Сабақтың мақсаты: Фаризаның ақындығын,өлеңдеріндегі мақсат-мұратын ашып



Дата02.07.2018
өлшемі17,04 Kb.
#45404
түріСабақ
Тақырыбы: « Ақын және өлең»

Сабақтың мақсаты:Фаризаның ақындығын,өлеңдеріндегі мақсат-мұратын ашып

түсіндірумен бірге ақын өлеңдері арқылы жас ұрпақты ерлікке,

туған жерді,адамзатты сүюге,ұлтжандылыққа,адамгершілікке

тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті,кітаптарынан көрме,ақын суреттерінен топтама.
Сабақтың жүру барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар.Бүгінгі күні мектебімізде Батыс Қазақстан облысының тумасы,Атырау өңірінің киелі топырағында дүниеге келіп,Ақжайық пен Каспийдің асау толқынан нәр алып,бірін-бірі қуған толқын иірімдері секілді әр жырлары оқырман қауымының ақ еділ көңілінің биігінен орын алған қазақтың бір тума ақынының бірі,Халық жазушысы Ф.Оңғарсыноваға арналған «Ақын және өлең» атты танымдық сабағымызды бастаймыз.

Қазақ халқы сөз өнерін көркем өнердің өзге түрлерінен жоғары бағалап,даңқты жырау, талантты ақындарын,жез таңдай шешендерін марапат тұғырына қондырып,сырлы сөзбен соғылған сұлу сөз сарайларын ұрпағына аманаттап отырған.

Сөз қадірін өз қадірінен артық көрген халқымыздың дүлдүл ақындары да өлеңмен өрілген рухмұрасының алтын қақпасы сынды.Осындай қазақтың бір тума ақынының бірі қазақтың халық жазушысы Ф.Оңғарсынова тірі болса 75 жасқа толар еді.

І.Ф.Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

( Интерактивті тақтадан өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат оқылады)


ІІ. Фариза өлеңдерінің атын табу.

1.Қар түстес нәрестенің жырлары («Ақбөбек жырлары»)

2.Фонетиканың зерттеу саласының әлемі («Дыбыстар әлемі»)

3.Елімнің бір қызы бар («Елімнің бір қызы бар Камшат деген»)

4. Жыр сайысы («Мүшәйра»)

5.Алмас қару («Алмас қылыш»)

6.Әке-шешесіз қалған баланың іштей сөйлесуі («Жетімнің монологы»)

ІІІ.Ұйқасын тап (Фариза өлеңдерінің жасырынған ұйқасын табу)

Мен туған ауыл-Ай мекен

Еске алмай жүрер күнім кем

Баяғы достар қайда екен,

Бірге ойнап,бірге ...(жүгірген)
Кеудеңде мені тербеттің

Жас шыбық енді көктеді

Мінеки мен де ер жеттім

Еңбегің бекер ... (кетпеді)


ІҮ. Ән әлеміне саяхат (Фаризаның сөзіне жазылған өлеңдерді орындау)

Сөзі: Ф.Оңғарсынова

Әні: А.Асанов

«Достар»
1.Ақпыз,қара,сарымыз,

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық,кәне,біз.

2.Жүзімізге қараңыз

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат Анамыз.

3.Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.

4.Балдырғанбыз арай жүз,


Бал-бұл жанып қараймыз,
Ойыншықтар біздерде
көп болғанын қалаймыз

5.таласпаймыз біз бірақ,


Отырмаймыз тұнжырап.
Қуысамыз көгалда,
Жүгіреміз құлдырап.

6.Ән саламыз күнде біз,


Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз.
Біз мәңгіге біргеміз.

«Ақ мамам»
1.Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
құлыншағым,күнім дейтін.
Қ/сы:
Ақ мамам,ақ мамам!
Құлыншағым,күнім дейтін.
Ақ мамам,ақ мамам!
Құлыншағым,күнім дейтін.

2.Әлемдегі ақылды адам


Бәрінен де жақын маған.
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам.

3.Жамандықтан сақтандырып


Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Қ/сы:
Ақ мамам,ақ мамам!
Жүрсем деймін шаттандырып,
Ақ мамам,ақ мамам!
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ү.Қатесін тап (өлеңдердің қатесін табу)

«Әже»


Құшағ мен пейілі,

Далаға байтақ тең келер.

Нұрындай түннің мейірі, (күннің)

Біздерге бақыт дем берер.


«Жылу»

Жылылықтан жаралған

Құшаға оның-түн мекен (ай)

Менің Айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?!
Ниеті таза,сондай-ақ

Мейірім толы жанары

Таппаса байыз жанда аяп,

Демігіп,шаршап қалады.(қажып)


ҮІ. Поэзия минуты

Өлең-өмір, өлең-жан, өлең-сезім десек,сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысые жүрек толқынысы мен шынай тербеліс арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекте Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз.

Әр тақырыптағы өлеңдері оқылады.
Мұғалім: Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние.Көркемсөз майданында ақынға,жазушыға тән ерлік, батылдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын.Фариза жырлары кейінгі ұрпақты адамгершілікке, ар-намысқа,ерлікке,нәзіктікке,ананы,әкені,туған жер,адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті дей келе біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп



(танымдық сабақ)


Пән мұғалімі: Қайыржанова М
Каталог: uploads -> doc -> 0259
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0259 -> Тақырыбы: сандардың тарихы және санау жүйелері мақсат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет