Сабақтың мақсаты: Үйлесімді байланыс арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру



Дата28.02.2020
өлшемі18,97 Kb.
#59220
түріСабақ
Байланысты:
Доссыз өмір бос

Доссыз өмір бос.

Сабақтың мақсаты: Үйлесімді байланыс арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға қамқорлық, жақсылық, ауызбіршілік қасиеттерін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ауызбіршілігін нығайтып, қамқорлық танытуға, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың қарым - қатынасын нығайтуға, қамқорлыққа, ауызбіршілікке және сүйіспеншілікке жақсы көруге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың барысы:
1. Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену»
- Балалар қандай сезімде болдыңыздар?
Шаттық шеңберін құрып: Амандасу.

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар.


  1. Дәйексөз.
    «
    Жүз теңгең болғанша, жұз досың болсын».

Тақырыпты ашу сұрақтары:

1. Досың бар ма? Ол қандай?

2. Достық шынайы сезім бе , әлде жай ұғым ба?

3. Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?


2. «Шағын лекция».

Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір, жігіт келіп:

-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынанызшы,-депті. Қарт жігітке:

-Жолдасынды көрсет, сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасың қартқа жіберіпті.Қарт жігітің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

-Шырағым, жаман жігіт емессің,- депті.

Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?- депті жігіт.Қарт күліп:

- «Жігіті жолдасына қарап бағала » дейді халық,- депті ақсақал.

Сұрақ:

- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіздер?



Мұғалім:

-Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады.Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді , олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді.Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың

арасындағы ең бағалысының бірі –адалдық.» Адамдар бір –біріне адал, қалтықсыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.
3. Жағдаяттар:

1. Достары Жанарға балмұздақ берген еді.

Жанар кетті алға тез,

Алды- артына қарамай,

« »-деп, жалғыз сөз

Айтуға да жарамай!

Қалай ойлайсындар осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?



2. Досың қатты ауырып ауруханада жатыр.Өте қымбат дәрілік керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

3. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді.Сені үйдегілер күтіп отыр.Түскі тамаққа нан әкеледі деп ақша берген. Ол ақшасын жоғалтып, не істерін білмей түр.

Не істейсін?

Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде,кейде біз өте асығып жүріп бірі-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз.Уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз.Жанар «Рахмет» деген сөзді, айта алмады.Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап,ренжітпейді, кешірімшіл болады.Достар қиын сәттерде көмекке келеді,татулықты қадір тұтады.Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз.

4. Шығармашылық жұмыс. Класстер мен жұмыс.

Адал дос.

Өз қамын ойлайтын дос.

5. Рефлексия «Кешірім»
Балалар еркін жүріп, достарынан, ренжіткені болса, кешірім сұрап, құшақтасады.

6. «Жақсы тілек - жақсы жүрек».

Окушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.

-Досына адал бол.

-Татулық тілеймін!

-Доссыңа кек сақтама!

-Кешірімді бол!

-Достық тілеймін!

7. Топпен ән айту.
- Балалар, бізге жақсылық жасайтын адамдар кімдер деп ойлайсыңдар? – Достар,..... -........... Дұрыс айтасыздар, кішкентайымыздан бірге өскен, қуанышымызды да, қайғымызды да бірге бөлісетін жан досымыз, олай болса бәріміз «Достар» әнін айтайық:
8. Қорытынды.
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіндер.

Досынды алдамай, оган адал бол.

Досыңды қорлама.

Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

Досынды барда да сына, жоқта да сына.

Досыңның кемшілігін кешіре біл.


- Балалар, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарың үшін көп рахмет! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет