Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру



Дата11.01.2017
өлшемі199,69 Kb.
#6896
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: БАЛА АБАЙ. 

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру.

2. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.

3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиетерге тәрбилеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, Венн диаграммасы, топпен жұмыс істеу әдістері.

Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің портреттері, қосымша әр түрлі кітаптар, сюжетті таблицалар, Абай туралы карточкалар, ватман қағаз, суреттер т.б. заттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма: Ғ.Қайырбековтің “Алғашқы қоңырау” өлеңін мәнерлеп оқу және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ-жауап алынады. Ы.Алтынсарин туралы т.б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.

Жаңа сабақ: М.Әуезовтің “Бала Абай” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп өтемін.

1. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын.

Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Мысалы: — Бала Абай деген кім деп ойлайсыздар? Екі минуттай ойлану, серіктесімен ой бөлісу.

2. Сұрақ-жауап. Диалог. Оның қандай өлеңдерін білеміз, т.б. талдау жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист-шыншыл т.б. тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын.



  1. Мәнерлеп оқу (өзім).

  2. Сұрақ-жауап.

  3. Рольмен оқыту.

  4. Кейіпкерлерді табу.

Енді түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу v + — ? осы (- +) белгілер бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі.

Оқушы түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі. Сергіту сәті. Топпен жұмыс.

Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын.

І. Топтың сұрағы. Бала Абайға мінездеме беріңдер.

ІІ. Топтың сұрағы. Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер.

ІІІ. Топтың сұрағы. Байкөкшеге мінездеме беріңдер.

ІV. Топтың сұрағы. Барласқа мінездеме беріңдер.

V. Топтың сұрағы. Барлас Абайға қандай бата берді?

VІ. Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз.

Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді.

3. Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын құрайық. Екі кейіпкерді алып, ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс. Жұптасу арқылы ой бөлісу.

Сабақты қорыту: Венн диаграммасы.

Барлас

Байкөкше













 

  1. Ақын

  2. Қартаң

1. Екеуі де ер адам

  1. Жыршы

  2. Жастау

3. “Қобыланды батыр” жырын біледі

2. Екеуі де жыршы

3. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын біледі













 

Венн диаграммасына жалпы ойды қорытып, тақтаға ватман қағазға жазып іліп қоямын. Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту.



Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5-6 тапсырма.

  1. Сөздік дәптермен жұмыс.

  2. Авторлық дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу тапсырылады.

Бағалау кезеңі.

Ана тілі


2-сынып 

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов. “Байлық”. 

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға байлықтың не екендігін түсіндіру, әңгіменің мазмұнын ашу.

2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды ойлануға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу.

3. Топпен жұмыс арқылы өз пікірін еркін айтуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Байлықтың қалай келетіндігін, еңбек арқылы бәріне қол жеткізуге болатындығын, жалпы байлық дегеннің не екендігіне көз жеткізу.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, Венн диаграммасы, түртіп алу жүйесі, топпен жұмыс, болжау, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері: М.Дулатовтың портреті, ватман қағаз, сюжетті суреттер, қосымша кітаптар, карточкалар, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй жұмысын тексеру: Мұзафар Әлімбаевтың “Сөз құдіреті” өлеңін 1, 2 оқушы мәнерлеп оқиды. Сонан соң 2, 3 тапсырма бойынша өздерінің жазған шығармаларын оқиды. Шығармаға сәйкес салған суреттерін айтып, әңгімелеп береді. Сыпайы, қатты сөздер туралы мақал-мәтелдер айтылады. Оқушылардың салған суреттерін түгел қабырғаға ілемін.

Жаңа сабақ: Жаңа бөлім “Еңбек түбі – береке” атты тақырып туралы бірер сөз. Өткен бөлімді пысықтап өту, “Байлық” тақырыбын өтетіндігіміз және кіріспе бөлімінде еңбек туралы бірер сөз, автор М.Дулатов туралы айтылып өтіледі, портретімен таныстырамын.

Қызығушылықты ояту: Ой қозғау: Байлық дегеніміз не? Оқушыларға уақыт беріледі. Өз ойын дәптерге жазу, оны серіктесімен бөлісу. Ортақ ойды тақтаға жазу байлықтың 2 түрін бөліп көрсетемін.

Байлық

Материалдық:

Рухани:

Киімі, тамағы, төрт түлік малы, машина, ақша, доллар, дүние-мүлкі т.б.

Ақыл-ой, денсаулық, қайрат-күш, білімі, өнері, еңбегі, спортпен айналысу т.б.

Өз ойларын қайталамай, бір-бірлеп айтып шығады. Оны тақтаға тізіп жазамын. Балалардың ойын білген соң оқулықтың 116-бетіндегі “Байлық” тақырыбына назар аударып, оқымас бұрын сюжетті, суреттерді магнитті тақтаға іліп, балаларды жаңа сабаққа әзірлеймін. Болжау стратегиясы бойынша сұрақ қойып, осы суреттің жаңа сабаққа байланысы бар екендігін түсіндіремін. Сурет бойынша балалар тіл дамытып, әңгімелейді. Сосын тақырыпты мәнерлеп оқып беремін. Өздеріне іштей оқытамын. Рольмен үш оқушы оқып шығады. Сонан соң сұрақ-жауаптар айтылады. “Түртіп алу жүйесі” стратегиясы бойынша + v — ? түсінбеген сөздерді белгілетіп, сөздік жұмысын жүргіземін. Мысалы: жарлы жігіт, мұңын шақты, қадірлі кісі, шәкірт т.б. сөздерге түсініктеме беріледі.

Сергіту сәті:  Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді (қимылдармен орындайды).



Мағынаны тану: топпен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.

І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге?

ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?

ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар?

ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер?

V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер.

VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер?

Топпен жұмыс талданып болған соң Венн диаграммасын құрамыз. Ол үшін өткен сабақтардағы Д.Исабековтың “Өкініш” әңгімесіндегі басты кейіпкер “Малқаржан” мен “Жарлы жігітті” салыстырамыз. Әңгімені еске түсіріп болған соң оқушыларға әр топқа ватман қағаз таратылады. Топтарға ватман қағаз таратылып, жалпы суреттер беріледі. Малқаржан мен Жарлы жігіттің ортақ 3 қасиетін және ұқсамайтын 3 қасиетін бөліп көрсетіп, шеңберге жазу.



Ой толғаныс: Венн диаграммасы.

Малқаржан

Жарлы жігіт




 

1. Кішкентай бала




1. Үлкен жігіт

2. Әжесінің еркесі




2. Туған-туыстары жоқ

3. Оқушы бала (2с)

1. Жалқау

3. Оқу бітірген, ақыл

4. Қазіргі замандағы оқиға

2. Еріншек

3. Ер бала



    тоқтатқан жігіт

4. Бай мен жарлы заманында болған















Ұқсастығы/ Ұқсамайтын жақтары

Әр топ өз ойларын шеңберге жазады. Топ басшылары өз топтарының ойын айтады. Соңынан жалпы шеңберді оқушылардың ортақ ойымен толтырамын. Қалған оқушылардың еңбегі түгел тақтаға, қабырғаға ілінеді. Сабақты осылай қорытып болған соң әңгіменің де идеясы – еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатындығы, адам бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіріп отыру керектігін өздері және мұғалім айтып, пысықтайды.



Сабақты қорыту: Өздері білетін мақал-мәтелдер айтылады. Байлық түрлері туралы. “Байлық дегеніміз не? Байлық дегеніміз ………” Көп нүктенің орнына әркім өз ойын тізбектеп жазады.

Үйге тапсырма: “Егер мен жарлы жігіт болсам” атты әңгімені аяқтап, әркім өз шығармасын жазып келеді және мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады.

Бағалау кезеңі.

Ана тілі


2-сынып 

Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора (мысал). С.Сарғасқаев 

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлануға үйрету.

3. Топпен жұмыс, әңгіме кестесі, болжау стратегияларын пайдаланып, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден (қызғаныш, мақтаншақтық) аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, әңгіме кестесі (салыстыру кестесі), көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, сюжетті суреттер, қосымша кітаптар, суреттер, дәрілік шөптер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге  берілген тапсырма — Әбдрахман Асылбековтың “Түлкі мен тиін” мысалын дұрыс түсіну, мәнерлеп оқу және мысалды болжау стратегиясы бойынша өзгертіп, 99 айлалы қу түлкіні өлімнен құтқаруға (түлкіні ақылды етіп суреттеу арқылы) әңгіме жазу, өздерінің суретін салып салып келу берілген.

Оқушылардын тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап алынады, мысалды оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп әңгімелейді.

Рольмен оқыту. Түлкі мен тиінге мінездеме беру. Әр оқушы өз әңгімесін оқып, салған суреті туралы айтып береді.

Болжау стратегиясы арқылы жазған, салған жұмыстары талданады, тексеріледі.

Жаңа сабақ: Оқушыларға мақтаншақтықтан басқа адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білетіндіктері жайлы айтқызу.

Ақын туралы т.б. мақал, қанатты сөздер, Абай Құнанбаевтың өсиетті сөздерін (Бес асыл іс) еске түсіріп айтады (оқулықтарды жаптыру).

Енді “Қызғалдақ пен қарасора” атты мысалды оқимыз. Бұл жаман әдеттің бірін сынауға арналған, мысалдың авторы Сансызбай Сарғасқаев туралы қысқаша мағлұмат беру, мысалдың қара сөзбен жазылғаны туралы айту.

Қызығушылықты ояту:

— қызғалдақ

— қарасора

— өсімдік

— өсімдік

— гүл

— шөп

— әдемі, хош иісті

— иісі жоқ

— көктемде шығады

— көктемде шығады

— қызыл, сары

— жасыл, көк

— ауа, су, жарық, жылу керек

— ауа, су, жарық, жылу керек

— үйде, далада өседі

— далада өседі

Білгенімізді тізіп айттық, енді мысалды оқимыз. Оқулықтың 85-бетін ашамыз.

Мұғалім мысалды мәнерлеп оқиды, суреттерді көрсетеді. Сендерге ұнады ма? Сұрақ-жауап арқылы талдау жұмысы. Мысалды талдау. Мысал не туралы?

Оқушылардың өздеріне іштей оқыту, одан кейін рольмен оқыту.

Мағынаны тану: v, +, -, ? белгілері бойынша жұмыс істеу. Оқушылардың түсінбеген сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлемдерін -, ? белгі бойынша сұраймын.

Мысалы, Сұлутөр, үшкір-үшкір, күреңденіп, жыртып тастады т.б. сөздерге түсініктеме беріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.



Сергіту сәті:  Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық.



Ой толғаныс: Топпен жұмыс.

І топ: Қызғалдаққа мінездеме беру. Сендер қызғалдаққа ұқсағыларың келе ме? Неге?

ІІ топ: Қарасора сендерге ұнай ма, жоқ па? Оған ұқсағыларың келе ме? Неге?

ІІІ топ: Қандай дәрілік шөптерді білесіңдер? Неге олар дәрілік шөптер деп аталады?

ІV топ: Қызыл кітапқа енген қандай өсімдік, аң, жануарларды білесіңдер? Қызғалдақ қызыл кітапқа енген бе?

V топ: Қандай гүл түрлерін білесіңдер? Атаңдар.

Әр топқа 5 минут, топ басшысына 1,2 минут уақыт беріледі. Топпен жұмыс талданып болған соң “Салыстыру кестесімен жұмыс істейміз”.



Тақтаға ватман қағаз ілінеді. “Әңгіме кестесі”

1.

Мысалдың аты “Түлкі мен тиін”

Қызғалдақ пен қарасора

2.

Авторы Ә.Асылбеков

С.Сарғасқаев

3.

Оқиға орны – орманда

Далада

4.

Кейіпкерлер – түлкі мен тиін

Қызғалдақ пен қарасора

5.

Не үшін мақтанды?

Қулығымен жеу үшін



Қызғанышпен

6.

Кімдікі дұрыс? – Тиіндікі

Қызғалдақтікі

7.

Кейіпкер несімен ұнады? Неге?

– Тиін ақылдылығымен



Қызғалдақ әдемілігімен, қарапайымдылығымен

8.

Мысалдың соңында не болды? Түлкіні қасқыр жеп қойды, өйткені түлкі ақылды болғанда қасқырдан құтылар еді

Қарасораны диқандар жыртып тастады, қарасораның іші тар

9.

Мазмұнының идеясы қандай?

– Ақылды болу керек, мақтаншақ болмау керек.



Қызғаншақ болмау керек, қарапайым да әдемі болу керек.

Екі тақырыпқа байланысты 9 сұраққа оқушылар жеке іздене отырып жауап береді. Топтасып ой қорыту:

Бірінші мысал ақылды болуға, ал екінші мысал қарапайым, әдемі болуға үйретеді екен.

Әдемілік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Мақал-мәтел, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың алған білімін пысықтау.



Бағалау.

Үйге тапсырма: “Менің гүлім” атты әңгіме жазу, суретін салу, мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады. Сөздік дәптермен жұмыс.

Жазбаша қосу және азайту


  • бБілімділік мақсаты: Жазбаша қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, кестелік қосу, азайту дағдыларын бекіту.
    Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ойлау, есте сақтау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
    Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кітап оқуға деген ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру.
    Көрнекілігі: Слайдтар, флипчарт, ойын
    Сабақтың типі: Аралас сабақ.
    Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
    Сабақ әдістері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, мультфильм.
    Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
    Психологиялық дайындық
    Сәлем, алтын күнім менің,
    Сәлем, аспан көгілдір!
    Сәлем, жақын досым менің,
    Қуанышты күн бүгін!
    II. Үй тапсырмасын сұрау
    Жеке оқушылардан ауызша сұрап, бағалау.
    III. Бекіту
    Математикалық диктант
    3онд. 5бірл. тұратын сан,
    4онд. 2бірл. тұратын сан,
    7онд. 9бірл. тұратын сан,
    20мен8дің қосындысының мәні,
    67мен7нің айырмасының мәні,
    9бен10ның қосындысының мәні.
    Тексеру: Жеке оқушылардан сұрау.
    III. Мағынаны тану
    1. Жаңа сабақты түсіндіру
    - Кестедегі сандарды оқы.
    Алгоритмге машықтандыру
    1. Жазамын...
    2. Бірліктерді... қосамын
    3. Ондықтарды... қосамын
    4. Қосындының мәні...
    2. Түсіндірмелі жаттығу
    3 - мысал
    3. Қызығушылықты ояту (Мультфильм)
    - Балалар, ертегі тыңдағыларың келе ме?
    - Түлкі орманда келе жатса, бір аттылы кісі шанасымен өзенге қарай бет алғанын көреді. Зып беріп артынан бақылап қарап еді, шал өзеннен бір қап балық аулап алды. Сонда түлкі шалды алдап соққысы келіп, өтірік өлген болып жолға жата қалады. Түлкіні көрген шал:
    - Міне олжа деп осыны айт, кемпіріме апарып берейін тонына жаға етіп алсын,- деп түлкіні шанасына салып алады. Түлкіге де керегі сол еді, шанадағы балықтарды біртіндеп жерге тастай береді де, өзі де түсіп қалады.
    Түлкі шалды алдап соққанына мәз болып, балығын санауға кіріседі.
    - Түлкіде неше балық бар екен?
    Қане есептейік.
    4. Есептер шығару
    5 - есеп
    Түлкіде 25 шабақ және одан 5 - еуі артық сазан бар. Түлкіде барлығы неше балық бар?
    - Не белгілі?
    – Есептің сұрағы қандай?
    5. Сергіту минуты
    6. Логикалық есеп
    Түлкі балығын енді жей бергенде, алдынан қасқыр шыға келеді:
    - Ау, Түке, мұнша балықты қалай бір өзің жемексің? Ескі дос едік қой, маған да бөліп берсең қайтеді?
    - Жарайды, Қасеке!«Өле жегенше, бөле же деген»ғой:
    - Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған...
    Қасқыр Түлкі
    1, 3, 5, 7, 9. 2, 4, 6, 8, 10.
    - Түлкі балықты қалай бөлді, есептейік.
    - Балық тең бөлінді ме?
    7. Ойын «Балық аулау»
    - Олай болса қасқыр мен түлкіге балық аулауға көмектесейік.
    Балықтардың артында жазылған тапсырмаларды орындау.
    IV. Ой толғаныс
    - Бүгінгі сабақта не үйрендік?
    - Жазбаша қосу, азайту алгоритмі қандай екен?
    - Ертегі ұнады ма?
    - Түлкіге қандай ақыл айтар едіңдер?
    V. Үйге тапсырма беру
    №4 - мысал 145 - бет
    VI. Бағалау

 

Сабақтың түрі:    ашык сабак

 Пәні:   математика          

Сыныбы:  2  

Сабақтың тақырыбы :  Есептер шығару  

2-сынып

Пәні: Математика

Тақырыбы:  Есептер шығару.

Мақсаты:

а) Білімділігі:

1.Мемлекеттік стандарттағы білім, білік, дағдыны,  іскерлікті  қалыптастыру.

2.0- ден 100- ге дейінгі сандар,  қосу және азайтудың ауызша тәсілдері тарауындағы алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, тиянақтау. Оқушылардың есеп шығаруға деген  ынтасын, қызығушылықтарын арттыру.

ә)Дамытушылығы: Әр оқушының қабілеті мен білім деңгейін анықтай отырып, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту.

б) Тәрбиелік мәні: Өздігінен жұмыс жасауға, тазалыққа, ұжымдық жұмысқа, бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік, есептерді шығару

Көрнекілік:Анықтамалық кесте, топшама, электронды оқулық

                                     Сабақтың өтілу барысы:

 І.Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

1.Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

      Мысал: 4 (Теңдікті толықтыр) Дәптерлерінен үйге берілген тапсырманы оқыту

      100-7= 93                  93+7=100                  48+2=50               90-7=83

      100 -5=95                  95+5=100                  50-8=42                88+2=90

Есеп: 5 (қысқаша белгілеп шығару)

Болғаны -85 теңге

Қалам -30 теңге

Альбом-40теңге

Қалды ?

Шешуі: 85-(30+40)=85-70=15

Жауабы :15 теңге қалды.

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау. Қызығушылықты ояту

 «Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақты еске түсіру.

Оң жақтағы  -   60       1 сағатта неше минут бар?  (60 минут)

Ортадағы      -   50       1 ғасырда неше жыл? (100 жыл)

Сол жақтағы -  70       1 дм неше см бар? (10см)

Оң жақтағы   -  30       1 аптада неше күн бар?(7күн)

Сол жақтағы -  10       1 тәулікте неше сағат бар?(24сағат)

Ортадағы       -  40       1 жылда неше ай бар?(12ай)

ІV. Жаңа сабақ Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс

 Мысал:2  (Жазбаша тақтаға орындату)

23+7=30                 67+3=70            48см+2см=50см

56+4=60                 94+6=100          88см+2см=90см

30-7=23                  100-6=94             9дм-2см=88см

 

       Есеп: 2

1.Есептің мазмұнын оқыту.

2.Талдау  (Не белгілі, не белгісіз)

3. Қысқаша белгілеп шығарту.

а)1-вагонда-35 ж.                                              

   2-вагонда-?, 5 ж. артық      ?    Шешуі: 1) 35+5=40    2) 35+40=75

Жауабы: 2 вагонда 75 жолаушы

 



ә)1-вагонда-35 ж.

   2-вагонда-? ж.        75ж.        ? артық        Шешуі: 1) 75-35=40    2) 40-35=5

Жауабы: 2 вагонда 5 жолаушы   артық

 

Мысал:6

Өрнектерді оқу, олардың мәнін табу.

Тақтаға топшамалар ілінеді, реті бойынша өрнекті тауып, мәнін шығару.

а) 83-(45+5)=33

ә) 37+(26-6)=57

б) 50+25+5=80

в) 35+5-20=20

г) (82-13)+3=72

Ой толғау. Ауызша сұрақтарға жауап беру. №-5

А) Камила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?

Ә) Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?

VІ. Қорытынды:Шығармашылық есеп, электронды оқулықтан орындау

Тест сұрағына жауапты парақшаға белгілеу.

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: Есеп: 3,4 (115 бет) 
Каталог: uploads -> doc -> 0465
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0465 -> Спорт денсаулық кепілі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет