Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ХІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген Қыпшақ хандығы, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы



Дата08.09.2017
өлшемі0,52 Mb.
#30720
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: §13 Қыпшақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ХІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген Қыпшақ

хандығы, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы,

шаруашылығы туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларды тарихи жағдайларды талдауға,

салыстыруға,оны саналықпен түсіне білуге үйрету,

олардың қабілетін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін құрметеуге, ұлт-жандылыққа,

оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.




Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, дискуссиялық өрнекті

толтыру.


Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, слайдтар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру

Ү.Жаңа сабақты бекіту

ҮІ.Жаңа сабақты қорытындылау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру.

ҮІІІ.Оқушыларды бағалау.



§13 Қыпшақ хандығы(ХІ-ХІІІғ.)

жоспары

1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері, этникалық құрамы.

2.Қоғамдық құрылысы.

3.Саяси жағдайы.

4.Шаруашылығы.


Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының

жері ХІ ғасырда жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен

көшеді.Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып,батысында Еділ

мен оңтүстік Оралға дейінгі,солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде

Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты.

Қыпшақтар Есіл мен Тобыл,Нұра,Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-

қонып жүрген.Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем,

Сағыз,Ойыл,Қобда,Жайық өзендерінің аңғарларын жайлаған.Араб деректері-

не қарағанда,қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған.

Сонымен,Алтайдан Еділге дейінгі аралықты «Қыпшақтар даласы»

(Дешті Қыпшақ) деп атауының өзі бұл кең байтақ аймақтың қыпшақтардың

атамекені екендігін толығымен растайды.

Қыпшақтардың этникалық құрамы ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда қалыптасқан.



Қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрған.Бірінші-батыс бірлестік,ол он бір тайпадан тұрды:елбөрілі,тоқсоба,йетиоба,дурут.Екінші-шығыс бірлестік,ол он алты тайпадан тұрған.Қыпшақ бірлестігіне түркі тілдес қимақ,оғыз,қаңлы,қарлұқ,жікілдер,ежелгі башқұрт тайпалары енген.






Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы тікелей Қимақ қағанатының

қоғамдық құрылысының жалғасы болды. Бұл хандықта да билік әкеден балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. Мұндағы бір ерекшелік,хан тағына

елбөрілі тайпасының белгілі өкілдері ғана сайланып отырған.

Хандық биліктің орталығы «Орда» деп аталады. Ордада хандық өкіметті

билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, оң және сол қанат болып бөлінді. Оң қанаттың

ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал

сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты

Әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол

қанаттың шығыстағы билікті мызғытпай ұстап отыруы үшін жасалған еді.

Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі таптық құрылыс болды.Ақсүйек-шонжарларға хандар, оның туған-туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар және ру-тайпа көсемдері жатты. Ал қарапайым бұқара халық малы жоқ кедейлерден тұрды. Кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтары да болды. Қыпшақ қоғамында құлдар да еңбек етті. Мұндай басыбайлы құлдыққа малы жоқ кедейлер, қолға түскен тұтқындар түсіп отырған. Феодал-шонжарлардың баю жолындағы біршама табысы тұтқындарды Орта Азияның базарына сатудан түсетін еді.

Қыпшақ хандығында құлдықтың болғанын Махмуд Қашғаридің қыпшақ тілінде құлды «яланкуг» деп атағандығынан анық байқауға болады.

Хандықтағы халықтың мүлік теңсіздігін олардың зираттарына жүргізіл

ген археологиялық зерттеу жұмыстары байқатады.Мәселен,кейбір қабірлер

ден адам денесімен бірге қойылған қымбат бағалы бұйымдар көптеп табылса,ал кейбір мүрделерден адам сүйегінен басқа еш нәрсе кездеспейді.

Қыпшақ қоғамында жер иеленуде де теңсіздік байқалады. Малы көп байлар шөбі шүйгін,суы мол,жақсы жайылымдарды иеленсе,малы аз шаруалар оларға тәуелді болды.

Қыпшақ хандығының саяси жағдайы.ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның

Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Хандықтың

әлеуметтік-экономикалық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті.

Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға ,Орта Азияның

базарына,Орыс елінің оңтүстік далалы аудандарына шығу қажет болды..

Өйткені арада оғыздар мемлекетінің билігі жүріп тұрған. Х-ХІ ғасырда Оғыз

хандығының жағдайы нашарлай бастайды. Бұл жағдайды Қыпшақ хандығы

дер кезінде пайдаланып,Оғыздарға солтүстік және солтүстік-шығысынан

басып кіреді.Сөйтіп,қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдарияның орталық

ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді.Сонымен,қыпшақтар оғыздарды

жеңгеннен кейін Еділ өзеніне дейінгі жерлерді иеленеді.Оңтүстік орыс дала-

ларын,Кавказ,Қырым жерлерін алып, шекараларын Донға дейін ұлғайтады.

Ресей жерлеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректкерінде «половшы

лар»(далалықтар)деп,ал Дунай бойына жетіп жайғасқан қыпшақтарды венгр

лер «кундар»немесе «командар» деп атаған.





WordArt 5


р/с

Мәтін жолдары

Келісемін

Келіспеймін

1

Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі – бөрілер

 

 

2

Тоқсоба” сөзі “төрт тайпа” дегенді білдіреді.

 

 

3

Саяхатшы Ибн Баттута қыпшақ тілінде құлды “яланкуг”деп атаған.

 

 

4

Қарапайым бұқара халық малы жоқ кедейлерден тұрды

 

 

5

Қыпшақтарды венгрлер “половцы” деп атаған.

 

 

6

Моңғол шапқыншылығынан кейін қыпшақ хандығы құлап, халық мүлдем жойылып кетті.

 

 

Жаңа сабақ түсіндірілгенннен кейін,жаңа сабақты бекіту үшін оқушылар дискуссиялық өрнекті толтырады. Дискуссиялық өрнектегі сұрақтар жаңа сабақтағы өткен материалдарды толық қамтыған.

Осы сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың белсенділігі артады.

Мұнда оқушылар тайпалар,олардың мәні,Махмуд Қашқаридың пікірлері

туралы ,қазіргі қыпшақ руларының бірнеше тармақтарына тоқталады.

Оқушылардың бір бөлігі өздерінің қыпшақ руынан шыққанын,ата-бабасының

шежіресі,жеті аталарына дейін тоқтап,өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім оқушылардың айтқан ойларын қорытындылап ,92 баулы

Қыпшақ сөзінің мәнімен таныстырды.П.Карпини,Г.Рубрук,саяхатшы Петахья,әл-Омаридың жазған жазбаларымен таныстырды.

Жаңа сабақты қорытындылау үшін төмендегі схеманы

оқушылар толтырады. Мұнда орта ғасылардағы өмір сүрген мемлекеттер,

олардың тарихи шеңберлерін еске түсіріп, орындайды.




Орта ғасырлардағы мемлекеттер



Мемлекеттер

аты

Тарихи

шеңбері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан тарихы- 7 сынып
Жаханова Роза Мақұлбекқызы

275 қазақ орта мектебі



Тарих пәнінің мұғалімі
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет