Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ауызекі тілін дамыту



Дата18.02.2018
өлшемі56,49 Kb.
#37920
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Бауырсақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ауызекі тілін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылырдың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық тағамын білуге, оны қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: аударма, түсіндірме, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық: Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1.Бүгін нешесі?

2.Қазір қай ай?

3. Қазір жылдың қай мезгілі?

4. Көктем айларын ата

5. Көктемде ауа райы  қандай болады?



Кезекшінің мәліметі.

ІІ Үй жұмысын тексеру.

Әр топқа 4 сұрақтан құралған карточка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді.



І топ. «Дастарқан» тобы.

1. Қазақтың басты тағамы не?

2.Қазы, қарта ненің еті?

3.Бесбармаққа ненің етін салады?

4.Құрт неден жасалады?

ІІ топ. «Тағамдар» тобы».

1. Айран ненің сүтінен жасалады?

2.Қымыз ненің сүті?

3.Сүт тағамдарын ата.

4.Айран неден жасалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыпқа шығу. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру ретінде екі топқа тапсырма тарату. Қай топ бірінші болып жауапты табады.



8

5

2

1

6

3

5

7

3-с 7-қ 8-б 1-ы 5-а 2-у 6-р

- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бауырсақ».



Сөздік жұмысы.
ұлттық – национальный  бидай ұны – пшеничная мука
домалақ – круглый  қуыру – жарить 
тойымды – сытный  резать - кесу
сәні – роскошь  сүйсініп – с удовольствием

Тақырып бойынша тапсырмалар орындату.



1 – тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқимыз аударамыз.

Бауырсақ – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық тағамы. Бидай ұнын ашытып, домалақ етіп кесіп, майға қуырады.

Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді.

2 – тапсырма. Сұрақтар арқылы бауырсақтың түр түсін сапасын сұрау.
Әр топқа 2 сұрақтан құралған карточка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді.

І топ. «Дастарқан» тобы.

1. Бауырсақ қандай? (жұмсақ, қатты).
2. Бауырсақтың көлемі қандай? ( жалпақ, домалақ).

ІІ топ. «Тағамдар» тобы».

1.Бауырсақтың түсі қандай? (сары, жасыл).
2.Бауырсақтың дәмі қандай? (дәмсіз, өте дәмді).

ІV. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

3 – тапсырма. Дұрыс аудармаларын табу.

І топ. «Дастарқан» тобы.

1.Из мясо конины готовят қазы-қарта,жал.

2. Творог,курт,сметана-молочные блюда.

3. Кумыс целебньей напиток.Его готовят из молока кабылицы.

- Қымыз бие сүтінен дайындалатын шипалы сусын. 

- Жылқының етінен қазы,қарта,жал дайындалады. 
- Сүт тағамдары –ірімшік,сүт, қаймақ құрт.
ІІ топ. «Көктем» тобы».

1.Бауырсаки,лепешки готовят из дрожжевого теста.

2. Основное национальное блюда-бешбармак.

3. Шұбат квасят из молока веблюдицы.

- Бауырсақ,шелпек ұннан жасалатын нан тағамы. 
- Шұбат-түйе сүтінен ашытылады. 
- Ең негізгі ұлттық тамақ-қазақша ет.

V. Қорытынды:Тест.

1. «Домалақ» - деген сөздің аудармасы қаңдай? 
А) Длинный
Б) Круглый
В) Узкий

2. Бауырсақ қандай тағамға жатады? 
А) Сүт тағамдары 
Б) Нан тағамдары 
В) Ет тағамдары 
3. «Қуырады» - деген сөздің аудармасы қаңдай? 
А) Жарят
Б) Месят
В) Готовят
4. Бауырсақ илеу үшін не керек? 
А) Қант
Б) Ұн 
В) Күріш 

5. «Бауырсақ» - деген сөз қандай сұраққа жауап береді?



А) Кім?

Б) Қайда?
В) Не?

Ал енді бір-бірінді тексеріп, бағалаңдар. Мен сеңдерге дұрыс жауаптарын айтамын, сендер салыстырыңдар, сосын бағалаңдар. 
Бүгінгі сабақтың тақырыбың, сөздерін ұраның қайталаңдар. Сабақта не істедік? Не үйрендік? 

VІ. Бекіту,бағалау. Топ басшылары бағалау парағы бойынша бағалайды.

VІІ.Үй тапсырмасы: «Нан» тақырыбына байланысыты мақал-мәтелдер жазып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 1294
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1294 -> Портфолио деген не?
1294 -> Сабақтың атауы Өзен және көл Сілтеме Дүниетану оқулығы 4 сынып Алматы «Атамұра» 2011ж
1294 -> Сабақтың тақырыбы: Теңге кімге бұйырады? 9 сыныптар арасында


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет