Сабақтың мақсаты: Білімділік:



бет1/10
Дата24.04.2017
өлшемі6,44 Mb.
#15088
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Анимация» түсінігін беру,оқушыларға оны түсіну әрекеттерін көрсету және түрлерін пайдалану.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтары мен пәнге деген сүйіспеншіліктерін пәндік аяда программалық өнімдерді қолдану арқылы дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;

Ақыл – ойын,қиялын,жадын дамытуға,эстетикалық талғамға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме-көрнекілік, практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, тестілеу.

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта.

Қолданылған әдебиеттер: Информатика 6 сынып, интернет материалдары

Сабақтың жоспары:




Жоспары

Әдістемелік тәсілдер

Уақыты

1

Ұйымдастыру

Сұрақ — жауап

1 мин

2

Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап

2 мин

3

Білімді жан-жақты жетілдіру

Терезе элементтерін еске түсіру.Картачкалар тарату.

3 мин

4.

Жаңа сабаққа даярлық

Иә немесе жоқ ойыны

1 мин

4

Жаңа сабақ

Түсіндіру, демонстарциялау

15 мин

5

Жаңа сабақты игерту

Практикалық сабақ

17 мин

6

Жаңа сабақты бекіту

Теңге алу ойыны

2 мин

7

Қорытындылау

Сәйкестендіру тесті

2 мин

8

Үйге тапсырма беру.Бағалау




2 мин



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Кестені қалай енгізуге болады?


2.Кестеге жолдарды қалай қосамыз?
3.Презентацияға бейнені қалай енгіземіз?
4.Түрлі фигураларды қалай кірістіруге болады?
5.Дыбысты қою жолдары?
6.Экранға суретті қалай қояды?

ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.


Карточкамен жұмыс:

Microsoft Power Point программасында презентацияны қалай сақтаймыз?







Презентация дегеніміз не?






Абзац дегеніміз не?






Enter пернесінің қызыметі қандай?






Шаблондар не үшін пайдаланылады?






Презентацияның негізгі мақсаты неде?




Жауаптары:

1.Microsoft Power Point программасында презентацияны файл сохранить как командасын орындау арқылы сақтаймыз.

2.Презентация - белгілі бір тақырыпты көрсетуге арналған құжаттар немесе құжаттар жиынтығы.

3.Абзац – Enter пернесін басқанда абзац белгісінің арасына қойылатын символдар жиынтығы.

4. Enter – Жаңа жолға өту.

5. Шаблондар - презентацияны жылдам құру үшін пайдаланылады.

6.Презентацияның мақсаты – нысан туралы толық ақпаратты аудиторияға ыңғайлы түрде жеткізу,көрсету.
ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық

Сонымен балалар осы уақытқа дейін қандай тақырыппен танысып жатырмыз. Дұрыс айтасыңдар. Олай болса мына төмендегі сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп қысқаша жауап беріп кетейікші:



  • Power Point қарапайым мәтіндік редактор тобына жатқызуға бола ма? Жоқ

  • Power Point редакторды іске қосу үшін: Пуск- Все программы - Microsoft Office – Microsoft Power Point тізбегін орындау керек пе? Иә

  • Power Point терезесінде кесте сызуға бола ма? Иә

  • Power Point терезесінде «Пішімдеу» құралдар үстелі болмайды? Жоқ

Дұрыс айтасыңдар балалар «Пішімдеу» тақтасы болады. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету» деп аталады. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты дәптерімізге түсіріп аламыз.
Ү. Жаңа сабақ.

Анимациялық эффектілер слайдтар,тақырыпшалар, жазбалар,белгіленген тізімдер, диаграммалар, суреттер және басқа да слайдта орнатылған нысандардың бір-біріне өзара өту кезінде қолданылады.



Слайд беттеріне анимация қою лентадан анимация қосымшасының көмегімен жүзеге асады.


Каталог: uploads -> doc -> 012b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
012b -> Сабақ тақырыбы: § 13. Құрлық сулары
012b -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз елдің- жаңа белесі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет