Сабақтың мақсаты: Gimp бағдарламасының интерфейсімен және растрлық бейнелермен жалпы жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру



бет1/3
Дата17.06.2018
өлшемі0,65 Mb.
#42840
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: GIMP бағдарламасы Растрлық графиканы өңдеу редакторы


Сабақтың мақсаты:

1. Gimp бағдарламасының интерфейсімен және растрлық бейнелермен жалпы жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру.

2. Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жауапкершілікті сезінуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, есте сақтау, ойлау, елестету қабілеттерін дамыту.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіну.

Көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта, оқулық,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) кезекшімен жұмыс

б) оқушылардың құрал жабдықтарын қарау, зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

  1. Inkscape дегеніміз не? («Ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы»)

  2. Inkscape редакторын қалай іске қосамыз? («Пуск – Все программы- Inkscape») бұйрығымен орындалады

  3. Inkscape редакторында нысандарды қосарлау калай іске асады? («Түзету-Қосарлау»)

  4. Inkscape редакторында «ізбе-із» көшіру үшін қандай пернені басып тұру қажет(«бос орын(Пробел)»)

  5. Контурдан мәтінді алып тастауға болама? («Мәтінді ерекшелеп, Текст-Снят с контура») бұйрығын орындау арқылы алып тастауға болады.

ІІІ. Білімді өзектендіру.

Қандай графикалық редакторлармен сендер таныстыңдар? Растрлық- Paint, Векторлық –Inkscape, Векторлық – Coreldraw, Растрлық – Photoshop және т.б.



IV. Жаңа материалды оқушыларға түсіндіру.

Қалай ойлайсыңдар, Растрлық графикалық редакторлар кескіндердің қандай әрекеттерін жасауға арналған? (« Сурет салу, Фотосуреттерді өңдеу: Ұсақ ақауларды жою. Түсті жақсарту, Ақ-қара түсті өзгерту және т.б.»)

Бүгінгі сабақта растрлық графикалық редактормен танысатын боламыз!

Программаны іске қосу үшін Пуск – Все программы – GIMP 2 Бұйрығын орындаймыз.



Программа іске қосылғаннан кейін жұмыс үстелінде 2 терезе орналасады. Құралдар панелі мен Кескіндер терезесі



Құралдар панелінде құралдарды таңдауға арналған пиктограммалары бар батырмалар орналасқан. Таңдалған құралдарға сай бұл панель негізгі түс пен фонның түстерінен; Қылқаламнан, үлгі мен градиенттен тұрады.



Кескін терезесі

GIMP программасында әрбір кескін жеке терезелерде көрсетіледі.Программаны іске қосқан сәтте редактор бос терезені ашады.Бар файлды ашу үшін Файл - Ашу (Открыть) немесе Жасау (Создать) бұйрығы таңдалады.Бірнеше терезені ашуға болады.Жұмыс барысында жақында ашылған терезелер жеке тізімде ерекшеленіп бағдарламаға жазылады.

Жақында ашылған терезелерді көру үшін Терезелер - Жақында түйіскен сұхбатттар (Окна - Недавние стыкуемые диалоги) бұйрығын орындаймыз.

Кескіндерді сақтау

Жұмыстың сақталуы басқа программалар сияқты Файл - Сақтау (Сохранить) және Файл -Қалай сақтау керек (Сохранить как) бұйрықтары арқылы жүзеге асады. Немесе пернетақтадан Shift+Ctrl+S пернелерін басу арқылы орындауға болады.



Кескінге үнсіз келісім бойынша GIMP программасының - .XCF пішімі меншіктеледі. Бұл өз пішімі болғандықтан, программа кескін туралы барлық ақпаратты мүмкіндігінше осы пішімде сақтайды. Көптеген программада бұл пішімнің файлдары кескіндерді көруде қолдау таба алмайды, сол үшін жұмысты аяқтаған соң кең таралған пішімдерде .JPEG, .PNG, .TIFF сақтау керек. Ол үшін Файл –Экспортировать как бұйрығын орындап ашылған терезеде жасалған жұмыс атауын жазып, «Все изображение.XCF»пішімінен «Изображение .JPEG, .JPE, .JPG» пішіміне ауыстырып, сақтау бумасын таңдап. Терезе соңында орналасқан Экспортировать батырмасын басамыз.



Әрекетті болдырмау

Кескіндермен жұмыс жасау кезінде қателіктер болуы мүмкін. Сондықтан GIMP программасында кескіндермен соңғы әрекеттерді болдырмау мүмкіндіктері қарастырылған, іске асыру үшін Түзету (Правка) – болдырмау(Отменить) бұйрығын орындаймыз. Соңғы әрекеттер тізімі мен болдырмауды Жақында ашылған терезелерді көру үшін Терезелер - Жақында түйіскен сұхбатттар (Окна - Недавние стыкуемые диалоги) бұйрығын орындаймыз.

бұйрығы арқылы көруге болады.

Градиент құралы

Градиент бір түстен екінші түске ауысу. Егер түссіздік параметрі 100 болып таңдалса, онда градиенттің бояуы бастапқы кескінді көруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан параметрін 50 ден асырмаған жөн.


Каталог: uploads -> doc -> 0b69
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b69 -> Сабақтың мақсаты: Дәрумендер және олардың маңызы, тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау әдістерін білу
0b69 -> Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм. 5 сынып
0b69 -> Түсіндірме жазба


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет