Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Б. Маилиннің Күлпаш әңгімесін сауатты оқи білу



Дата11.01.2017
өлшемі28,6 Kb.
#6900
түріСабақ
Сабақ тақырыбы:Бейімбет Майлин. Күлпаш.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Б.Маилиннің Күлпаш әңгімесін сауатты оқи білу.

Тарихи әңгіменің мазмұны мен идеясын түсіну.

Ел тарихы туралы білімдерін толықтыру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс- тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, топтық,жұптық жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Суреттер топтамасы. Бейнекөрсетілім көрсету.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу ,оқушыларды түгендеу

Ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Б) Смайликтер. Біздің көңіл-күй.

Сабақ бастамас бұрын балалар бір-бірімізге сәттілік тілейік.


Оқушыларды топтастыру үшін таратпалар беріледі. Таратпада жазылған сөздерге қарап оқушылар үш топқа топтасады.
Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
Қазақ тарихында ерлігімен есте қалған қандай батырлар туралы білдік?
Бүгінгі сабағымыз кімдер туралы болады деп ойлайсыңдар? Ендеше біз, Күлпаш әңгімесін оқи отырып кімдер туралы білеміз? Ата - бабаларымыздың өмірі жайында білеміз?
Жаңа сабақ. Б.Майлин. Күлпаш.

  1. Күлпаш әңгімесінің авторы Б.Майлин туралы білу үшін суреттер топтамасына назар аударайық.

1894-1938 жылы қазіргі Қостанай облысы Тобылды ауданында дүниеге келген. Ол бір жасқа толмай жатып әкесінен 6 жасқа шығарда анасынан айрылған. Жетімдік зардабын шегіп байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан. Медреселерде қазақ –орысша мектептерден білім алған. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алған жазушы туған әдебиетімізде әңгіме жазған шебер жазушы, аты тарихта қалған жазықсыз жала құрбаны.

Өлең жолдары.

Жырлағаным –кедейдің жыры,

Сырлағаным –кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір -

Мен дағы сол кедейдің бірі.

1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 млн асқан болса, соның 2 млн астамы аштықтан қырылып қалды.

Ол туралы «Күлпаш» әңгімесінен оқи отырып түсінесіңдер.

Бейнеролик көрсету.

Әр топқа тапсырмалар беріледі


1-топ бірінші бөлімді оқып, өз сөзімен түсіндіру.

2-топ екінші бөлім

3-топ с урет бойынша мәтіндегі қою қарамен жазылған сөздерді пайдаланып әңгіме құра.

Мәтін ішінен мағынасы түсініксіз сөздерді түртіп алып отырамыз. Сөздікпен жұмыс жасаймыз.


Топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау.»

ҮІ. Сергіту сәті «Би терапиясы»

Сергіп ойнап бәріміз,

Жаттығуды жасайық.

Биді билеп сергіп-ап,

Білімге білім қосайық.

Жаңа сабақты пысықтау.

Венн диаграммасы

Әр топ өздері алған кейіпкерлерін қазіргі заман адамдарымен салыстыра сипаттап айтады.





Қорытындылау

1.Бұл оқиға қай кезеңде болған?

2.Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтеді?

3.Мақтыммен Күлпаш неге жылады?
Дәптермен жұмыс.

Өрім-өрім –тозығы жеткен

Ызғырық –суық жел

Бөкебай –шәлі

Өлмелі- кедей-кедей

Үйге тапсырма. Б.Майлин. «Күлпаш» әңгімесін оқу,әңгімелеу



Бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет