

А)Д.Менделеев Б) Л.Воклен В)Ф.Гарбер

8. Хром қышқылының тұздары қалай аталады?

А)Хром қышқылдары Б)Дихром В)Хроматтар

9. Дихроматтың түсі

А)Қызыл,сары Б)Көгілдір,сары В)Ақшыл көк

10. Хром қай топта орналасқан элемент?

А) VIII Б) VII В)VI

Есте сақтау тестісі

р/с

Химиялық формула

Есте сақта, тап

1

CaCO3 * MgCO3.




2

Fe2 О3




3

K2CrO4




4

CuSO4 * 5 Н2O




5

ZnS





«Ұлы есімдер» ойыны

1.Кальцийді кім ашты? (1808ж ағылшын ғалымы Дэви)

2.Крокоит  минералының құрамынан алынған металл хромды ашқан француз химигі кім?

(Хромды 1797 ж. француз химигі Л.Н. Воклен  крокоит  минералының құрамынан ашқан.)

3.Геология мен металлургияның негізін салған зерттеуші кім? (Георгий Агрикола)

4. Металдардың белсенділік қатарын жасаған ғалым ? (Н. Н. Бекетов)

II. « Мағынаны ашу ». Жаңа сабақ

Тақтада бір элементтің атом құрылысы берілген , ойланып бұл қай элемент

екенін табыңдар? + 13 AІ ) ) )

2 8 3


Aлюминий элементі III топтың негізгі топшасында орналасқан элемент,

сыртқы қабатында 3 электрон болғандықтан , ол қосылыстарда тұрақты +3 тотығу

дəрежесін көрсетеді.

III топшаның ішінде ядро заряды жоғарлаған сайын атомның иондану

энергиясы төмендеп, элементтің металдық қасиеттері артады. Алюминий металл , оның оксиді мен гидроксидтері екідайлы қасиет көрсетеді.

(Алюминий атомының электрондық жəне графиктік формуласын оқушы

тақтаға жазып түсіндіреді.)

Қалыпты жағдайда III топша элементтерінің барлығында бір дара р элек -трондары болады. Сондықтан ол химиялық қосылыстарда бір валентті болуы

мүмкін. Ал қозған күйде сыртқы қабаттың S- ұяшығындағы жұп электрондардың

біреуі көршілес р-ұяшығына көшуінің нəтижесінде 3 дара электрондар түзіледі

де , элементтің қосылысындағы валенттігі 3-ке тең.

Алюминийдің табиғатта кездесуі.

Алюминий латынның « алюмин» ашудас деген мағына береді . Табиғатта

ең кең тараған элемент. Табиғатта таралу жөнінен үшінші орында, ал металдық

негізінде бірінші орында. Жер қыртысындағы массасы 8,8%. Алюминийдің

маңызды қосылыстарына алюмосиликаттар , боксит , корунд , криолит.



Алюминийдің табиғаттағы маңызды қосылыстары

Алюмосиликаттар Боксит Корунд

Al2O3*nH2O Al2O3

Al2O3-30-60% мөлдір крис талдар

Каолинит Нефелин

Al2O3*2SiO2*2H2O Na2O*Al2O3*2SiO2

Ортоклаз немесе дала шпаты Криолиттер

K2O*Al2O3*6SiO2 Al F3*3NaF

Na3[AlF6]

Алюмосиликаттар дегеніміз – құрамында Al, Si, O2, сілтілік жер металдарының оксидтері арқылы түзілетін тұздар . Бокситтер-негізінен гидратталған AІ2O3 жəне қызыл түс беретін Fe2O3 тұратын тау жынысы. Боксит -тен алюминий алады . Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар, олар Қостанай жəне Ақтөбе облыстарында орналасқан . Корунд – құрамында Al2O3 бар өте қатты минерал.

Криолит-жасанды жолмен дайындалады , алюминий металлургиясында

қолданады .

- Оқушыларға топтар бойынша тапсырмалар беру .

І топ : Алыну жолы

ІІ топ : Физикалық қасиеті.

ІІІ топ : Химиялық қасиеті.

ІV топ : Қолданылуы.

І топ : Алыну жолдары: а) зертханада алу. Алюминииді неміс химигі Фридрих Велер 1827 жылы алю миний хлоридіне ауа қатысынсыз сілтілік калий , натрий металдарын қосып , қыздыру арқылы алюминий алған.

AlCl3+3K t 3KCl+Al

в) Өнеркəсіпте алу жолы.

а) Аl2O3 электролиздеу арқылы металл Аl – ді алуда 1880 жылы американ

инженер -химигі Чарлз Холл, француз химигі Полл Эру криолитте балқыған

Al2O3 (t=1000oC) электролиздеу арқылы алған.

в) Бокситтен глинозем алу, глиноземнен Аl алу, электрохимиялық əдіс

арқылы.


с) Металл алюминийді 1825 жылы дат физигі Ханс Кристиан Эрстед электро-магнитизм аймағынан электр арқылы жəне алюминий құймаларынан Аl алған.

ІІ топ : Физикалық қасиеті

Жылу өткізгіштігі Жеңіл, Sn-қатты,

Cu – төмен ρ=2.7 гр /см3 Fe-3 есе жеңіл

Cu- жұмсақ

электр тогын өткізеді

(Ag,Cu) Аl күмістей ақ

Құйма оңай тұзеді созылғыш,

тапталғыш ,

tқ=2500oC tб=660oC майысқыш , иілгіш

III топ . Химиялық қасиеттері:

Алюминий белсенді металл . Электрокернеу қатарында Mg-ден кейін

орналасқан . Алюминий атомының сыртқы қабатында 3 электрон бар. Реакция

кезінде 3 е беріп, химиялық қосылыстарда +3 тотығу дəрежесін көрсетіп , күшті

тотықсыздандырғыш болады. Ал металдың беті ауадағы оттекпен жанасқанда ,

лезде тотығып , оксидті қабықшамен қапталады.Алюминий бетіндегі

қабықшаның қалыңдығы 0,00001 мм, ол өте берік,иілімді,созғанда бетке жабы-сып тұрады. Оксид қабықшасы ауада бұзылмайды,жемірілуге тұрақты .

«Химиялық қасиеттері » кестесі



Жай заттар

4Al + 3O2 t 2 Al2O3

2Al + 3Cl2 t 2AlCl3

2Al + 3S t Al2S3

2Al + 3N2 t 2AlN3

4Al +3C t Al4C3



Күрделі заттар

2Al + 6 H2O → 2Al ( OH )3 + 3H2

2Al + 6HCl → 2Al Cl3 + 3H2

2Al + 6NaOH + 6 H2O t 2Na3[ Al ( OH)6 ] + H2

Натридің гексагидроксо алюминаты

2Al + 3HgCl2 2AlCl3 + 3Hg

Алюминий амальгамасы

8Al + 3Fe3O4 t 9Fe + 4Al2O3

Бұл əдіс металлотермия деп аталады
І V топ : Қолданылуы.

Алюминотермия

Тұрмыс бұйымдары , ыдыстар Жеңіл құймалар (дюралюмин,

магналий, силумин )

Болат пен шойын қаптауға

алитирлеуге. АЛЮМИНИЙ Ұшақ, жоғарғы

сапалы айналар

Автомобиль, авиация.

Электрөткізгіш сымдар, Күміс тəрізді бояулар

( кабельдер)



Сабақты бекіту кезеңі

ІІІ. «Ой - толғаныс»

Графикалық диктант «Иә - жоқ»

1. Aлюминий табиғатта таралуы бойынша І орын алады ? (жоқ)

2. Aлюминий атомының сыртқы қабатында 3 электрон бар ( ия )

3. Aлюминий бір изотопы бар. ( ия )

4. Aлюминий сілтімен артық мөлшерде комплексті тұз түзеді ( ия )

5. Aлюминий құймалары өте ауыр ( жоқ)

1.Aлюминий белсенді металл ( ия )

2.Aлюминий ауада тотығып оксид қабығымен қапталады ( ия )

3.Aлюминий екідайлы металл ( ия )

4.Aлюминий қоры Қазақстанда кездеспейді? (жоқ)

5. A люминий ауыр металл ( жоқ)

1.Алюминотермия əдісін Н.Н. Бекетов ашты ( ия )

2. A люминий қосылыстарда І валентті ( жоқ)

3. A люминийге конц. салқын НNO3 əсер етеді.( жоқ)

4. Aлюминий тек қосылыс түрінде кездеседі ( ия )

5. A люминийдің қайнау температурасы 660оС тең ( ия )

1. Aлюминий қышқыл , сілтімен де əрекеттеседі? (ия )

2. Aлюминий электр тогын өткізбейді ( жоқ)

3. Aлюминийді бокситтен алады ( ия )

4. Aлюминий электрөткізгіштігі жөнінен І орында ( жоқ)

5. Aлюминий қосылысы зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады ( ия )

Есептер мен жаттығулар орындау :

Есептер : Шешуі:

Бер: ω(AlCl3)-5% Шешуі:

m( ер -ді )=40 г AlCl3+NaOH=Na[Al(OH)4]+3NaCl

ω(NaOH)=0.2-20% m(AlCl3)=m(ер -ді )* ω=40*0.05=2 г

ρ=1.2 г/см3 υ (AlCl3)=m/M=2/133.5=0.015 моль

υ (NaOH)=4*υ (AlCl3)=0.06 моль

т-к: V( ер -ді NaOH)-? m(NaOH)= υ*M=0.06*40=2,4г

m(ер -ді NaOH)= m(NaOH)/ ω(NaOH)=2,4г/0,2=12г

V( ер -ді NaOH)=m/ ρ=12г/1,2 г/см3=10мл.

Үй тапсырмасы: §38 8,9 есеп , 5-6 жаттығу.

Тұрақты кермек суды қалай тұщытады ? (сода қосу )

CaH2 ( кальций гидриді)

Уақытша кермек суды қандай əдіспен тұщытады ? (Суды кайнату немесе

сөндірілген ізбес қосу )

Кальцийдің жер қыртысындағы мөлшері қанша ? (3,6%)

Кальций қосылыстарын ата ( Мрамор - CaCO3; доломит -CaCO3 * MgCO3. Фос-форит - Ca3(PO4) апатит - Ca3(PO4)2 * CaF2 норвегия селитрасы немесе кальций нитраты Ca(NO3)2.)



Zn3 (PO4)2

  • ә) Zn →ZnCl2 →Zn(OH)2 K2[Zn(OH)4]

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет