Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктемгі табиғат туралы түсініктерін беру



Дата22.01.2017
өлшемі27,38 Kb.
#7584
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көктемгі табиғат

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың көктемгі табиғат туралы түсініктерін беру,

  • Сөздік қорын, тіл байлығын, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландру.

  • Оқушыларды табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер, гүлдердің суреттері, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға жайғасып,

Күнде бестік аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру: Әр оқушыдан өзінің салған суреті бойынша әңгімелеу.

Жаңа сабақ:

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Ал, енді көктем туралы не білеміз, көктемнің келгенін білдіретін белгілері қандай?

Көктемдегі табиғат қалай түрленеді? (ағаштар бүршік жарады, бәйшешек гүл жарады)

Көктем айларын кім айтады?

Көктем айларында болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

Көктем туралы кім өлең, тақпақтар біледі?

Оқулықпен жұмыс:

Мәтінді оқу

Осы мәтінде не туралы жазылған?

Көктемгі ауа райының қысқы ауа райынан қандай айырмашылығы бар?

Балалар, оқулықтағы суретке назар аударайық.

Суреттен кімді көріп отырсыңдар?

Олар нені бақылап отыр?

Балалар, сендер мектепке келе жатқанда ауа райынан нені байқайсыңдар?

Құстың дауысы (Әуені орналады.)

Балалар, қандай дыбыс естіп отырсыңдар?

Көктемнің алғашқы хабаршы құсы қандай құс? -(Ұзақ)

Тағы қандай жыл құстарын білесіңдер?

Бұлбұл өте әнші құс?

Осы бұлбұл құсындай сайрайтын қандай әнші апаларымызды білесіңдер?

Қандай қыран құстарды білесіңдер?

Қыран бүркітше ерлік көрсеткен қандай батырларды білесіңдер?

Қане, балалар, енді жұмбақтар шешейік?

1.Көктемде құстар қайтқанда ,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя салып беретін,

Бұл қандай құс, балалар? (қараторғай)

2.Ағашта жабысып тұрады,

Тұмсығын аямай ұрады. (тоқылдақ)

3.Көлдің көркі сәнді екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған,

Мергендер оны атпаған

Бұл қандай құс, балалар? (аққу)

4.Бейбіт өмір нышаны,

Самғап көкке ұшады. (көгершін)

Сергіту сәті:

Қарлығаштай болайық,

Тұрып қанат қағайық.

Аяқ басып қозғалып,

Тез жаттығып алайық.

Бір- екі үш, бір-екі үш

Орнымызға қонайық.

Ал, аңдарда көктемде қандай өзгерістер болады?

Енді балалар, мына тапсырманы орындайық.

Құстардың өз дыбыстарын тауып сәйкестендіреміз.

Торғай Қаңқылдайды

Қарға Сайрайды

Бұлбұл Шырылдайды

Қаз Қарқылдайды



Қорытындылау:

«Көктемгі табиғат» тақырыбына әңгіме жазу.

Балалар, бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?



Үй тапсырма: Мәтінді оқып келу. 97-бет

Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 027a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
027a -> Мектепте тек қана бір мақсат-білім беру
027a -> Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты
027a -> Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың білімдерін дамыту. ә Пәнге қызығушылығын арттыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет