Сабақтың мақсаттары: Білімділік; Оқушылардың электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру



бет1/4
Дата11.11.2016
өлшемі470,72 Kb.
#1537
түріСабақ
  1   2   3   4

8 сынып. Физика. "Электр тогы. Ток көздері"

Пән мұғалімі: Мәмбетова Гүлім (34 жыл). Жамбыл обл. Шу ауданы, Белбасар аулы, Ш. Уәлиханов аом.


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік;

1. Оқушылардың электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру;

2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;

а) электр тізбегінің элементтерін (ток көздері) салуды үйрету;



Дамытушылық;

  1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.

  2. Сапалы ойлауды дамыту: дәлелдік, мақсаттық, қабылдау, бағалай білуге бейімділік, сыни ойлау.

Тәрбиелік:

Тұрақты ток өндіру мен пайдалану проблемаларымен таныстыру.



Көрнекіліктер:

Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар



Тәжрибелер:

  1. Денелердің зарядтталып, ток көзіне айналатынын эбонит таяқшасы және элоктроскоп арқылы көрсету.

  2. Әр түрлі ток көздері, галвонометр, жалғағыш сымдар, 1,5 в эл.ламапсы.

  3. Метал шәугім, тұзды су, галвонометр, алюминий стаканмен жасалатын тәжрибе

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, баяндау.

Құрал-жабдық:

1. Демонстрациялық:

а) электрофорн машина, гальваникалық элемент, аккумулятор, термобатарея, күн батареясы.



2. Лабораторялық:

а) ток көзі;


б) мыс, мырыш, көмір электродтар;
в) тұз ертіндісі;
г) вольтметр;
д) кілт;
е) жалғағыш сымдар.


Сабақ жоспары.

1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.

2. Сабақтың мақсатын қою.

3. Оқылатын материалмен жұмыс:

а) ток көздерінің жұмысын бақылау;
б) фронталді тәжрибе жасау.

5. Жаңа материалды тереңдету:

а) әртүрлі ток көздерінінің ерекшеліктері туралы қорытындылар жасау;
б) ток көзіндегі энергияның түрленісін қарастыру

6. Үйге тапсырма.

7. Қорытынды.



Сабақтың барысы

Бөлімі

Мұғалімнің әректі

Оқушының әрекеті

Білім

І. Ұйымдастыру

Бағалау жүйесімен таныстырады. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жаз. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады.

Денгейі

баға

ұпай

жоғары

«5»

21-42

жеткілікті

«4»

10- 20

ауытку

«3»

2 - 9

төмен

«2»

0-1







1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.

Жалпы сұрақтар.



  • Зарядталған бөлшектерді қозғалысқа келтіретін не?

  • Электр өрісін қалай шығаруға болады?

  • Денелерді қалай электрлеуге болады?

Үй тапсырмасын қарап шығу.

Дұрыс жауап бергендер өздеріне 2 ұпай қояды

  • Электр өрісі.

  • Денелелерді электрлеу арқылы.

  • Үйкеліс жасау арқылы.







2. Сабақтың мақсатын қою (3 мин.)

- Қалта шамы ненің көмегімен жанады?

- Үйдеге электр шамы тоқты қайдан алады?

- Олай болса балалар электр тогы үздіксіз келіп тұру үшін оны шығарып тұратын көздер болады екен. Оны қалай деп атауға болады?

- Көшедегі электр жарығы кенет өшіп қалса, ол нені білдіреді?

- Ток деген не?


- Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Электр тогы. Ток көздері

- Электр батареяның көмегімен жанады.

- Электр станциясынан.

- Ток көздері.

- Бағандағы сымдарда ток жоқ екенін білдіреді.

- ?!


Түсіну

1. Электр тогы. Бұған дейін тыныштықтағы электр зарядымен таныстық. Іс жүзінде, яғни адам өмірінде реттелген қозғалыстағы эл. зарядтарының маңызы зор.

Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын электр тогы дейміз.

З



арядталған денемен зарядталмаған денені қосатын өткізгіште электр тогы пайда болады. Ток зарядталған денеден зарядталмаған денеге қарай жүреді. Себебі зарядталмаған дененің потенциалы әрқашан төмен болады да, олардың арасында бағытталған электр өрісі бар болады. Осы бағытпен ток жүреді.

- сонымен, өткізгіште электр тогы жүру үшін басты шарт не деп ойлайсыңдар?

- Өткізгіште еркін заряд болмаса ток жүре ме?

- Электр өрісі қайда пайда болады?

қорытынды:

электр тогы жүріп тұру үшін:



  • өткізгіште еркін зарядтар болу керек;

  • еркін зарядты қозғалтатын электр өрісі болу керек;

  • электр өрісін үздіксіз шығарып тұратын ток көзі керек.

Дұрыс жауап бергендер өздеріне 2 ұпай қояды

Оқушылар өз ойларын айтады.

- электр өрісі,

- жүрмейді,

- зарядталған денелерде


2. Электр тогының әрекеттері.

Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады:



  • Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (эл.шам, үтік, эл.плитка...) кеңінен қолданыста екенін жақсы білеміз.

  • Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ертіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ертінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стаканды көрсету)

  • Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. Токтың бұл қасиеті электрмагниттік крандарда қолданылады.

  • Токтың физиологиялық қасиеттері. Бұл қасиеттің бір атап өтерлігі, осы қасиеттің арқасында физикадағы ұлы жаңалық, электр тогы ашылған. Жануарлар денесінен ток өтсе онда бұлшық еттер жиырылады. Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.

- Ток көздеріне нені жатқызуға болады?

Сонымен қатар ток көздеріне мыналар жатады:

♦ Гальвани элементтерінде (эл.батареясы) – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Бұл элементте қандай энегрия эл.энергиясына түрленеді?

♦ электрофор машинасында оның дискілері металл шеткамен үйкеліп зарядтар оң және теріс полюске жиналады да ток көзі пайда болады, яғни электр энергиясы өндіріледі. Қандай энегрия эл.энергиясына түрленеді?

♦ генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің мехнаикалық энегрялары қолданылады.

♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядттар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болалады. Қандай энегрия эл.энергиясына түрленеді деп ойлайсыңдар?


Оқушылар өз ойларын айтады.

- эл.батареялар..
- ішкі энергия эл.энегр. түрленеді.
- механикалық энергия эл.энегр. түрленеді.

- жарық/жылу энергия эл.энегр. түрленеді.



3. Галвани элементінің ашылуы.

Италяндық анатом Луиджи Галвани 1786 жылы лабораториясында жануарлардың нерів жүйесін зерттеп жатты. Жаңа сойлыған бақаның аяқтарын мыс сымға байлап, жиегі темір балконға іліп қояды. Жел шайқап темір жиекке тигенде бақа аяғы жиырылатынын байқайды. Ол кезде ток жүргенде бақаның аяғы жиырылатыны белгілі еді. Әртүрлі металдармен тәжрибе жасай отырып олардың әсері де әртүрлі екенін көреді.

Физиолог болғандықтан Галвани бұл құбылысты дұрыс түсіндіре алмады, бірақ «Бұлшық еттердің қозғалысы кезіндегі электр күші туралы трактакттар» атты тәжрибесі туралы жазды. Ол еңбекті оқыған Алектсандро Вольта мынандай қорытынды жасайды. Галвани айтқандай бақаның денесінде «тірі» электр жоқ, оның бұлшық етінің жиырылуы екі өткізгішті жалғағанда пайда болған электр тогының бақа денесінен өтуінен болған деп дәлелдеді. Мұнда бақаның аяғы біздегі элоктрометрдің ролін атқарған. Осы тәжрибелерді жалғастыра отырып Вольта 1800 жылы күкірт қышықылына мырыш және күміс пластиналарды батырып, арасын қағазбен бөліп тұңғыш ток көзін жасады. Қазіргі кезде Галвани элементтері жетілдірілген. Мысалы оны қалта шамдарында үнемі қолданамыз.

4. Ток көзін жасау.

Соынмен ток көзін жасау үшін зарядттарды бөлу керек. Аттас зарядттар кулондық күш арқылы тебілетінін білеміз. Олай болса оң зарядтты оң полюске, теріс зарядтты теріс полюске қалай жинаймыз?



Ток көздерінде кулондық күштерге қарсы жұмыс істейтін бөгде күштер қолданылады. Галвани элементінде бөгде күштің ролін химиялық реакци күштері атқарады.

Бөгде күш жұмының зарядқа қатынасын электр қозғаушы күш (ЭҚК) деп атаймыз.

Халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі Вольт. .

ЭҚК ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Ток көздерінің полюстері «-»және «+» деп белгіленеді.


Оқушылар өз ойларын айтуы мүмкін.




Қолдану

Қызықты тәжрибе

Каталог: 2009
2009 -> 19-наурызында 3-10 класс оқушылары арасында Халықаралық математикалық «Кенгуру-математика», 2009 жылғы 20-наурызда балалардың шет тілдеріне қызығушылығын арттыру бағытымен ағылшын, француз, неміс және испан тілдерінен «Кенгуру-лингвист»
2009 -> Сабақ тақырыбы: Архимед заңы. Мақсаты: а білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының
2009 -> Хх ғасырдың 20-жылдарында бүтін бір қазақ ұрпағының рухани, әдеби шамшырағы Абай еді
2009 -> Мектептің аты-жөні: Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі Қаратөбе ауданы БҚО
2009 -> Педагогикалық институтының
2009 -> Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық №46 А. С. Пушкин атындағы
2009 -> Физикадан 8-сыныпқа арналған тест жұмыстары Жылу құбылыстары. Тест а-1 1
2009 -> Сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып,өз-өзіне баға беруге,өз жетістіктерін сезініп,әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға ұйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет