Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуына жағдай туғызу



Дата11.01.2017
өлшемі77,97 Kb.
#6646
түріСабақ
Санай Келдігүл

бастауыш сынып мұғалімі

Есіл ауданы «Московский орта мектебі»
Тақырыбы: «ҚҰМЫРА» МЫЛТЫҚБАЙ ЕРІМБЕТОВ
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуына жағдай туғызу.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы негізгі ойды түсінуге, тарихты құраушы, жазушы, зерттеуші өзі екенін ұғына отырып, автормен бірге толғану арқылы сыни ойлауға және көркем сөйлеуге дағдыландыру.

3. Өз елінің тарихын қадірлеуге, қастерлеп, бағалауға үйрету.

Көрнекілігі: көне құмыра суреттері, қыш құмыраның үлгісі. Құмыра кездесетін әңгіме, ертегі кітаптары,слайд;балаларға алдын ала дайындалған «дұрыс-бұрыс» кесте үлгісі.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақ барысы.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар –гүлім менің,

Балалар-күйім менің.

Балалар нұр сыйлайтын,

Бүгінгі күнім менің

Мынандай «шуақты күн» төс белгісін сыйламақпын (күн сыйлау).

2. Үй тапсырмасын пысықтау.

1. Меңдібай Әбілұлы туралы не білесіңдер?

2. « Құпия әуен » әңгімесіндегі күйші бабаның есімі кім ?

3. Жоңғарлар қай таудың маңында түнеді ?

4. Жоңғарларды түнде қандай дыбыс ұйқыдан оятты ?

5.Қолбасшы неге менің әскерімді қарабасты деп ашуланды?

6. Балапан баба тойда қандай күй тартты ?

7. Шолғыншы деген кім,ол қайда келді?

8. Балапан бабаның жасы нешеде ?

9. « Жауға шап » күйінің даусы неше шақырымға жетеді?

10. Күйі қай кезде тартылады және неге ?

11. «Жауға шап» күйін естіген жоңғарлар не істеді?

12.Қолбасшы әскерлеріне не деп бұйрық берді?

Қызығушылықты ояту.

Мылтықбай Ерімбетов



Мылтықбай Мамытұлы Ерімбетов 1956 жылы 16 наурызда Жетісай ауданына қарасты бұрынғы Тельман атындағы колхозда туған.

1977 жылы Қазақ Мемлекеттік унверситетінің журналистика факультетін бітірді. Оқудан соң Өзбекстанның Гагарин қаласындағы аудандық «Достық» газетінде редактор, 1982 жылы Алматыдағы «Қайнар» баспасында аға редактор, 1984 жылдан республикалық «Парасат» журналында аға редактор болып істеген. Қазір өзінің жеке баспасы бар. Оның «Бастау»,«Қосөрім»,«Балқаймақ»,«Отырартөбе», «Мырзашөл», «Аманат»,т.б кітаптары бар.М.Ерімбетов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Кейінгі толқынға үлкен қамқорлықпен қарайтын Мылтықбай өзінің баспасынан көптеген жас ақын-жазушылардың кітаптарын шығарады. Алматы қаласында тұрады.

-Балалар, біз бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ата-бабамыздан қалған көне жәдігер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, мұра болып келе жатқан құмыраның қаншама жылдар бойы сақтап келген сырларына үңілеміз.

1-ші тапсырма: құмыра сөзін естігенде, көз алдарыңа қандай түс елестейді, сол түс пен осы сөзді алдарыңдағы қағазға жазыңдар.

2. Оқушылардың жұмысы.

3. Неліктен осы түсті таңдадыңдар? Оқушылардың жауаптары.

4. Мағынаны тану.

1. Өлеңнің бірінші шумағын оқу.

-Бала тапқан олжасын неліктен мектепке апарды?

-«Арнаған сан сапарды» деген жолдарды қалай түсінесің?

Бұл қандай елді мекенде болған оқиға деп ойлайсың? Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?

2. Өлеңнің екінші шумағын оқу.

-Ғалымдардың балаға хат жазуының себебі неде деп ойлайсың?

3.Келесі шумақты, яғни хатты оқу.

-Құмырада қандай құпия бар деп ойлайсың?

-Отырар қаласының тарихынан хабарың бар ма?

Көне қала Отырар

Қазақстанның көптеген көне тарихи қалалары жетерлік.Солардың бірі Қазақстанның тарихында қалған ескі көне-Отырар қаласы.Отырарда қазақтың ғұлама ғалымы Әл-Фараби туып өскен.

Отырар - ескі көне де қаһарман қала ретінде бізге белгілі. Өйткені жаугершілік заманда моңғол ханы Шыңғыс хан Отырарда соғыс ашады.Сол уақытта Шыңғыс хан маңайындағы тайпалардың барлығын оңай жаулап алатын болған.Бірақ Отырарда 6 ай бойы соғыс ашып, жеңе алмайды. Отырар мен моңғолдар соғысып жатқанда, Отырар қаласының ішінен бір адам қастандық жасап,қақпаны ашып жібереді. Сөйтіп Отырар жеңіліс табады. Сонан соң, Шыңғыс хан Отырар қаласының ханы Қараханның тамағына қорғасын құып өлтіреді. Бұл оқиға.

Көне құмыра.

Мұражайда көнеден қалған құмыралар көп болады. Көгеріс ауылындағы Шилісай деген жердің сай маңынан 6- сынып оқушысы Сағидоқас Мейрамбек көне заманнан қалған құмыра тауып алады. Құмыра ішінен ат-әбзелдері және т.б заттардың сынықтары шықты. Орал қаласындағы мұражай қызметкерлері келіп, көне заттарды,сол заттарды тауып алған Мейрамбекті суретке түсіріп, облыстық мұражайға іліп қойды. ( Меңжанов Мержан)

- Қазба жұмыстарын көріп пе едің? Қазба жұмыстарымен кімдер айналысады? Ол ғалымдардың аттарын ата.

-Енді бұл құмыраны қайда сақтайды деп ойлайсың? Қандай музейлерді білесің?


5. Ойтолғау.

Біз бәріміз тарихшы-археологпыз. Қазір топтың алдында тұрған анықтайтын мәселе:

-құмыраның шығу тарихын яғни шыққан жерін;

-кім жасады?

-неден жасалды?

-қай қалада немесе қай елде жасалған?

-кімдерге немесе не үшін арналған?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеу жұмысын жасап, сипаттау мәтінін жазу.

Оқушылардың жұмысын тыңдау.

- Оқушылар өздері толтырған кестедегі пікірлеріне қайта оралып, тұжырымдар бойынша ойларына тексеру жүргізіп, сол арқылы қортынды жасалады.

-Қалай ойлайсыңдар, осы көне құмыраның қандай тарихи құндылығы бар?

-Сендер бұл өлеңге автор болсаң, қандай ат қояр едіңдер?

-Құмыраға байналысты тағы қандай әңгіме, өлең, ертегі т.с.с.білесіңдер? (Қысқаша айтып беру.)

«Бес жолды өлең»

1-жолы-өлең тақырыбы (көбінесе зат есім);

2-жолы-тақырып сипаты (екі сын есім);

3-жолы-әрекет (тақырыпқа қатысы бар үш етістік);

4-жолы-сезім (тақырыпқа автордың көзқарасын білдіретін төрт сөзден тұратын тіркес немесе сөйлем);

5-жолы (бірінші жолдағы сөзге мәндес сөз).

6.Сабақты бекіту.

-Бала ескі жұрттан не тауып алды?

-Құмыра қайда, кімдерге жіберілді?

-Құмыраның бағалы зат екенін қалай түсіндіресің?

-Оның қандай құпиясы болуы мүмкін?

-Құмыра табылған орын туралы не айтар едің?

-Көне заттар қайда сақталады?

7. Үйге тапсырма беру.

«Құпияға толы көне құмыра» немесе «Көненің көзі» атты қиял-ғажайып әңгіме жаз. Көне құмыраның суретін сал.



Бағалау: Мақтау, мадақтау.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет