Сабақтың мазмұны V «Кәсіби бағытталған шетел тілі»



бет1/72
Дата14.01.2022
өлшемі62,62 Kb.
#129336
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ssozh
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы


Мазмұны

I.Алғы сөз

II. «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәнінен студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру

III.Сабақтың мазмұны

V«Кәсіби бағытталған шетел тілі»пәні бойынша өтілген материалдарды қортындылауға арналған сұрақтар

VI.Ұсынылған әдебиеттер


АЛҒЫ СӨЗ
Білім беру жүйесіндегі бакалавр бағдарламасы сапалы жоғары білім берудегі және білікті мамандар даярлап оқытудың түрлі деңгейіндегі алғашқы баспалдақ болып саналады. Оқу үрдісін кредиттік жүйе бойынша жүргізу дүниежүзілік білім беру жүйесіне енуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің еңбек нарқы сұранысына сай маман кадрларды дайындауда кредиттік жүйе бойынша білім беру – заман талабы. Бұл жүйе – білім алушыны өз бетінше білім алу бейімділігін дамытып, шығармашылық негізде білім алуды өз мүмкіндігіне қарай икемдеп оқытатын технология.

Кредиттік технология шарты бойынша оқытудың оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің көлемі 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланып жатқандықтан, оқу бағдарламасына сәйкес әрбір тақырыптық блоктағы пәннің оқу материалдарын, студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ) берілген тапсырма бойынша оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс және (СОӨЖ) белгіленген кесте бойынша аудиторияда оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысы арқылы сабақ түрлерін жаңаша ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі оқытушы білім алушының тану-ойлау қызметін ұйымдастырушы, білім алушы өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы, оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық не 70 пайыздан кем болмауы керек, өйткені әрқайсысының білім деңгейі, қабілеті бірдей емес.

Өзіндік жұмыс оқу жұмыс жоспарының әрбір пәні бойынша ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда заманауи білім алушының білімді өз бетінше толықтыруы мен жаңартуы, мамандығына қажетті материалдар бойынша ана тілінде және шетел тілінде өзіндік ізденіс жүргізуі, шығармашыл тұлға болып қалыптасу жолында өзіндік қабілеттеріне деген талап қоюы - өзекті мәселе болып табылады.

Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалып шығарылды. Бұған келесідей бөлімдер енгізілген (силлабуста жоспарланған апта бойынша өткізілетін жұмыстар):

1.Тақырып бойынша тапсырмалар

2.Бақылау сұрақтары.

3.Есептер.

4. Тесттер

5.Әдебиеттер тізімі.

Автор әдістемелік нұсқаны жақсарту және жаңарту бойынша өз пікірлерін білдірген қолданушыларға өз алғысын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет