Сабақтың мақсаты: өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру. Күтілетін нәтиже



Дата05.02.2017
өлшемі81,83 Kb.
#8774
түріСабақ



С.Ж.Алжанова

65мектеп-гимназия



Бастауыш сынып мұғалімі

Астана қаласы






Мұғалім. Нұрхан Жанаев
Сабақтың мақсаты: өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтиже:

пәндік нәтиже: өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін ашуға үйрету.

жүйелік - әрекеттік нәтиже : прозалық кейіпкердің поэзиялық кейіпкерден айырмашылығын аңғаруға алғашқы әрекеттер жасау.

тұлғалық нәтиже: ашық әңгіме , бүкпесіз ой арқылы тіл дамуына , ой еркіәндігіне мүмкіндік беру, осы арқылы оқушылардың барлығын белсенді әрекетке ұмтылдыру.



Сабақтың әдісі: тақта . бор , бір күн бұрын тапсырылған өз мұғалімдерінің бейнесі салынған портрет, шығарма, арнау өлең, тілек, көрме ,СТО технология элементтері, кластер жасау, «Болжау» стратегиясы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: қосымша мәтіндер,Әл-Фараби,Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин портреттері , ана туралы әндер, плакат, видеожазба,маркер, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І.Психологиялық дайындық.

1-слайд.


Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Жұмадағы сабақ,

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң,

Тек қанабестікболсын.



ІІ.Үйтапсырмасынтексеру.

Бекіту сұрақтары.

- Мәтін сюжетті шығарма ма, сюжетсіз шығарма ма?

-Жолаушының жоқ іздеушіге берген жауаптарына қарап, сен оларды қандай адам деп ойлайсың? Сипатта.

- Жоқ іздеушінің олардан күдіктенуі ақылға сыя ма? ( Пікірталас)

- Мәтіннің негізгі идеясы не?

-Шығарма прозатүрінемеәлде поэзия түріне жата ма?

Оқушылардыңүйденжазыпкелген «Дау шешімін» оқиотырыпүйтапсырмасынқорытындылау.



ІІІ.Жаңасабақ.

І. Қызығушылықтыояту.

Бейнежазба. .Мектеп өмірімен байланысты. «»

-Бұл бейнежазбадағы басты кейіпкер кім?



Топтарға бөліп отырғызу.

1. Қоңырау. 2. Оқушы. 3. Сабақ. 4. Мұғалім.

Әр топқ өздеріне берілген аттары бойынша сөйлем құрайды.

1.Қоңырау соғылды. 2. Оқушылар сыныпқа кірді. 3.Әдебиеттік оқу сабағы басталды. 4. Мұғалім сабақ сұрады.

Мұғалім: Слайдтағы өлеңді оқу.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы мәлімет, алғашқы ұстазының кім екенін сұрау.

-Осы өлеңдегі басты кейіпкер кім?

-Ұстаз.

-ІІ. Мағынаны тану.



-Балалар , алда қандай мереке келе жатыр? (Мұғалімдер мерекесі – қазан айының бірінші жексенбісі)

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы мерекемен байланысты.Нұрхан Жанаевтың«Мұғалім» өлеңімен танысамыз.



Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мұғалім». Сабақтың мақсаты- Ұстаздың ұлы тұлға екенін танитын боламыз.

1.3 – слайд. Өлеңтақырыбымен, авторментаныстыру.

1.Автор туралыақпарат. Слайд.

Нұрхан Жанаев - 1933 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария), С.Сейфуллин атындағы кеңшарда туған. 1955 жылы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. Аз уақыт мұғалімдік қызмет атқарғаннан кейін журналистік салаға ауысып, облыстық радиода, Тереңөзек аудандық «Еңбек майдандық» газеттерінде қызмет істейді. 1958 жылдан бастап Алматыға қызметке ауысып, республикалық газеттерде, баспа, телевидение, радио салаларында көп жылдар бойы белсенді қызмет атқарды. Қазір зейнеткер.

Шығармашылығы

Алғашқы жырлары:

« Жас дәурен» (1961) атты жастар жинағына енген.

«Жау, жау, жаңбыр» (1963), «Құстар ұшып келеді» (1967),

«Жанымның жазирасы» (1972); «Әнші торғай» (1974);

«Назқоңыр»(1976); «Дәмді палау» (1978),

«Сыбдырлайды жапырақ» (1980), «Ақ көгершін» (1983),

«Нұрлы аспан» (1984), «Дождик, дождик, поливай!» 1986),

«Өмір өрнектері» (1990), «Қуанышты күн» (1993) жыр жинақтары жарық көрген.

2. Оқулықпен жұмыс.

1.Мұғалімнің оқып беруі.

2.Оқушыларға оқыту:

- іштей оқу

-тізбектей оқу

-шумақтай оқу

-мәнерлеп оқу

Инклюзивті оқыту жүйесіндегі оқушылар:

Диана- тізбектей оқиды.

Аружан- шумақтай оқиды

3.«Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсініксіз сөздердің мұғалім мағынасын түсіндіреді.

.Тапсырма: Өлеңнен мұғалім қасиетін дәріптеген ақынның сөздері арқылы мұғалім бейнесін топтап шығару.

Дұрыс жауап: (Ардақты, аяулы, қымбатты, кең құшақты, ардақты, қымбатты, ақылды. дана.)

Сергіту сәті.

Ән «Мұғалім ол біздің»

4.Талдау кезеңі. Топпен жұмыс:

5-слайд: Талдау:

«Қоңырау» тобына:

-Балалар, ақынның бұл шығармасы шығарманың қандай түріне жатады?

Дұрыс жауап: поэзия

инклюзивті оқыту

Бейсенбай Диана,Жанадил Аружан.

-Аружан, поэзия қандай түрде жазылады.

«Оқушы» тобына:

-Диана , өлеңдегі шәкірт ойын қалай түсінесің?

-Дәрігер де, ұшқыш та, ғалым да мұғалімнен білім алған.

«Мұғалім» тобына:

- Өмірде ұстазы жоқ адам болуы мүмкін бе ?

Дұрыс жауап: өмірде әр адамның ұстазы бар, ең бірінші ұстазы - ата-анасы.Мысалдар келтіру.

«Сабақ» тобына:

- Өлеңдегі мұғалім деген сөздің мағынасын тағы қандай сөзбен өзгертуге болады?

Дұрыс жауап: Ұстаз, оқытушы, апай, ағай немесе аты-жөнімен.

Теориялық білімді бекіту: Ережелермен жұмыс.

-Өлеңнің идеясы неде? Мұғалімді құрметтеу.

- Өлеңде неше шумақ бар? 4 шумақ.

-Неше тармақ бар? 16. Тармақ - өлеңнің әрбір жолы.

-Жалпы бунақ саны қанша? – 3 Бунақ - өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады.

IІІ. Ойтолғау.

Шығармашылық жұмыс түрлері.

Музыкалық слайд шоу «Ұстаздар- асыл жандар, шуақ боп шашылғандар».

«Қоңырау» тобы: Ұстаз туралы ән орындау.

«Оқушы» тобы: мұғалімтуралы эссе жазу .

Аружан мен Дианаға ұстаздарына арнаған эссесін оқыту.

Үйден алдын ала салып келген суреттерін таныстыру , қорғау.

«Мұғалім» тобымектептақырыбынасурет салу.

«Сабақ» тобымұғалімтақырыбынаөлеңқұрастырырады.

Лездеме сұрақтар:

Топтау.




Мұғалім


VI. Қорытынды.

Видео.


Ы. Алтынсариннің өлеңімен қорытындылау.

Мұғалім мектептің жүрегі ,



Мұғалім мектептің тірегі.

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма.1. Өлеңді жаттау 2. Мұғалімдер мерекесіне ашықхат дайындау.3. Ұстаз, мектеп , туралы мақал- мәтелдер жаттау, дәптерлеріне жазып келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет