Сабақтың мақсаты: Дүние жүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін қарастыру Теориялық мәлімет



Дата30.01.2017
өлшемі189,08 Kb.
#8280
түріСабақ
2. Тақырыбы: Тарихи-географиялық аймақтар және дүниежүзінің саяси картасы, қалыптасу кезеңдері, оның мазмұны. Дүниежүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының
Жоспар:

1.Саяси картаның мазмұны

2.Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Дүние жүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Саяси картаның мазмұны. дүние жүзiиiң саяси картасыда елдiн әлемдегi орны, саяси-әкiмшiлiк құрылымы бейнеленедi.Сонымен қатар саяси картада ,саяси-географиялык өзгерiстер: жаңа тәуелсiз мемлекеттердің пайда болуы,елдердің саяси мәртебесiнiң ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астананың өзгеру т.б. өзгерiс табады.Дүние жүзiнiң саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерiстердi географияны саяси география деп аталатын саласы зерттейдi.


Мазмұны жағынан бiр қарағанда қарапайым болып көрiнетін саяси картада,әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкiмшiлiк-аумақтық жiктелуi, астанасы мен iрi калалары бейнеленедi.Мұның негiзiнде дүние жүзi елдерiнiң мемлекеттiк құрылымы мен басқару үлгiлерiнiң таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастарга,сондай-ақ мемлекеттiк шекараларды анықтау мен халықтық қоныстануына байланысты болатын аймактык қақтығысстарға катысты күрделi мәселелер жатыр.Дүкие жүзiлiк саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгерiске түсуде. Ортақ әр түрлi факторлар ықпал етедi.
2. Саяси картаның қалыптасу қезеңдерi. Дүние жүзiнiң қазiргi заманғы саяси картасының калыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа және Ең жаңа кезец деп аталатын екi дәуiрге топтастырады. Еуропалықтардың отарлау әрекеттерi 15 ғасырдаi португалдардың Солтүстік, Африкадағы аса маңызды сауда және көлiк қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута жене Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды.
Еуропалық отарлау кезенi Жаңа дүние мен Ескi дүниенiң көптеген аумақтарын қамтыды.Еуропадағы жетекшi мемлекеттердiң жаңа жерлерді бөлiсуi және ықпал ету аумақтарын экономикалык, саяси жағынан басты сипаты дүние жүзiнiң саяси картасында едәуiр өзгерiске түсуiне алып келдi Осы өзгерiстерге сәйкес,мемлекет құрылымы мен оның басқарудын Жаңа формалары пайда болды. Бiраз уақыт аса iрi отар иеленушi мемлекеттер метродолиялар (грекше - кала) болып есептелiн келген Испания мен Португалияның қатарына кейiннен Ұлыбритания, Франция, Нидерландия Германия келiп қосылды.
ХIХ ғасырдын басында Латын Америкасында басталған ұлт-азаттық қозғалыс нәтижесiнде Эквадор (1809 ж.), Колумбия (1810 ж.), Венесуэла, Парагвай (1811 ж.), Аргентина (1816 ж.) және т.б. жаңа тәуелсiз мемлекеттер қальтптасты,
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дүние жүзiндегi жетекшi метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшiн күрес шиеленiсе түстi, Соның салдарынан әлемдi Бiрiншi дүниежузiлiк соғыстың өртi шарпыды.Дүние жүзiлiк қазiргi заманғы саяси картасының қалыптасуына Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерiстер, ХХ ғасырды 50—60-жылдарындағы отарлық жүйенiң күйреуi, 8О—9О-жылдардағi.
социалистiк жүйенiң ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.
1939—1940 жылдары Балтық бойы елдерi мен көршiлес аумақтардың қосып алу есебiнен КСРО аумағы кеңейе түстi. Азияда бұл кезеңде Индонезия мен Вьетнам (1945 ж.), Филиппин (1946 ж.), Үндiстан (1947 ж.), Бирма (казiргi Мьянма, 1948 ж. ), Цейлон (казiргi Шри-Лакка, 1948 ж.) тәуелсiздiгiн алды. 1948 жылы Корея болiнiп, 38° с.е. бойымен жүргiзiліп демакратиялық сызықтың солтүстiгiнде КХДР, ал оңтүстiгiнде Корея ресубликасы пайда болды. Осы жылы бұл шешiмiмен Израиль мемлекетi қалыптасты. 1949 жылы Азияның алып мемлекетi Кытайда мемлекеттiң құрылымы өзгердi, Кытай Халык Республикасы жарияланды.
ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Азия мен Африкадағы отарлық иелiктердiң тәуелсiздiк алуымен байланысты саяси картада үлкен өзгерiстер болды. Азияда Ұлыбритания мен Францияның иелiктерi негiзiнде бiрнеше тәуелсiз мемлекеттер Мальдив аралдары, Камбоджа, Пәкістан Ислам Респубикасы, Бангладеш, Сингапур, Кувейт жене т.б. птайда болды. Осы кезеңде Африкада 40-қа жуык Мемлекет теуелсiздiгiн алды. Тарихта Африка жытлы деген атқа ие болган 1960 жылы Африканың 16 елi тәуелсiздiгiн жариялады.

Еуропаның саяси картасындағы соңғы өзгерiстер ХХ ғасырдың 80—90- жылдары социалистiк жүйенiң ыдырауымен байланысты болды. 1989—1990 жылдары Болгария, ГДР, Румыния және Чехословакияда тоталитарлық жүйеге қарсы төңкерiстер болды. Чехословакиядағы саяси-зкономкалық қайта құрулар қоғамдық өмiрде баска елдердегi сияқты үлкен дағдарыс тудырмағандықтан, тарихта мамыражай төңкерiс деген атка ие болды.Қоғамдык өмiрдiң барлық салаларын қамтыған бұл түбегейлi өзгерiстер елдiң қарқынды дамуына ықпал етiп, 1993 жылы саяси картада бейбiт жолмен дербес Чехия жене Словакия Республикаларының пайда болуына алып келдi. 1990 жылы ұзақ жылғы ажыраудан соң ГДР мен ФРГ бiрмемлекет ретiнде кайта бiрiктi. 1991
жылы дүние жүзiндегi аса iрi ел саналып келген КСРО ыдырап, оның құрамында болған 15 республика өз тәуелсiздiктерiн жариялады.Балтық бойы мемлекеттерiнен басқалары ТМД деп аталатын жаңа одаққа бiрiктi.
КСРО-ньң ыдырауы салдарынан саяси картада теуелсiз Хорватия, Словения, Македония, Босния және Герцеговина, Югославия Одақтық Республикасы пайда болды.
Соңғы онжылдыктың өзiнде Дүние жүзiнiц саяси картасында бiрнеше маңызды өзгерiстер болды. 1993 жылы Эфиопияда Кызыл теңiз жағалауында орналасқан провинциясы Эритрея тәуелсiздiгiн жариялады. 1994 жылы аралдық Палау Ресттубликасы пайда болды. Камбоджа мемлекетгiк құрылымын өзгертiп, конституциялық монархияға айналды. 1997 жылдан бастап Заир Республикасы атын өзгертiп, Конго Демократиялык Ресттубликасы деп атала бастады. Осы жылы 99 жыл бойы Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) айрықша әкiмшiлiк аудан ретiнде қытайдың қарамағына өттi. 1999 жылы португал отары Аомынь (Макао) Кытай құрамына өтдi.
Саяси картасының қалыптасуында мемлекеттiк шекараларды айкындау мәселесi маңыздылығын күнi бүгiнге дейiн сақтап отыр. Елдер арасындағы ұзаққа созылатын екi жақты келiсiмдерге, халыкаралык бiтiм-шарттарга қарамастан,дүние жүзiнiн бiрқатар бөлiктерiнде шекара дауы аймақтық жанжалдарға алып келуде.
3. Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттер, тәуелді аумақтар және қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерінің көп түрлілігі


Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты –Дүниежүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы,басқару түрлері мен әкімшілік-аумақтық құрылымын түсінгендерін тексеру. Дүниежүзінің саяси картасындағы елдердің ерекшелігін, халықаралық ұйымдарды, және саяси жөніндегі білімдерін жинақтай отырып, оқушыларды  жылдам ойлау дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту.Оқушыларды оқулық, атласты пайдаланып, дағды      іскерлігін қалыптастырып,  өз бетімен ізденуге, пәнге   деген қызығушылығын арттыра отырып  шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі:       сұрақ- жауап, талдау, жинақтау,қорғау,іздендіру,әңгімелеу, топқа бөлу арқылы деңгейлеп оқыту, сыни тұрғысынан дамыту әдістері.
Сабақтың көрнекілігі:   дүние жүзінің саяси картасы, кесте-  сызбалар,оқулық, атлас,бағалау парағы, компютер.
Сабақтың түрі:         аралас сабақ.
Сабақтың тегі:          білімдерін тексеру сабағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақ мақсатын, міндетін айту
Бүгін біз сабақта өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендерінді білу барысында Дүниежүзінің саяси картасындағы елдердің ерекшелігін, халықаралық ұйымдарды, және саяси жөніндегі білімдерін жинақтай отырып, тапсырма жұмыстары беру арқылы  білімдерін тексеріледі.
Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ басшы бағалау парағына аттарын жазып толтырады.
ІІ.Өткен тақырыптарды қайталау.қандай тарауды аяқтадық.
«Ой шақыру» өзара бір-біріне сұрақ-жауап әдісімен сабақтың тақырыбын ашу:
1. Саяси карта дегеніміз не ?
2. Саяси картадағы өзгерістер туралы не білесің ?
3. Саяси картаның қалыптасуы неше кезеңнен тұрады ?
4. Саяси картадағы жаңа, ең жаңа кезең туралы не айтасың ?
5. Бүгінгі сабағымыздың Қазақстанмен қандай байланысы бар ?
ІІІ.  Ал енді қазір мені мұқият тыңдаймыз сендердің «Қызығушылығын ояту мақсатында»
Географиялық жұмбақтау  ойын арқылы «Елдерге саяхат» жасаймыз.

1.      Жер көлемі бойынша Ресей мен Канададан кейінгі 3 орында ал халық саны жөнінен
1 орында.Астанасы Пекин. Бұл қай ел? (Қытай Халық Республикасы)

  1. 2.      Бұл –фламенко мен фиестаның елі.олардың көпшілігі католиктер.Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел?(Испания)

  2. 3.      Бұл ел өз елін «гексагон»(алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.бұл елде ірімшікті сүймейін адам жоқ шығар.(Франция)

  3. 4.      Бұл елде өздерінің ұлттық әдет –дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы сот кезінде  заң өкілдері міндетті түрде парик  пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт),аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді. (Ұлыбритания)

  4. 5.      Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,қыл қаламмен және тушпен көркем жазу өнері- каллиграфия,қағазбен жібекке сурет салу,өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі,ас дайындау,  сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі  -(Жапония)

  5. 6.      Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі.Олар әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңқалдырады. ХІ ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып,жеті нотаға ат берді.ХҮІ ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады.Сүйікті тағамдары-макарон.  (Италия)

-Бұл аталған елдер  қандай елдер тобына жатады? Жоғары дәрежеде дамыған елдер «Ұлы жетілікке»кіретін елдер.экономикасы жоғары дамыған.

ІҮ. Өткен тақырыпты қорыту мақсатында Топпен жұмыс. Кітаппен жұмыс.(оқушыларды топқа бөліп тапсырмаларын беру) кесте,сызба түрінде сызып жоба қорғау

1- топ. Тәуелсіз мемелекеттер туралы. жоба құру, қорғау    5мин

2- топ. Тәуелді аумақтар туралы.    жоба құру, қорғау

3-топ.Халықаралық ұйымдар туралы.   жоба құру, қорғау

4-топ. Саяси география және геосаясат.   жоба құру, қорғау

5-топ. Қазақстан геосаяси жағдайы.   жоба құру, қорғау

6-топ. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері   жоба құру, қорғау
Ү.қатар бойынша тапсырма


     Істелінетін        жұмыс  

      1- топқа

      2- топқа

         3- топқа

    1- тапсырма

        ВЕНН

    диограмасы


Монархия мен Республиканың ұқсастығы мен айырмашылығы

Отарлар мен Протектораттардың ұқсастығы мен айырмашылығы

ЮНЕСКО мен ФАО- ның ұқсастығы мен айырмашылығы

   2- тапсырма 

       ауызша

 


Абсалютті теократты конституциялы монархиялар мен Президенттік Республикалар туралы түсініктерін ортаға салу

Мандаттық аумақтар мен Ассосациялық мемлекеттер туралы түсініктерін ортаға салу

БҰҰ қашан құрылды. Штаб пәтері, мақсаты мен міндеттері туралы сұрау

     3- тапсырма 

    Картамен жұмыс



жүйелігі

Тапсырма шапшандық

 


Федерациялы, унитарлы туралы түсініктерін сұрау. Екі унитарлы.екі федеративті мемлекетті картадан көрсету

Шалғайдағы департаменттер мен аймақтар туралы ойын айтып, ол елдерді картадан көрсету

ОПЕК. Мұнай ұйымының құрылу уақыты, штаб пәтері, міндеті, оған мүше елдерді картадан көрсету

    

 5. Картамен жұмыс.



1- топ

1.Дүниежүзі елдерін географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай  топтастыру.

2.Картаны және оқулықты пайдалана отырып, алып жатқан аумағы бойынша ең үлкен елдерді картадан тауып көрсету.

    2- топ

1. АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Жапония елдерінің ұқсастығы неде ?

2.Төмендегі аталған елдердің қайсысы республикалық басқару түріне жатады  Болгария, Полша, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Сауд Арабиясы.

   3 –топ



1. Төмендегі аталған елдердің қайсысы Федерациялық әкімшілік,

территориялық құрлысы бар елдер ?   Ұлыбритания,Куба, АҚШ,   Франция, Үндістан, Бразилия.



« Егер мен президент болсам » ой – толғау.

 

 



« Сен мені білесің бе ?» айдары бөлімінде ұйымдастырылған топографиялық тұрғыда жасырылған сурет жұмбақтарын көпшілік оқырманға ұсынып отырмын

 

 



1-сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? ( Африка)

 

2-.суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген? ( Нидерланды)



 

3-сурет Орамалды әйел ана бейнесіндегі ел бейнеленген ( Португалия және Испания)



Бекіту:

 1- нұсқа. Тесті орындайды.



1. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қатарына қанша ел мен аумақ жатады ?

а. 300      б. 415      в. 267      г. 191



2. Дүние жүзінің тәуелсіз мемелекеттерін мемелекеттік құрылымы бойынша монархиядан басқа неге бөледі ?

а. федерациялы   б.республика   в.унитарлы   г. теократты монархия



3.2000- жылғы санақ бойынша қанша тәуелсіз мем-р бар ?

а. 215       б. 361          в. 191         г. 217



4.Монархиялық мемлекеттерде жоғарғы өкімет билігі кімнің      қолында ?

а.  президент     б.кароль     в. парламент      г. хан



5.Қай монархиялық мемлекетте мемлекет басшысы дін қызметін атқарады ?

а. теократтық  .   в. унитарлы    б. абсалюттік      г. федерациялы



6.Мына елдердің қайсысы  тәуелді аумақтарға жатады ?

а. Малайзия     в. Бруней       б. Нигерия       г. Мартиника



7.1919 жылы құрылған Ұлттар Лигиясы қай жылы өз жұмысын   тоқтатты ?

а. 1945      в. 1939       б. 1925      г. 2004



8.БҰҰ- ға 2000 ж. қанша мемлекет мүше болды ?

а. 188        в. 190         б. 119         г. 215



9.Аргентина қандай мемлекет ?

а. монархиялық      в. федерациялы       б. унитарлы      г.тәуелсіз



10.БҰҰ- ның бас хатшысы Бас Ассамблея қанша мерзімге

тағайындалады ?

а. 4 жыл            в. 6  жыл                б. 5 жыл                 г. 7жыл

 

 2-нұсқа .«Семантикалық карта» (оқушылар берілген сұрақтарға әр тобы бойынша «+»қойып жауап беру.)



 



Елдер

Дамыған ел

Көлемі жөнінен үлкен ел

ТМД елі

«Азия айдаһары»

Нашар дамыған

Республи-калық ел 

Монархиялық ел 

Бір ұлтты




Қытай

























Қазақстан

























Сингапур

























Италия

























Ұлыбритания

























Жапония

























Вьетнам

























Ресей

























Украина

























 

*** Шығармашылық тапсырма.

 « Егер мен туристік фирма қызметкірі болсам…». жарнама  жасау



Екі минут ішінде әр мемлекет өкілі өз еліне қызықты саяхаттың жоспарын ұсынады.

(таңдауы боынша)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет