Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата11.01.2017
өлшемі82,86 Kb.
#7092
түріСабақ
Сабақтыңтақырыбы: Түбін адам болатын бала
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
Мәнерлеп оқудағдыларын, қызығушылығын арттыру;
Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық:
Жазушышығармаларыарқылыәроқушыныөзіндік ой – қиялынаерікбереотырып, өзінше ой түюге баулу;
Мәтінменжұмысістеу, көркемшығармағаәдебиталдаудағдыларындамыту;
Ғылымижұмысқабейімдеу, ізденугеталпындыру, шығармашылыққабілеттеріндамыту.
Тәрбиелік:
Қожабейнесіарқылы, оқушылардыадамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиеттісүюге, үлгі-өнегеалуғашақыру; *Жағымсызқасиеттерденаулақболуғатәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Пікір- сайыс

Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

Сабақтың өтілу жоспары:


1. Мынау кім? 
2. Оқиғалар тізбегі
3. Бұл қай сәт?
4. Теріп алу стратегиясы
5. Ой тастау
6. Өз-өзіңе есеп бер!

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгендеу;
ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;

2. Үй тапсырмасын сұрау (тараулар бойынша мазмұндату)


Автор, тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беру:

1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?


«Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды .»

2. Жазушының қандай шығармалары бар?


- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалықшаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.

3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?


Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет :Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: АбдоллаҚарсақбаев
Әңгіме авторы: БердібекСокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: НұрғисаТілендиев
Кейіпкерлердісомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаныңшешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаныңәжесі - З.Құрманбаева

Фильм туралы: Барлық мектепке атышулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.


Мынаукім?


1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағышкім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиын емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (МектепкүзетшісіСәйбекқарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
Оқиғалартізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын
2. Бақаныңәлегі
3. Педсовет
4. Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын

Бұл қай сәт?


1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”

“Теріпалу” стратегиясы (Дәптерменжұмыс)


алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Қожаның жағымды жақтары (Тақтаменжұмыс)


Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсызі с-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды

Қожаның жағымсыз жақтары


Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар

Ой тастау


Қалай ойлайсыздар, әдепт іжолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың пед кеңестен шығып бара жатып айқан сөзі ме?

Өз-өзіңе есеп бер!


Балалар бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың «жақсы бала-қызық, жаман бала –күйік » деген сөзімен аяқтағым келіп тұр. Сендер де жаман әдеттен аулақ болып ата-аналрыңды тек жақсы жақтарыңмен қуантып жүріңдер.


Үй тапсырмасын беру


Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі мен Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.
“Менің қиялымдағы Қожа...” эссе жазып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет